Қызылорда облысы
Жаңақорған кенті
№163 орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі Оразгелдиева Қарлығаш
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға 1-қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып,қарттарға құрметпен қарауға,сыйлауға үйрету.
Таным үрдістерін,ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Халқымыздың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздан нәр алуға,сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:мақал-мәтелдер, тиым сөздер,суреттер
Сабақ барысы
1-жүргізуші:
“ Әке асқар тау,
Ана шалқар көл” дегендей бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз аталарымыз бен аналарымыздан алған тәрбиеміз туралы ой қозғамақ Олай болса,бүгінгі “Қарттарым- асыл қазынам” атты кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші:
Қазіргі жас өспірімдердің ежелден сақтап келе жатқан тәлім-тәрбиесі мен салт-дәстүрі ата-әжелерімізден қалған асыл мұра болып келеді.
Мұғалім: Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген.Бала- өмірдің жалғасы,халықтың мұрагері.Кең даламызда көшпелі күн кешіп,аттың жалында,түйенің қомында жүрсе де,халқымыз жас ұрпаққа жақсы тәрбие берудің салт-дәстүр,әдет-ғұрпын қалыптастырған.Үйдегі ата-әже тәрбиесінің алатын орны ерекше.Ата-әже тәрбиесін көріп өскен бала болашақта әдепті,ізетті,ақылды адам болып өсуіне күмән жоқ .
1-оқушы: Көп жасаған қария-
Ақылы асқан дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ , сөзі нәр.
Ата салтын ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сөл сөздерді ұқпасақ,
Тістерсің бір күн бармақты.
Мұғалім: Қазақ халқы ежелден үйдегі қарияны қазынаға теңеп, құрметтеген. Оны мына нақыл сөздерден аңғаруға болады.
“Қарты бар елдің –қазынасы бар”
“Үлкенге құрмет, кішіге ізет”
“Ағадан-ақыл,,атадан-нақыл”
“Аталы үй-баталы үй”
2-оқушы:
Қазір “Бабалар сөзі –тәрбие көзі “ атты сауалнама әңгімеміз қарт ата мен жігіт арасында болмақ. Көрініс: Қарт пен жас жігіт.
Шәкірт: -Ата, Ассалаумағалейкум.
Қарт: -Амансың ба , балам. Балам, арман деген не?
Шәкірт: Ата,арман дегеніміз-ақыл – ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.
Қарт: -Дұрыс айтасың ,балам, арманына адаспаған жетеді,адасқан арманына жете алмайды.Арманына ақылды жетеді,ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.
-Балам,үйде кім, елде кім қадірлі?
Шәкірт: Ата, елде бастық, үйде ана қадірлі.
Қарт --Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі.Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі.”Бала үйдің патшасы.Балалы үй базар,баласыз үй азар” деген халқым.
3-оқушы: Күнделікті өмірде ата-әжелеріміз,әке-аналарымыз айтып отыратын ырым мен тиым сөздер өте көп.(Әжелерден сұхбат алу)
4-оқушы: Не себепті,отқа су құйма, түкірме дейді?
5-оқушы: Не себепті , мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе дейді?
6-оқушы:Не себепті ,атам қазақ түнде мал, адам санамайды?
7-оқушы: Не себепті туысыңа ит, пышақ сыйлауға болмайды?
8-оқушы: Не себепті, апаларымыз жағыңды , беліңді таянба, тізеңді құшақтама дейді?
9-оқушы: Не себепті,3 күн айтта кір жууға, тырнақ ,шаш алуға болмайды?
1- жүргізуші: Тиым сөздер мен қатар ырымдарды да білгеніміз жөн.
Ырымдар:
10-оқушы: Адамға ажал шақыратын мына ырымдарды да білгеніміз жөн.Саусақты тарақтап,қолды көкірекке не желкеге қойып жатпайды.Мойынға бос арқан салмайды.
11-оқушы: Баланың мойны түзу әрі тез бекісін деп оның шілдеханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұтасымен асады.Ол піскен соң бөліп алмай, жақсылап мүжиді де оған шыбық өткізіп кептіріп қояды.
12-оқушы: Адам басы кемиді деп бөтен адамға бас киім бермеген немесе айырбастамаған.
13-оқушы: Егер де аспаннан жұлдыздың ағып бара жатқанын көрсең,
” менің жұлдызым жоғары” деген сөз айту керек.
