Адамгершілік құндылықтар
Жантілеуова Бақыт, тарих пәні мұғалімі. Жанкелдин орта мектебі, Сарға селосы, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы.
Адамгершілік құндылықтар.
Мақсаты: Адамгершілік құндылықтарды бойына жинақтаған, өзіндік көзқарасы
бар ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мағзом Сүндетовтың «Қасқалдақ» әңгімесі. Нақыл сөздер.
Мұхаммед пайғамбардың хадистері. Адамгершілік туралы оқушы
шығармалары, өлеңдер ,салған суреттері. Интерактивті тақта. Слайд.
Сынып сағатының түрі : конференция сабақ «Кітап оқушылар конференциясы»
Сынып сағатының әдісі: баяндау, пікірлесу, талдау.
Сынып сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. М. Сүндетовтың «Қасқалдақ» әңгімесінен адамгершілік
құндылықтар туралы баяндау. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен
байланыстыру
3. Адамгершілік балалар көзімен... (шығармашылық тапсырмамен жұмыс)
4. Мұхаммед пайғамбар хадистеріндегі адамгершілік құндылықтар туралы.
5. Қорытынды:
Көрермендердің адамгершілік құндылықтары туралы пікірлерін тыңдау

І-бөлім.
М. Сүндетовтың «Қасқалдақ» әңгімесінің мазмұнын айту.
Оқушылармен пікірлесу арқылы әңгімеден адамгершілік қасиеттерді табу, талдау.
Слайдта көрсетілген жетекші сұрақтар:
1) «Қасқалдақ» әңгімесінде не туралы айтылған?
2) Ана-қасқалдақтың балапандарына деген сүйіспеншілігі, мейірім, қамқорлығы, өнегесі
әңгіменің қай жерлерінен көруге болады?
3) Балапандардың қылықтарына қарап біз не аңғарамыз? Ақ мойын балапан несімен
ерекшелінеді?
4) «Отты таяғы барлар» кімдер? Сендердің ойларыңызша қара мұртты қандай адам,
аңсары Бектас ше?
5) Әңгімеде қандай адамгершілік құндылықтар келтірілген?
Әңгімеде кездескен адамгершілік қасиеттерді слайдтан көрсетіп мағынасын түсіну
(Сабырлық, қанағатшылдық, мейірімділік, қамқорлық, имандылық, парасаттылық, сүйіспеншілік, рақымшылық, еңбекқорлық т.б.

Мұғалім сөзі:
«Қасқалдақ» әңгімесін 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен байланыстыру.
«Қасқалдақтың қанындай» деген халық сөзінің төркіні кең. Қазақ қимас нәрсесін қасқалдақтың қанына теңеген. Қасқалдақ кішкентай сұр құс. Өзі кішілігіне қарамастан азат өмірге құштар.

ІІ-Бөлім.
Адамгершілік балалар көзімен...
1. Оқушы шығармасы
2. Өлеңдер оқу.
3. Сурет салу.

ІІІ-Бөлім
Мұхаммед хадистерінде адамгершілік құндылықтар туралы.
83, 44, 142 хадистерді слайдта көрсетіп, оқу.

83 - хадис
- Қолыңнан келсе адамдарға жақсылық етіп, іштей қуаныш ет. Жаман ісіне қайғырып, алладан қайырымдылық сұра. Бұл имандылық белгісі.
44 - хадис
- Алла –тағала еңбек еткендерді, егін егіп, бау - бақша өсіргендерді жақсы көреді. Оны адамға еткен ізгілік деп есептейді.
142 - хадис
- Өзіңе кездескен жасы үлкендерге сәлем беріп амандас. Оны тану- танымау шарт емес. Ол достықты арттырады. Әрі адамдығыңды анықтайды. Адамдардың айуаннан айырмашылығы осында.


Ислам діні және басқада дүние жүзінде өмір сүретін діндерде адамгершілік құндылықты уағыздайды. Адамдық, имандылыққа қарсы экстеремизмге жол жоқ дей отырып, оқушыларды салауатты өмірге шақыру.

ІҮ – бөлім
Қорытынды :
Көрермендердің адамгершілік құндылықтары туралы пікірлерін тыңдау ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы №24 орта білім беретін мектебі Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі ДОСТАНОВА РАЯ ЖЕҢІСҚЫЗЫ Баяндама...
Нәсіреддин  Серәлиев.

Нәсіреддин Серәлиев. "Аңсау" әңгімесі

Қостымова Әйгерім. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанкелдин орта мектебі, Сарға селосы, Бейнеу ауданы, маңғыстау облысы...
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектеп. Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна-бастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы:Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен....
Адамгершілік-асыл қасиет

Адамгершілік-асыл қасиет

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп-бала бақшасы Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна Адамгершілік-асыл қасиет...
Шығармашылық шаттығы

Шығармашылық шаттығы

Шығармашылық шаттығы Оқушылардың таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің жемісін шығармашылықпен қолдана алу және өзін - өзі танудың...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру