Атырау облысы
Атырау қаласы
№24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Аты жөні: Жаңбырбай Гүлмерей Жалғасқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана-біздің күніміз»
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ана-біздің күніміз»
Мақсаты:1.Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. 2.Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3.Адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Көктем-ана,қыздар-гүл»қабырға газеті,нақыл сөздер,балалардың шығармашылық жұмыстары.Сынып шарлармен,гүлдермен безендірілді. Бастаушы:Аналар көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын! «Ана-біздің күніміз»атты мерекелік тәрбие сағатымызды бастаймыз. Хормен: Сендерден өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар. 1-оқушы: Әлпештеген,аялаған Ақ сүт берген апатайым. Сәлем жазып бүгін саған, Мерамыңмен құттықтаймын. Хор: «Туған күніңмен». 2-оқушы: Кім сендерді,балалар,сүйетұғын, Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын. Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын. 3-оқушы: Кім сендерді,балалар,тербететін, Еркелетіп,ойнатып,сергітетін. Жалқау болсаң,балалар,жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдететін. 4-оқушы: Жүзімізге қараңыз, Бал күлкілі баламыз. Бізге қымбат күн-шуақ, Бізге қымбат анамыз. 5-оқушы: Әлпештеген баласын, Ана-бақыт,ана-күн. Әркім сүйіп өзінің, Мақтан етер анасын. Қыздар тобы:би «Қамажай». 6-оқушы: Бойға қуат береді, Әй,жарайсың дегені. Мен анамнан әр кезде, Соны естігім келеді. 7-оқушы: Ойнаймыз,күлеміз, Жарқылдап,жүреміз. Ананы сыйлаймыз, Айтқанын тыңдаймыз.
Вальс: «Шақырады көктем» 8-оқушы: Қамқорсың ана өмірде, Қуатым сенсің көңілге. Әлпештеп мені өсірдің, Ұшармын ертең көгінде. 9-оқушы:
Бал – бөбегін мақтаған,
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді –
Көп жасасын жақсы адам.
10 – оқушы:
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтаған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.
Хор: «Ақ мамам»
11 – оқушы:
Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,
Мәпелейсің, аялайсың әр қашан.
12 – оқушы:
Ардақты ана,Аяулы ана,қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтін,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
13 – оқушы:
Әже маған үлгі сөзіңіз,
Өнегесіз өзіңіз.
Жақсылыққа талпынар,
Біздің нағыз кезіміз.
Жақсы деген немене,
Жаман деген немене,
Осындайда әжетай
Айтыңызшы өнеге.
14 – оқушы:
Құртпен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
Хормен:
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ән: «Ақ әжем»
Хор: «Ана туралы жыр»
Құттықтау сөз аналарға, ұстаздарға беріледі.
- Гулаим
- 2 мая 2015
- 1082
- 0



