
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№ 6 орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Игибаева Мандайлы
Сабақтың тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла!
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғи ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін, туған жерге, қоршаған ортаға және өз Отанына деген көзқарастарын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай газет шығарылды; Табиғатты қорғау туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар; Табиғат көріністерінен слайд.
Сабақтың жүрісі:
І жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндіріп отырған ғаламдық «Экология» мәселесіне үн қосу үшін «Аяласаң, табиғатты аяла» атты тәрбие сағатын сіздерге ала келдік.
ІІ жүргізуші: Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір – бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер. Адамның өзі – Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу, оны аялау – адамның азаматтық борышы.
Балдаурен: Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан: Жаһандану және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайында қазақстандықтар адам дамуының басты салалары таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс.
Орынғали: Табиғат... Табиғат... Бұл сөзде қаншама құдірет жатыр. Өмірдегі ең сұлу көркем де жомарт тіршілік иесі табиғат емес пе? Жер – Ананың мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Өз байлығын адамзатқа сыйлаған табиғаттың жомарттығында шек жоқ. Аялайық та сүйе білейік табиғатты!
Элмира: Жер – Ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, жер – ана жетілдірді
Осыны өзім өмірге негіз етем.
Аяулым: Жаратылыс таңы – жан ана,
Қарық қып суға, ауаға.
Топырағыңмен асырап,
Сәулесін құйып санаға.
Ақмарал: Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп – өнер бесігі.
Мадина: Табиғат әсемдік төркінісің,
Ән салам бір сенің көркің үшін.
Жан – жануар табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысым.
«Атамекен» әні орындалады.
І жүргізуші: Табиғаттың басты байлығы – жер, адамдар, жануарлар мен өсімдіктер өз қорегін осы қара жерден алады. Жердің қасиетін сақтау, жер жомарттығын жойып алмау адамдардың өз қолында. «Жері байдың – елі бай», «Күте білсең, жер жомарт» деп халықтың айтқанындай жер, топырақ деген ұғымдар бір мағынада айтылады.
Айымхан:Бұл қара жер болған бізге кең мекен,
Кең мекенге қауіп төнді!
Білсең оны,
Төбе шашың тік тұрар,
Сөне жаздап, сөне жаздап шамшырақ,
Талай рет жатыпты – ау ол қансырап.
Сондай кезде қол созып,
Қай құдірет келіпті одан қан сұрап!
Ақбота: Жердің көрген қорлығы көп,
Жетеді!
Жасқа толар етегі...
Аяғаннан,
Алдыма алып сәбидей,
Айдарынан сипағым кеп кетеді!
ІІ жүргізуші: Бүгін біздің арамызда қасиетті Жер – Ана, туған халқымыздың аяулы ұлдары – ұлы ойшыл Әбу Насыр әл – Фараби, Асан қайғы, қыл қобызын ұрпағым деп күңіренткен Қорқыт аталарымыз құрметті қонақ болып келіп отыр. Сөз кезегі сіздерге асыл, абзал бабалар.
Сафура – Жер – Ана: Уа, ұрпақтарым, қасиетті жерімізді қандай қайғылы күйге түсірдіңдер, сендерге өлкеміздің байлығын, асыл қазыналарын, айдын көлдері мен теңіздерін, таза ауасын бүлдіріп, ұшқан құс, жүгірген аңдарын қырып жойыңдар деп қалдырған жоқ едік қой. Көздеріңнің қарашығындай сақтап, қаймағын бұзбастан сол табиғи күйінде игіліктеріңе ұстаңдар деп қалдырмап па едік?
Мадияр – Асан қайғы: «Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер.»
Бердібек – Қорқыт ата: Қара таулар құламасын,
Ағаш сынбасын.
Қанаттарың қырқылмасын7
І жүргізуші: Жер – Ана! Адамдарға айтар не тілегің бар?
Сафура – Жер – Ана:Қан төгіліп, соғыспаңдар,
Өтінемін!
Куәсі едім соғыстың,
Ұлы істің де.
Жетпейді екен ешнәрсе тыныш күнге
Ақылынан адамның азап тауып
Алмағайын тұрмайтын қыл үстінде
О, адамдар!
Мезгілден сыр күткендер,
Бейбіт күнде жерді пір тұтты елдер.
Бабалардың ертегісін шектемеңдер,
Мақалдарды (жер тегін) үркітпеңдер.
ұруы үшін бұлбұлды тұнық таңдар,
Өтпеген ойнамайтын ғұрыпты аңдар.
Таза ауаны түтінмен құртпаңдар,
Есерліктің есігін құлыптаңдар!
Хиросима тағдырын ұмытпаңдар!
Тыныш жатсын құстар да ұясында,
Күрсінбесін қария қия шыңдар,
Қару алмай,
Қастаспай, достасып – ақ
Барлығың да төсіме сиясыңдар.
Мадияр – Асан қайғы:Пайғамбардың бағын берсін,
Сүлейменнің тағын берсін.
Әзірет әлінің айбарын берсін.
Ринат – әл Фараби:Бата бер, далам бата бер,
Бата бер де жата бер.
Ақторғын жерім маужырап,
Ақтаңым күліп ата бер.
Бейбарыс: Біздің ата – бабаларымыз бұлақтың көзін ашып, айналасына жасыл желек еккен. Туған жерге бау – бақша егуде ата – бабадан қалған мұраның бірі. Ал қазіргі кезде қырқылған ағаштарды көргенде, ата – бабаларымыздың өнегесіне немқұрайлы қараған қатігездерді аяусыз жазалағың келеді.
Аяулым:Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, мекені, алтын ұя бесігі, құт берекесі.
Қорытынды:
II жүргізуші: Тіршілік тірегі – табиғат. Ол адам баласының ортақ қазынасы.
Табиғат-Ананың қасиетті сырларын бойымызға сіңіріп алмайынша, онымен тең отырып «сөйлесу» қиын. Ең бірінші – табиғатты туған анаңдай түсіну, екінші – табиғатқа туған бабаңдай табыну, үшіншісі – табиғатты туған ұлыңдай қорғауың қажет. Осы үш ұғымды бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес.Табиғат пен адамзат баласы дүниенің бір-бірінсіз тұл болатын
ажырамас бөліктері.




