Темиржанова Альмира Кенескановна
№154 бөбекжай – балабақшасының
қазақ тілі мұғалімі.
Білім беру саласы: « Коммуникация »
Білім бөлімі: Қазақ тілі
Мақсаты: Балаларды азық – түлік атауларымен таныстыру. Ақыл, ой белсенділігін арттырып, тіл байлығын дамыту, сөйлемдер құрап айтуға үйрету. Тағамдардың денсаулыққа пайдасын түсіну, асты қадірлеуге, тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Амандастым айменен
Амандастымкүнменен
Тәубе еттім жерге де,
Саулық берсін елге де
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
- Сенің атың кім?
- Сен неше жастасың?
- Біз қай қалада тұрамыз? ( сұрақтарға жауап береді )
- Бас қала қай қала?
- Сенің досың кім?
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын атаңдаршы?
- Қазір қай ай? ( жыл мезгілін анықтайды )
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сендер күнде қайда келесіңдер
Таныстыру.
- Бүгін біз азық – түлік түрлерін есімізге түсіреміз.
-Азық – түліктерді біз дүкеннен аламыз.
- Азық-түліктер тағамдар және сусындар болып бөлінеді.
- Тағамдардың құрамында әр түрлі пайдалы заттар, әсіресе дәрумендер болуы қажет.
-В составе продуктов должны быть полезные вещества, особенно витамины.
- Дұрыс тамақтанған баланың дені сау, күшті және сымбатты болып өседі.
- Правильно питавшися ребенок вырастет здоровым, сильным и красивым.
(балалар интерактивті тақтадан азық-түліктер түрін көріп, тыңдайды)
Диск қосып сөздік жұмысын жүргізу.
Шұжық – колбаса, балмұздақ – мороженое, айран-кефир....
(Балалар айтылған тағамдарды қазақша қайталайды.)
Сергіту сәті.
Оңға, оңға түзу тұр
Солға, солға түзу тұр
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық
« Өз орнына орналастыр » -д/о
- Енді мына жерде бірнеше азық-түліктер түрлері бар. Олардың ішінен тағамдарды бір ретке, сусындарды бір ретке орналастыруымыз керек.
- Дұрыс па?
(Екі баладан тақтаға шығып тағамдарды бір бала, сусындарды бір бала іліп шығады.)
- Мынау нан
-Нан тағам
- Мынау шырын, шырын сусын.
- Осы сусындар мен тағамдардың ішінен ерекше нені жақсы көретіндеріңді айтып беріңдерші.
- Сен не жақсы көресің?
- Неге?
Рамазан:- Мен ет жақсы көремін.Ет белогқа бай, ет жеген адам күшті болып өседі.
Ариана:- Мен алма жақсы көремін. Алма «С» дәруменіне бай.
Андрей:-Мен сүт жақсы көремін.Сүттің құрамында кальций бар.
Назерке:-Мен шырын жақсы көремін. Шырын өте дәмді және пайдалы сусын.
Элина:-Мен нан жақсы көремін.
Есіңде болсын балам
Нан қастерлі тағам
Қоқымын оның шашпа
Жерге түссе баспа
Дейді атам маған
- Балалар, адамдармен қоса жануарлардың да сүйіп жейтын қоректері болады.
- Мына жердегі жануарлардың не жейтінін тауып беруге көмектесесіңдер ме?
- Мынау ешкі, үй жануары. Ешкі қырыққабат, сәбіз жейді,су ішеді.
- Мынау қоян жабайы жануар. Қоян сәбіз жейді, су ішеді.
-Аю жабайы жануар, ол бал, құлпынай, шие жейді, су ішеді.
- Ит үй жануары, ол ет, балық жейді, су ішеді.
- Кірпі жабайы жануар.Кірпі алма, алмұрт, саңырауқұлақ жейді,су ішеді.
- Маймыл банан жейді, су ішеді.
Қорытынды:
- Балалар бүгін сендер көптеген азық – түлік түрлерімен таныстыңдар, оларды ажырата, топтастыра білдіңдер. Сендерге рахмет!
Қонақтармен қоштасу
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық



