Ахатова Мереке Құсымқызы
Ел ағасы –Елбасы кітап көрмесі
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні еліміз үшін айтулы мереке Бұл күн елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктері мен әлем алдындағы жинаған абырой –беделіне тағы да бір мәрте ой жүгіртіп, қорытынды жасайтын күн.Осыған орай мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмедегі кітаптар арасында «Елбасы» деген атаумен эссе, ой-толғам, өлең-жыр мен сұхбаттардан құралған» он бес шақты жинақтар тұрды.
«Ел ағасы –Елбасы» атты көрменің мақсаты:Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасыу кезеңіндегі Президентіміздің жүргізіп отырған саясатын,,іскерлік қабілетін, тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, болашаққа бағыт-бағдар берген мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау.Көрме 3 бөлімнен тұрады.
Көрменің бірінші бөлімі: «Н.Ә. Назарбаевтың жастық шағы» деп аталады.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Қаскелең ауданы,шамалған ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.Еңбек жолын мектеп бітірісімен теміртау қаласындағы ҚМК –да қара жұмысшы болып бастады.бір жарым жылдай Укаина республикасындағы кәсіптік –техникалық училищеде оқыды. 1960 жылдардан бастап металлургиялық комбинатта газ қондырғыларын реттейтін жұмысшы, тау –кен қазушы, диспечер болып жұмыс жасады.Бұл бөлімге Президент туралы мынадай фотосуреттер қойылған: «жанұя», «Н.Ә.Назарбаев анасымен,әкесімен,және жұмыс кезі» т.б
Көрменің екінші бөлімінде «Н.Ә.Назарбаевтың саяси қызметі» деп аталады.Президенттің саяси өмірбаяны 60 жылдардың соңынан басталды. Ол сол жылдары қалалық комитеттің өнеркәсіп бөлімінің бастығы, одан кейін компартияның қалалық комитетінің екінші хатшысы болып қызмет атқарды. Болашақ президент 1976жылы Жоғарғы партия мектебін бітіргеннен кейін,Қазақстан республикасы Компартиясының Орталық комитетінің хатшысы болып тағайындалды. Ал, 1984 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаев Қазақстан республикасы Министрлер Кеңесінің басшылығына келді. Қызметтік сатымен көтеріле отырып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесі бойынша 98,7 пайыз дауыс жинап, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды.
Көрменің үшінші бөлімінде «Жарқын болашақтың жасампаз жолы» атты Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдаулары қойылды.Елбасы жыл сайынғы өзінің Жолдауларында Қазақстан халқының бірлікке,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ қана жете алатынын жеткізді. Қазақстанның көк байрағы желбірей берсін!