14-оқушы: Ұзақ жасаған не болмаса жақсы адам дүниеден озса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп, бөліп алады
15-оқушы: Жаңа кірген үйдің босағасын маймен майласа несібесі көп әрі дастарқаны мол болады деп ырым еткен.
1-жүргізуші: Бүгінгі ата-әжелерімізге арналған жыр –шумақтарымызды қабыл алыңыздыр.
1-оқушы: Жақсы көрем атамды,
Атам жүзге тақалды.
Ұрыспайды ұстасам,
Аппақ қудай сақалды.
2-оқушы: Жақсы көрем қасын да,
Қардан аппақ шашын да.
Қорықпаймын ешкімнен,
Атам жүрсе қасымда.
3-оқушы: Адымы үлкен, әрі кең,
Жете алмаймын әлі мен-
Менің атам күштірек,
Аталардың бәрінен.
4-оқушы:Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Біздің үйдің бәріне
5-оқушы: Менің әжем ақ әже-
Шуағы мол,нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем
2-жүргізуші: Күнделікті өмірде біз көптеген көріністерге куә болып жүрміз. Ендеше суретегі көрініске қарап ,сұраққа жауап берейік.
Сауалнама:
1-көрініс. Автобус ішінде бала отырады,бір кезде үлкен қарт әже кіреді.Бала не істеуі керек еді?
(Оқушылар жауабы)
2-көрініс: Қарт әжей дүкеннен келе жатты, қолында ауыр заты бар.Балалар ойнап жүрді. (Оқушылар жауабы)
3-көрініс: Бір бала жүгіріп келе жатты, алдынан үлкен кісі шықты. (Оқушылар жауабы)
2-жүргізуші:Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау ашық мінезі бар аңқылдар-дегендей, өздеріңізден салт-дәстүрлеріміз жайлы білгіміз келеді.
Көрініс
Зарина: Артыңа жасырып тұрғаның не?
Анел:-Байғазы берсең айтамын.
Зарина: -Әже, байғазы деген не, бізге түсіндіріп беріңізші?
Әжейдің жауабы: Байғазы- баланың жаңа киімі үшін беріледі. Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Байғазыға моншақ, сақина, білезік беріледі.
Аружан: (Басынан бас киімін алып) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал атам жаңа қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін беріңдер.
Анел:-Әже, көрімдік деген не?
Әжейдің жауабы:-Байғазы жансыз дүниеге , ал көрімдік жандыға беріледі.
Гүлзат: Аружан, білесің бе? Менің ағам кеше Түркияға қыдырып кетті.
Анел: Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.
Зарина: Әже, тоқымқағар деген не?
Әженің жауабы: Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын бас қосу. Мал сойылып, ойын-сауық, өлең жыр айтылады.
Мұғалім: Ата-бабаларымыз әр баласы дүние есігін ашқан күннен бастап, әрбір іс-әрекетін қуаныш көріп,той-тойлауды дәстүрге айналдырған.Олай болса қандай салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрпыларымызды білесіңдер?
Балалар: “Шілдехана”, “Бесік той”, “Тұсау кесер”, “Сүндет той”, “Құда түсу”,” Сырға салу” ,” Беташар” т.б.(Тұсау кесер, Бесікке салу дәстүрлерін көрсету)
Мұғалім: Ата-бабаларымыз әр баласы дүние есігін ашқан күннен бастап, әрбір іс-әрекетін қуаныш көріп,той-тойлауды дәстүрге айналдырған.Олай болса қандай салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрпыларымызды білесіңдер?
Балалар: “Шілдехана”, “Бесік той”, “Тұсау кесер”, “Сүндет той”, “Құда түсу”,” Сырға салу” ,” Беташар” т.б.(Тұсау кесер, Бесікке салу дәстүрлерін көрсету)
1-жүргізуші: Қазіргі таңда, салт-дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Қазақта: “Батменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер” деген мақал бар.Бата-халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші.Олай болса,
Сәулелі сөз сөне ме,
Орны бөлек батаның
Бізге тәлім, өнеге-
Ақ тілеуі атаның-, деп қонақтардан бата сұраймыз.
(Бата сұралып, беріледі)
Мұғалім: Аталар сөзімен өсіп –өнген,
Бабалар бұлағынан нәр алған,
Даналар өсиетімен тәрбие алған
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен.
Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен,-деп кездесу кешімізді аяқтаймыз.
- karligaw
- 19 мая 2015
- 4938
- 0

