«Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгір қосалқы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Өрт қауіпсіздігін оқытудың мақсат, міндеттері
Тәрбиеші: Н.Сейлбекова
Сабақтың тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігін оқытудың мақсат, міндеттері»
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға өрт қауіпсіздігінің мақсат, міндеттері туралы әңгімелеу
Дамытушылық мақсаты: Өрт қауіпсіздігі туралы түсініктерін дамыту
Түзету мақсаты: Сабақ барысында дыбыстарын қадағалау
Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару
ІІ Жаңа сабақ
Өрт қауіпсіздігін оқытудың мақсат, міндеттері
Өрт сөндіру екі сатыдан тұрады.
1. Жануды оқшаулау
2. Жануды жою
Жануды оқшаулауға:
1) Күштер мен құралдардың қажетті мөлшерін әрекетке дер кезінде шоғырландыру және енгізу
2) Оқпаншылардың позицияларға тез шығуы және олардың епті әрекеті
3) Өртке қарсы ажыратуды құру
4) Өрт сөндіргіш заттарды үздіксіз беру арқылы қол жеткізіледі
2. Өртте жануды жоюға.
1) Жануды оқшаулау кезеңінде енгізілген күштер мен құралдардың отқа шешуші шабуылы
2) Оқпанмен епті маневр жасау
3) Өрт көлемінің оны жою шамасына қарай ену
4) Өрт сөндіргіш заттарды жануды оқшаулауға берген мөлшерде үздіксіз беру арқылы қол жеткізіледі.
Өрт қауіпсіздігінің ережелерін білген өзімізге жақсы. Өрт ойламаған жерден шығады . Өрт шықпау үшін ережелерді жақсы меңгеру керек.
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік өрттен сақтандыру ұйымы»
Сабақтың білімділік мақсаты: Мемлекеттік өрттен сақтандыру ұйымы туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Ой- өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру
Түзету мақсаты: Сабақ барысында дыбыстарын қадағалау
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке баулу.
Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару
ІІ Жаңа сабақ
Мемлекеттік өрттен сақтандыру ұйымы барлық мекемелерді, жекеменшік орындарын, үйлерді өрттен сақтайды. Ол жерде арнайы өрт сөндіретін құралдары, көліктері шақырған кезде келетін, яғни өрт болған жағдайда көмек көрсететін ұйым.
Бұл жердегі адамдар үлкен қызметтер атқарады. Әрқайсысының өз жұмыстары бар. Мысалы: Бір жерде өрт шыққаны туралы осы ұйымдарға сымтетік арқылы хабарлассаң келіп өз көмектерін көрсетеді.
Бірақ осындай жағдайларды болдырмау үшін өзіміз сақ болғанымыз жөн.
1. Күкіртпен ойнамау керек.
2. Ток көзіне бір зат тықпау
3. Темекі шекпеу
4. Өз-өзіңіе сақ болу
5. Ашық тұрған патронға ағаш тықпау
6. Тез жанғыш заттардан (жанармай, керосин, саляркадан) аулақ болу керек.
Өзің үнемі дұрыс жолмен жүрсең қатерлі нәрсеге кезікпейсің.
ІІІ. Сабақты қорытындылау
Сабақтың тақырыбы: «Өрт неден шығады»
Сабақтың білімділік мақсаты: Өрт неден шығатындығы туралыайту.
Дамытушылық мақсаты: Өрт туралы білімдерін арттыру
Түзету мақсаты: Сабақ барысында дыбыстарын қадағалау
Тәрбиелік мақсаты: Өрт қауіпсіздігін сақтауға баулу.
Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару
ІІ Жаңа сабақ
1. Өрт неден шығады?
2. Өртті болдырмау үшін не істеу керек?
Өрт көбінесе ойыннан шығады. Мысалы: күкіртпен ойнап отырған бала қағазды жағып жібереді, оған қызықтап қарайды. Өрттің жаман екенін түсінбейді.
1. Өрттен түрлі жарақаттар алады.
2. Адам күйіп қалады
3. Үйдегі мүліктердің барлығы жанып кетеді.
Сондықтан күкіртпен ойнама, құрғақ ағаштың жанына темекі тастама.
Үйде шөптің қасында күкірт жақпа, үлкен өрт шығып кетеді. Шөп тез ұштанады. Жанғыш заттар бензин, керосин, соляркадан аулақ бол. 200 V-тың ток күші адамды өлтіріп жібереді,сондықтан көшеде келе жатқан кезде салбырап тұрған сымның қасына жақындама.
ІІІ. Сабақты қорытындылау
.
Сабақтың тақырыбы: «Мектепте өрттен қорғану және оны қолдану»
Сабақтың білімділік мақсаты: Мектепте өрттен қорғану және оны қолдану туралы айту.
Дамытушылық мақсаты: Өрт туралы білімдерін арттыру
Түзету мақсаты: Сабақ барысында дыбыстарын қадағалау
Тәрбиелік мақсаты: Өрт қауіпсіздігін сақтауға баулу.
Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару
ІІ Жаңа сабақ
Мектепте өрттен қорғану үшін жанғыш заттарды қолданбау.
Өртті алдын-ала болдырмау амалын қарастыру қажет.
Мектепте, сыныпта ашық тұрған ток көздеріне шеге, сым, темірден жасалған заттарды сұқпау. Теледидарды токқа сұғып қалдырмау, өзіңе-өзің сақ болсаң ешқандай оқыс жағдай болмайды.
ІІІ. Сабақты қорытындылау
Бағыты: Азаматтық құқықтық тәрбие.
Тақырыбы: «ҚР мемлекеттік рәміздері»
Мақсаты: Балалардың бойындағы азаматтық-патриоттық сезімін ояту, туған жерін,елін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.Сөздік қорын дамыту, еркін сөйлеуге, әңгімелеуге үйрету.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: Елтаңба суреттері, альбомдар.
Барысы : Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
Біз елімізді жақсы көреміз бе?
Осы өзіміздің елімізге, жерімізге қандай тілектер білдірер едіңдер?
- Елімізде тыныштық болсын!
- Еліміз бай болсын!
- Соғыс апаты болмасын!
- Бейбітшілік болсын!
- Бас қаламыз қай қала?
- Республикамыздың қандай рәміздері бар?
- Қазақстан жалауының авторы кім?
- Елтаңбамыздың авторы кім?
Балалар, әнұран бізді Отансүйгіштік сезімге бөлейді. Өйткені еліміз, жеріміз туралы сезімдер осы әнұранда жырлаған. Елтаңба мен Туды көзбен көріп, қолымен ұстауға болатын болса , ал Әнұранын естисін.
Әнұранымыз мемлекет басшылары бір- бірімен кездескенде, үлкен жиналыстардың ашылуын да және мектебімізде айтылады.
Қазақстан Республикасының жалауының түсі көк, ашық тартымды, табиғатқа жақын, көніліне сенім ұялататын кемпірқосақтағы жарқыраған жеті түстің бірі, аспан мен судың түсі
Көк түс шындықты, тазалықты, адалдықты белгілейді. Жалаудағы күн – Әмір күші . Күннің жылжуымен уақыт, апталар мен айлар өлшенеді. Қыран құс бүркіт- еркіндіктің , тәуелсіздіктің белгісі, алға қойған мақсатқа , шырқар биікке , болашаққа самғайды.
Жалауға деген құрмет- әрбір мемлекеттің маңдайында. Ал, мемлекетіміздің Елтаңбасы- дөңгелекке ұқсас. Елтаңбаның ортасында шаңырақ , бұл әрбір отбасының бірлігі, тыныштығы тәріздес, киіз үйге жарық сәулені шашыратып тұрғандай . Көкпеңбек көгілдір таза аспан жарқырап тұр. Бей бітшілік шаңырағын көтерген уықтар, төгілген күн сәулесі, киелі қос тұлпар, адам баласының досы. Алтын қанаттар елдің болашағын қорғаған , достықты ұстап тұр
Ал , бес жұлдыз- барлық жер шарына құшағымыздың ашықтығын білдіреді. «Қазақстан »деген жазу «Қош келдіңіз, бізге» дегенді айтып тұрғандай.
Қорытынды: Қазақстан Республикасының рәміздерін әрдайым құрметтеп қастерлейік , бағалай біліп құндылығын жоғалтпайық,балалар.
.
- zhadyra
- 30 января 2015
- 8218
- 0


