13 жас -мүшел жас
Сабақтың тақырыбы: 13 жас -мүшел жас
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген.
Алуа
Қазақ деген халықтың баласымен
Алда талай алынар бар асуым.
Арман қолы - жүрегім - бақыт жолы
Мүмкін емес сол жолда адасуым.
Қазақ деген халықтың баласымын.
Батыр
«Бала болсаң, болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол!»
Ата - бабаларымыздан қалған асыл мұралар өте көп. Солардың қатарында ұлттық мерекелер мен тойлар да бар. Осы тойлардың ішінде ерекше аталатын той - туған күн. Ата - бабаларымыз біз сияқты туған күнді жылма -жыл тойлай бермей, тек мүшел тойларын атап өткен.
Мүшел, мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі.
Алуа
Мүшел жас - адам жасын есептеу үлгісі, яғни қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдіреді.
Батыр
Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп - қатер жуық болады, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп саналады. 12 жыл уақыт мүшел деп саналады.
Данияр
Мүшел жастың адам жасына сай аты болады.
Слайд .№ 2
2 - 0: 1 - мүшел 13 жас - сәбилік шақ
3 - 0: 2 - 25 ер жету
4-0: 3-37 жігіттік
5 - 0: 4-49 орта жас
6 - 0: 5 - 61 ақсақал
7 -0: 6 -73 қарттық
8-0: 7 - 85 кәрілік
9- 0: 8 - 97 қалжырау
Айнагуль
Мүшелдің таралу шеңбері өте үлкен. Болгариядан Жапонияға дейін Оңтүстік - Шығыс Азия, Кавказ, Монғалия, Вьетнам, Иран, Бурят - бәрі де мүшел есебін пайдаланыпты.
Нүрым
Мүшелдің шығу тарихы туралы топшылаулар бар. Алғаш мүшел қайтару египетте шыққан десе, біреулері түркі халықтарының еңбегі екені дәлелдецді.
Гvлнур
Кейбір деректерде мүшел сөзі қатер деген сөзді білдірген, мүшел жылы сол адамға қатерлі жыл болады деп есептеген.
Алия
Ал жыл қайыруда ата-бабаларымыз әрбір жылға мынадай анықтама берген.
(окушылар шығып айтады)
1. Тышқан жылы-тыңғылықтың жыл басы Данияр
2. Сиыр жылы-саналықтың жалғасы Айнагүл
З. Барыс жылы-береке-ырыс тасқыны Батыр
4. Қоян жылы-қажы р-қайрат қарқыны Амангелді
5. Үлу жылы-үйымшылдық үлгісі Айнұр
6. Жылан жылы-жаңашылдық белгісі Гүлнур
7. Жылқы жылы-жақсылықтың жеңісі Айнүр
8. Қой жылы- қуат, қарымды еңбек жемісі Нұр ым
9. Мешін жылы-молшылықтың мәресі Алия
10. Тауық жылы-тоқшылықтың төресі Алтынбек
11.Ит жылы-игерілген жұмыс'тар Алуа
12 .Доңыз жылы-дәулет, сәулет, құрылыстар Гүлнур

«Куанышым қазынам» өлеңі

ЖАРШЫЛАР ОРТАҒА ШЫҒАДЫ.
Айнұр:
Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар!
Алатау мен қаратаудың,
Атырау мен алтайдың,
Арасын алып жатқан барша аймақ!
Бүгін «ақ түйенің қарны жарылған күн!»
Бүгін бақыт күні!
Гүлнүр:
Ассалаумағалейкүм, халқым менің,
Ақтарған кең даламның алтын кенін.
Мереке басы болсын берекенің,
Ардақта мүшел тойы-салтыңды, елім.
Айнұр:
Ал, халайық, түрмайық,
Әндетейік, жырлайық.
Ортамызды: ашайық,
Думандатып би-билеп,
Інжу-маржан шашайық.
Екеуі бірге:
Құтты болсын туған күн,
Құтты болсын мүшел той!
Гүлнүр:
Той деп бүгін көңіл шіркін тocaды
Әнменен күй көңіл сырын ашады.
Той-деп келген ағайынға мың рахмет,
Сыңғырлатып күмістен той шашуын шашады.
Екеуі бірге: -Шашу! Шашу! Шашу!
(Шашу шашылады)
Данияр: Қазақ халқының қонақжайлық қасиетін көрсететін қарсы алу дәстүрі бойынша ең алдымен сары бауырсақ пен қымыз ұсынған.
Алтынбек:
Құрметіне, кәне, достар,
Шаттық күйі шалқысын.
Аққу дидар сұлу қыздар
Би билесін, шалқысын.
Күй тарту
Батыр:
Құрметті қонақтар! Мүшел тойдың өзіне тән рәсімдері бар. Ең негізгі рәсімнің бірі ұл балаға қамшы ұстатып, қыз балаға шолпы тағу.
Ақсақал: Нұрым
Ал, балам! Болар бала он үшінде баспын дейді, болмас жігіт жиырма бесте жаспын дейді халық даналығы. Бүгін 13 жасқа толып ат жалын жартып отау иесі болатын жасқа келдің. Алғашқы мүшелігің құтты болсын. Мынау қамшы. Бұл ел билігіне орналасатын уақыттың келгенінің белгісі. Қамшы би-шешендерден қалған. Қамшы керегеде ілініп тұрса, отауыңды жын-шайтан мазаламайды. Ал балам, қамшыңа берік бол!
Әже: Айнагүл
-Қызым, мына шашбауды саған арнап зергелерге күмістен соқтырып, дайындатып едік. Қыз бала 13-ке толғанда бұрымына шашбау байлаған. Шашбауы бар қыз балалық, еркелікпен қоштасып, ойы мен бойын түзеп кербез жүруіне жол ашады. Шашбау сенің әрбір жүрісіңді бақылап отырады. Шолпының тұнық сыңғыры нәзіктігщмен үйлесіп тұрады, қарғам. Қызға 40 үйден тыюдың бірі осы.Алғашқы мүшелің құтты болсын!
Ән айтады.
Батыр : Қазақта «алтын емес, салтым қымбат»-деген сөз бар.кез келген той-томалақ, ойын-сауықсыз өтпеген.
Алуа : Ал, қазір сол ұлттық ойындардың бірі асық ойынын ойнайық.
Айнур, Батыр, Алуа куй тартады.
Ұлттық ойын-асық ойыны
Батыр:
Қазақтар жыл қайыруды адамдың жасын есептеуге, не ауа райын болжауға пайдаланса,соңғы кезде адамдардың туған жылы мен айына байланысты мінез-қасиеттердің қaлыптасатыны айтылып жүр.
Алуа
Бірмүшел жылында туған адамдардың өскен ортасына, отбасына, тәрбиесіне байланысты тағдыры мен мінез-болмысында айырмашылықтар -'о болатыны сөзсіз.бірақ, соған қарамай, олардың бойынан айқын белгілері бойынша өзара ұқсастықтары да табылатыны дәлелденіп отыр.
Батыр:
Біздің көпшілігіміз ит немесе сиыр жылы болғандықтан, астрологтар осы жылғы туған адамдар туралы не айтар екен. Тыңдап көрелік.
Астрологтар болжамы.
Алуа: «Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе»,
Дегендей, ұлы адамдар өмірінде 13 жастың ерекшелігіне көз жүгіртейік. Батыр
-ес білге бастағаннан патша үкіметінің бейбіт жатқан қазақ ауылдарына аяусыз жәбір көрсетіп, отаршының әрекеттерін көзімен көрш өскен ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонды.
Алия:
-13 жасында ұлы абай атамыз ақындығымен елге таныла бастайды.
Амангелді:
- Ж. Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазған.
Данияр:
Қазақтың тұңғыш ғарышкері т. Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап, алдына мақсат етіп қонған.
Исатайдың 14 жастағы жақия атты баласы жәңгір ханның әскерін талқандауға қатысты. Гульжан :
«Көп тілегі көл» дегендей, құрметті қонақтар өз тілек, ниеттеріңізді «тілек кітабы» беттеріне түсіріп, естелік қалдыруларыңызды сұраймыз.
Музыка(тілек кітабы тапсырылады.)
Батыр
Құтты болсын нұрлы таңда
Туған күнің, бауырым.
Сен туғанда той-думанға
Бөленіпті ауылың.
Алуа
Жаңа өмірде өстік бірге,
Сенің тойың-менікі.
Құшақ жая келдік, міне,
Ақ ниетім-сенікі.
Батыр
«Жақсы дәстүр сақтар елдің елдігш» дегендей келесі рәсім кәде тарату, яғни мүшелден аман өткен адам құрбысына немесе қонақтардың
Біреуіне өзінін, атынан сыйлық ұсынады. Осы қалтаны ата-аналар атынан қабыл алыныздар
Алуа
Өмір,өмір, бейбіт өмір,
Көп қой сенің сыйлығың.
Анамыздай жомарт көңіл,
Бетімізден сүй бүгін.
Амангелді
Жыр қосайық, сырласайық, жылдың жайсаң айында бір жасайық, мың жасайық жақсы достық тойында.
Нүрым Ағаш
Батыр
Мүшел тойда орындалатын рәсімдердің бірі-ақтық байлау.
Мүшелге аман-есен жеттім, енді аман-есен өтейін деген ниетпен өзіне, атаанасына, білім ордасына тілек тілеп ленталар байланады.¬
(әр оқушы бір ауыз тілек айтып, ленталар байлайды)
Данияр
Сарыарқаның самалындай есеміз, тайсалмаймыз, талай сынды кешеміз. Бізді өсіріп, еркелеткен туған ел, мақтан етер перзентің боп өсеміз!
Әже: Айнагүл
Ақсақал, балалардың мушеліне құтты болсын айтып, ақ жол төсейік.
Ақсақал: Нүрым
Дұрыс. Ақ ниетпен, ақ жүректен, күмістей жарқырап, адал болсын деп, ақ жол тілейік.
Музыка
Ақ жол төселеді. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Мүшел жас - мерейлі жас

Мүшел жас - мерейлі жас

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мүшел жас - мерейлі жас. Мақсаты: Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру. Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай...
Ашық сабақ жоспары: Жолаушы жігіт.

Ашық сабақ жоспары: Жолаушы жігіт.

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Жолаушы жігіт. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Білімділік: Адамзат тарихында жұлдыздай жарқырап із қалдырған, Шығыстың «Екінші Аристотелі»...
Қош келдің, Әз-Наурыз!

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамуратова Бибигул Ивановна Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы...
Ұлыстың Ұлы күні

Ұлыстың Ұлы күні

Ұлыстың Ұлы күні Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні» Мақсаты: Оқушыларды ұлттық ойындар ойнату арқылы, өз салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, білімдерін...
Наурыз – берекем, наурыз - мерекем !!!

Наурыз – берекем, наурыз - мерекем !!!

Наурыз – берекем, наурыз - мерекем !!! Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу,...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру