Әдептілік әлемі
Әдептілік әлемі
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№ 6 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Изимбергенова Нургуль Кусаиновна


Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік әлемі
І. Ұйымдастыру
Әдептілік әлемі атты тәрбие сағатын бастау.
1. Әдептілік-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынастың жүріс-тұрысының, үлкенді сыйлау, кішіпейіл болу белгісі екен.
2. Ия әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.
3. Әдептілік-өз аулаңнан, ата-анаңды сыйлаудан басталады.
4. Әдептілік,ар-ұят адамдықтың белгісі, Тұрпайы мінез, тағы жат надандықтың белгісі.
5. Үйге келген адамға қарсы жүгіруге болмайды, үйге кіргесін жылы қарсы ал, амандас, киімін шешуге көмектес.
6. Дастархан басында өзіңді ұстай білу әдептіліктің бір белгісі.
7. Үлкен кісіменен әңгімелескенде оның сөзін бөлме.
8. Екі адам сөйлесіп тұрғандаарасынан өтуге болмайды, сөйлесіп тұрған адамдарда жұмысың болса, күтуге тура келеді.
9. Мектепке келерде сабақ кестесі арқылы оқулықтарды рет-ретімен салып қой, мектепке кешікпей уақытында кел.
10. Сабақ үстінде бөгде жұмыспен айналыспа, бар ынта жігеріңді сол сабаққа аудар, сонда ғана тиянақты білім алып, мақсатыңа жетесің.
11. Үзіліс кезін дұрыс пайдалан, сабақтан сұранба.
12. Көшеге таза киініп шық, үлкеннің алдын кеспе, оған жол бер, жолда жүру ережесін сақта.
13. Апаң сенің базардан
Алма сатып әперді
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек
Хормен: «Рахмет,апа» деу керек.

14. Балалар жүр көшеде
Естіледі шу-айқай
Сенде шықтың,досыңды
Қағып кеттің байқамай
Мұндайда не деу керек?
Хормен: «Кешіріңіз » деу керек.

15. Осы келген бетіңде
Допты қудың жарыстың
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір апайың
Ұмыттың сен не деуді?
Хормен: «Сәлеметсіз бе?» деу керек.

16. Ілгек түйме жұлынып
Кешке дейін алысар
Әркімге бір ұрынар
Құспен,малмен жарысар
Ол қандай бала? (Ол қиқар бала)

17. Шашы түсіп көзіне,
Түсінбей нақыл сөзіне.
Үлкендермен таласар,
Дәлел тауып өзіне
Ол қандай бала?

18. Дәптер, сөмке бәрі де
Дал-дал болып жыртылған
Сия төгіп бетіне,шимай салған сыртынан
Ол қандай бала?

19. Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің, сәлемдесіп жол берем
Ол қандай бала?

20. Жүрем тура жолменен
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізетін мұратқа
Тек шындықты көздеймін
Ол қандай бала?

21. Өзгелерден өзімді санамаймын жоғары
Артық айтпай сөзімді желпінбеймін ешқандай
Ол қандай бала?

22. Сыйлап үлкен ағаны, сәлем берген баланы кім дейміз?
Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз

23. Таудай биік талабы,жақсы оқитын баланы кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.

24. Әдептілік ар-ұят адамдықтың белгісі
Тұрпайы мінез тағы жат
Надандықтың белгісі дей келе,
Қазақтың ырым-тыйымдарына кезек берейік.

25. Бүйіріңді таянба.Үлкеннің алдын кеспе. Күлді баспа. Түнде тырнақ алма.

26. Үлкеннің сөзін бөлме. Малды теппе. Ақты төкпе. Босағаны керме.

Қорытынды. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру