Өзіңді бағалау- өмірді бағалау (Тәрбие сағаты)
Өзіңді бағалау- өмірді бағалау (Тәрбие сағаты)
Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы,
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатынМұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі


Өзіңді бағалау-
-өмірді бағалау
Дайындаған: Кожагелдинова Марзия Мусекеновна



Талдықорған қаласы


Тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы:Өзіңді бағалау-өмірді бағалау.1

Мақсаты: 1.Өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі айқындау жөніндегі түсініктерін кеңейту.
2.Мақсатқа жету, ерік жігер, табандылық, өзін-өзгертуге деген қажеттілігін қасиеттеріне жағымды баға беруді қалыптастыру
3.Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдірумен мінез- құлығына талдау жасау арқылы адекватты (қалыпты) өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға ықпал ету.2

Эпиграф. «Өзіңді тануды, өзіңді зерттеуден баста,»-деп Марк Аврелий
айтқандай.3
Жер бетіндегі ең жұмбақ жан-ол Адам! Бүгін мен сендерді әрқайсымызды толғандыратын: «Өзіңді өзің түсінуге қалай үйренуге болады?» деген сұрақты талдауға шақырамын.
Бұл сұраққа жауап алу үшін, біздің өзіндік бағалауымыз дұрыс болу керек.
Ал өзіндік бағалау деп-өзін басқалармен салыстыру барысында қалыптасқан өзі туралы пікірі, яғни адамның өзіне және өзінің ішкі әлеміне деген қызығушылық.
Адам өзінің «Мен-тұжырымдамасы» деген қарым-қатынасы мүмкіндіктері мен қабілеттері әр жаста әртүрлі байқалады. Өмірінің әр қадамы жаңа мазмұнмен толығады.
Өзінің әрекетіндегі сапалық қасиеттері мүмкіншіліктеріне, қабілеттері және ерекшеліктеріне байланысты адамның өзін-өзі қойған бағасы-өзіндік бағалау деп аталады.
Өзіндік бағалау екі фактор әсерінде қалыптасады: адамның өзі жайлы қалыптасқан білімі және сол білімді қалай қабылдап бағалауы.
Өзіндік бағалау жалған немесе ақиқат, жоғары немесе төмен, тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін.
Өзіндік бағалау деңгейін анықтау.
Төменде берілген сұрақтарды келесі шкаламен бағалау:
өте жиі-4 ұпай; жиі-3 ұпай; кейде-2 ұпай; сирек-1 ұпай; ешқашан-0 ұпай
1.Мен жиі себепсіз қобалжимын
2.Достарымның қолдауын қажетсінемін
3.Ыңғайсыз жағдайда қалудан қорқамын
4.Мені болашағым толғандырады
5.Басқа адамдардың сырт келбеті менікіне қарағанда жақсырақ
6.Көп адамдардың мені түсінбейтіні өкінішті
7.Мен басқа адамдармен дұрыс сөйлесе алмайтынымды сеземін.
8.Адамдар менен көп нәрсе күтеді
9.Көпшілік ортасында мен өзімді еркін сезіне алмаймын
10.Сәтсіздікке ұшырайтынымды мен жиі ойлаймын
11.Басқа адамдардың маған деген көзқарасы мені көп ойландырады
12.Өзге адамдардың мен туралы сыртымнан сөйлейтінін сеземін
13.Мен өзімді қауіпсізбін деп ойламаймын
14.Өз ойларымды бөлісетін ешкім жоқ
15.Менің жетістіктерім ешкімді қызықтырмайды
Егер 10 балдан төмен болса, сен өзіңізді басқалардан биік санаудан, өзімшілдіктен мақтаншақтықтан арылу керек. Ереже үшін мына принципті ұстаныңыз: кез келген конфликті жағдай ұсақ-түйектен пайда болады, сол ұсақ-түйекті өзіңіз ушықтырасыз немесе тұтануына жағдай жасайсыз.
Егер жинаған балыңыз 30-дан асатын болса, онда сен өзіңізді дұрыс бағаламайсыз.
10-нан 30-ға дейінгі жинаған ұпай психологиялық тұрғыдан жетілген өзіндік мүмкіншіліктерін, күшін, сыртқы келбетін, адекватты, яғни (реалды) шынайы түрде бағалауын көрсетеді. Күрделі істерді шешу қолыңыздан келеді. Алға!
Егер тест нәтижесі өзіндік бағалаудың төмен деңгейін көрсетсе, онда уайымдамаңыз. Өзіндік бағалауды көтеруге болады. 5
Неміс халқының ұлы ақыны М.В.Гете айтып кеткендей:”Ақылды деп көп білетін адамды емес,өзін-өзі жақсы білетін адамды айтуға болады”. Өздеріңізді ақылдымын деп есептейсіздер ме? (оқушының жауаптары)
Өзің туралы не білуге боладаы?
Оқушылардың жауаптарының үлгісі:
1.Өзінің денсаулығың шамасына қарай, денсаулығының ахуалы.
2.Өзінің таланты, қабілеттілігі (ақылдылығына қарай, шығармашылығы)
3.Өзінің мінезі, темпераменті, жігері
4.Өзінің талғамы, әдеттері
5.Өзінің күшті және жігерсіз жақтары
К: Өзінің қабілеттілігің мен мүмкіндіктеріңе әділ баға беру үшін, өзіңді тану өте қажет ол не береді? Өзіңді дұрыс бағалаудың қандай қажеттілігі бар?
Оқушылардың жауаптары:
1.Өзінің бейімділігін анықтауға, мамандық таңдауға
2.Қателіктер мен көңіл қалушылықтан аулақ болу үшін
3.Айналаңдағылармен дұрыс қатынаста болу
4.Қолыңнан келмейтін іспен айналыспау үшін
5.Өмірдегі мақсатыңды дұрыс таңдай білу
К: Расында да, өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне дұрыс баға бере алатын адам өзінің таңдауын қателеспей таба алады, өмірдегі мақсатын қоя біледі. Ондай адам өмірлік жоспарының күйреуінен, көңіл қайтудан, қателіктерден аулақ болады. Ал егер бір келеңсіз жағдайлар кездесіп жатса, ол себебін басқалардан емес, өзінен іздейді.
«Өзіне баға беру деңгейін анықтау» бойынша топтық жұмыс.
К: Өзіне дұрыс баға беретін адамды қалай тануға болады? Тақтада адамдардың әртүрлі өзін бағалаудың кестесі берілген. Бірақ біреу белгілерден шатасқандығы көрініп тұр. Осы тізбектегі сөздерді қалай орналастыру керек? Бұл сұрақты топтасып шешулеріңді сұраймын. 4 белгі бойынша әртүрлі өзін бағалаудағы адамдарды жинақтау қажет. Бірінші топ-жоғары бағаланған, екінші топ-төмен бағаланған, үшінші топ-объективті бағаланған.
Таңдалған жауаптарды бір бетке жазу керек. Дұрыс жауаптарды кестеге бекітеміз (қостырамыз) қосымша шарт-өз таңдауларыңызды дәлелдеу. (жұмысқа 1-2 минут уақыт беріледі)
Уақыт өтті, топтардың пікірлерін тыңдайсыз.
Қағаздағы жазулар.
Жоғары: Асқақтылық, көкіріктілік, арсыздық, қызбашылық сурет
Төмен: Енжарлық, өкпешілдік, иланушылық, қорқақтық.
Объективті: салмақтылық, өзіне-өзі сенімділік, қарапайымдылық, өз қадірін сезінушілік. (Орнын аустру, дұрысы) 6,7
К: Өзін-өзі жоғары бағалаған адамға қандай ақыл беруге болады (өзін-өзі бағалауда сыншыл болу, өз кемшіліктерін көруге үйрену, өзін басқалардан жоғарымын деп есептемеуге т.б.)
-төмен бағалайтын адамға қандай кеңес беруге болады: (спортпен шұғылдану, қорқақтығын жеңу, жоқ деп айта білуге үйрету т.б.)
-Өзін объективті бағалайтын адамға кеңес? (өзіне сенушілік сезімін жоғалтпау, өзінің бойында кемшіліктерді жоя білуге, өзінің қадір-қасиеттерін мақтан етпеуге т.б.)
Өзіңді дұрыс бағалай білуге ықпал жасай отырып-өмірді дұрыс бағалауға дағдыланайық.
Мен сіздерді сурет галереясына шақырамын. Алдарыңызда үш зал. Әрқайсыңыз өздеріңіз кіргіңіз келетін залды таңдайсыздар. Ал енді қандай залды таңдайтыңыздарды көрейік. Залдардың идеялары:
1.Өмірсүру бір ғанибет. 8 сурет
2.Өмір басқа адамдармен қарым-қатынаста болу.9 сурет

3.Өмір –мәнді, мағыналы өмір сүрудегі, ізденіс.10 сурет

Қай залға кіргіңіз келеді?Енді залдың идеясын көре тұра, өз таңдауыңызға сенімдісіз бе? Сенімсіз болсаңыз таңдауыңызды өзгертуге уақытыңыз бар. Жаңа таңдау жасауға не себеп болды (не қозғады?) Адаммен ұқсастық жүргізіп көрейік. “Алғашқы әсер кейбір кезде дұрыс болмауы мүмкін. Адамды жақсы тану үшін, онымен жақынырақ танысып, жақсырақ танып, әртүрлі өмірлік жағдаяттарда көру керек”,-деп А.Экзюпери айтқан. Осыған келісесіздер ме? (жауаптар) Өзіңе салған жол-ол бүкіл өміріңе деген жол.
Ендеше төмендегі сұрақтар бойынша ой бөлісуге шақырамын.
1.Менің жеке тұлға болып қалыптасуымдағы лицейдің ролі...
2.Менің ойымша, менің қабілетім.... жеткілікті
3.Мен үшін өте маңызды...
4.Жақсы өмір-ол..
5.Менің басты мақсатым

Маңыздылығын қалай, сіздің ойыңызша, өмірде тірек болатын нәрселерді орналастырыңыз:
1.Ата-ана
2.Денсаулық
3.Білім
4.Хобби
5.Достар
6.Жұмыс
7.Өзіңнің күш-жігерің, (қабілеттерің, білімің, дағдыларың)11 (Орнын ауыстыру, )
Мақсат, принцип, идеал (мұрат) деген түсініктермен жұмыс
К: Көптеген адамдар өз мақсатын, принципін, идеалын дұрыс анықтай алмайды, менің ойымша олар оның не екендігін дұрыс түсіне білмейді. Осы түсініктерді анықтап көрейік.
Өмірлік мақсат-ол не? (ол-қиял, адамның ұмтылысы)
Өмірде қандай мақсаттар болады (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді болуы мүмкін)
Мысалдық жауаптар:
-байлық, мәртебе, билік
-өз ісінің шебері болу, барлығы сені сыйлайтындай
-жайғана жақсы адам болу, адамдарды жақсы көру
-жақсы жанұя құру, үй салу, тал егу, бала тәрбиелеу
-өзің үшін өмір сүру: білім алу, даму, саяхатқа шығу
-адамдарға пайдалы болу, адамдар үшін өмір сүру
-ғылыми жағңалық ашу, емделмейтін ауруға қарсы дәрі табу
-Алла тағала үшін өмір сүру, күнә істемеу өзіңнің құштарлықтарыңмен күресе білу
К: Ғалымдардың айтуы бойынша, адамға өмірлік мақсаты күш береді, ал сол мақсатқа жету үшін барлық күшін жұмсайды, яғни түбінде сол мақсаттары орындайды. Бірақ өмірлік мақсаттар әртүрлі болады. Біреуі бүкіл өміріңе күш берсе, екіншісі бір қысқағана мерзімдік болады. Сендердің ойларыңша, қандай мақсатты өмірлік деп айтуға болады? (оқушылардың жауаптары)
Мақсатқа жетудің қиындығы жоқ дейді ғой, тек оған қарамай күнде бір қадам болса да жасау керек. Әйтпесе ол мақсат қиял болып қала береді.
Принцип (көзқарас не үшін қажет? Адам өмірінде принциптерін көзқарастарын өзгерте ала ма? Принципсіз адамдар бар ма?)
(оқушылар жауаптары
Тарихта адамдардың принцип үшін өлімге де барғандығы туралы деректер аз емес, әсіресе оның құны сенімділікке деген сатқындық, Отанға немесе достарға байланысы болса. Өйткені өзіңнің принциптеріңді өзгерту-өзіңді адам ретінде жоғалтуыңмен тең болады, өзіңе деген сыйлаушылықтың жоғалуы. Мысал келтіре аласыңдар ма? (мысалдар)
К.Идеал-бір нәрсенің мінсіз іске асырылуы, жоғары мақсаттылыққа жетелейтін іс-әрекет, ұмтылыс. Идеал адамдардың (мұратқа жеткен) сипатын келтірейік.
Ер адамның идеалы: сүйкімділік, адалдық, жүректілік, іскерлік, сыпайылық, түсінушілік.
Әйел адамның идеалы: аса сүйкімділік, әйелдік қасиеттері бар, шаруақорлық, жұмсақтық, түсінушілік.
Азаматтық идаел: ұйымшылдық, отансүйгіштік, ұлттық абырой мен қадірлік, ар-ұят, ержүректік, жауапкершілік.
Іскерлік идеал: мамандығы бойынша құзырлық, жоғары еңбекқорлық, жинақтылық пен іскерлік, ынтымақтастық пен өзін-өзі ұстаушылық, өзіне де өзгеге де талап қоя білуі, еңбек мәдениеттілігі, ұқыптылығы, өз білімін жетілдіруге, өзін-өзі кемелдендіруге деген мұқтаждық.
К: Барлық адамдар бірегей, бірақ сол бірегейлікті көпшілігі сезінбейді немесе сезінгісі келмейді. Ал ол үшін көп нәрсенің қажеті жоқ, тек өзіңді тану қажет өзіңе объективті баға бере білсең болғандығы.
Ол, әрине, оңай емес. Әрбіреудің өзін тану процессі өзіндік қана, дара, қайталанбас. Ол өмір бойы жалғасын таппақ. Басқа адамдарды тану, өмірді тану, өмірдің мағынасын тану өзіңді танудан басталады.
Қорытынды:
К: Бүгінгі сынып сағаты сіздерге не берді? Өзіңіз туралы, басқалар туралы қандай жаңалық білдіңіз. Менің ойымша бүгін біздің арамыздан бір ерекше түсінушіліктің байланыс жібі пайда болған секілді, сол байланысты жоғалтпау үшін, үзіп алмас үшін оны мықтайық.
Жіп нәзік және мықты емес. Тоқылатын кілеміміздің негізін мықты қылып тоқу біздің қолымызда, яғни Адам-өз өмірінің суретшісі, барлығы өз қолыңда.

Тәрбие сағатының слайдтары ұсынылады.

Өзіңді бағалау- өмірді бағалау (Тәрбие сағаты) ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру