Ұлдан ұлағат, қыздан инабат
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаасы, №21 орта мектеп физика пәні мұғалімі Исабекова Бибинур
Тақырыбы: «Ұлдан ұлағат, қыздан инабат»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт-дәстүрін ұйрене отырып, әдеп әліпесін дарыту.

Қазіргі заманда қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Ұл тәрбиелей отырып,жер иесін тәрбиелейміз,қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз-деп бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден- ақ Адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйіл адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған үлгі- өнеге көрген қыз бала қайда болса да келін болғанда да көргендігін көрсетеді.Ал жақсы тәрбие алған үлгі өнеге көрген қыұлдар жау келгенде де жайдақ тақа мініп шабатын өжет,батыл, адал, жеріне туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де , кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық сыйлау жағынан халқымыз алдыны жан салмаған. Бір өкініштісі уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бар жатқандаймыз. Ұлттың ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қармай,осы заманға лайықтысын таңдап алып,инабатты қыз ұлағатты ұл тәрбиелеу ата-ананың да ұстаздар қуымының да міндеті.
Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабюақ алады. Ол ерінің аджал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «шешесіне қарап қызын ал» - деген.
Ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күннен танып, соған қарай бағыт-бағдар, тәрбие берудің маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сезімі және негізді.
Атадан ұлағат , анадан ғибрат.
1-оқушы: «Ата-балаға сыншы» демекші ,әке өз балаларының жеке ерекшеліктерін қандай іске өнерге бейімділігін ерте аңғарып, шамасы келгенше баласының бойындағы табиғи қасиеттерін дамытуға күш салған.
2-оқушы: Парасатты әке балаларына ата-бабаларының іс-әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық жақындық қатынасын түсіндіріп ататегі туралы айтып отыруды парыз санаған.
3-оқушы: Ұл бала –қазақта шаңырақ иесі, ер азамат , ата-ананың түтінін түтетуші . Ер бала өз ата-анасына ,іні-қарындастарына қамқоршы , ел қорғаны болып саналады.
4-оқушы: Ер бала еңбекке ерте бейімделеді сөйтіп ауылдың ересек балаларымен ,құрбыларымен ,ағалары,әкелерімен бірге шаруашылыққа қарауға ,әңгіме тыңдап, ертегі айтуға өлең айтып, ән салуға бейімделген. Демек қазақ халқының жігіті сегіз қырлы, бір сырлы болсын дегені тегін емес.
5-оқушы: Қазақ отбасында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі үлкен .Сондықтан өз ұлыңа бар өнерін ,естіген –білгенін түгел үйретуге тырысқан. Алегер әр ұл өз тарапынан ағаға ,әкеге еліктеген.
6-оқушы: Қыз бала анасының тәрбиесінде болған. Қыз қылығы түзде демекші той- томалақ ,көп адам жиналған жерде көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен , сергек – сезімталдық ептілігімен , сөзге ұсталығымен көзге түсіп, жұртты тамсандырған.
7-оқушы: Қызға қырық үйден тыйу дегендей қыз баланы тәрбиелеуде тәртіптіерді өте қатты ұстанып отырған . Әсіресе ырым- тыйымдарды қатаң ұстанған.
Адамның жақсы жаман қасиеттері.
Сен қандайсың?
Нағыз адамға тән қасиеттер.
1.Ұғымды ,ойлы ететін зерде –зейінің.
2. Сені өрге сүйрейтін –өнер-өрісің.
3. Тек ілгері бастайтын –талабың.
4. Ешқашан алдамайтын -тапқырлығың
5.Қиындықта саналатын –қайратың
6. Бәрінен де күшті- Білімің.

«Ер жігіттің »айнымас серіктері:өмірлік жарың, міңген атың-пырағың, парасатты –ақылың,.
Жігіттің жолын кесіп аяғына тұсау болатын жаулары

1. Жалқаулық
2. Аңқаулық
3. Жасқаншақтық
4. Пасықтық
5. Су жұқпас сұйықтық
6. Өсекшілдік
7. Мылжынды
Осы қысқа өмірде орны толмайтын үш нәрсе бар.
Ол-ата, ана , бала. Бір ұрпақ келіп ,бір ұрпақ кетеді. Бірақ жер бетінде өмір өлмейді, өмірді бала қосады.
Көпке топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен арамызда батысқа еліктеушілік, өз тілін бұрмалап сөйлеу, ашық-тесік киіп, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуді жөн санамай қалай болса, солай жүретін жастарымыз кездеседі. Сондықтан да қыз бен жігіттің арасындағы ізеттілігімізді, парасаттылығымызды, мәдениеттілігімізді, кішіпейілділігімізді, адамгершілігімізді жоғалтып алмай, ұлдан – ұлағат, қыздан - инабаттылығымызды ұстай білейік.
Абайдың жетінші қара сөзінде бала туралы, ақыл үйрену мен насихат тыңдау мәселелері сөз болады. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі міңезбен туады; біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары... біреу білсем...көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Осы Абай айтқан екі міңезден автордың өзіне екіншісі ұнап тұрғанын, жүрегіне жақын қонымдысы да сол екенінде дау жоқ. Абай осы екінші міңезділерді тыңдайды, оларды ұнатады. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Қыз  бала  - ұлттың  ұяты,  халықтың шырайы

Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы

“Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта...
“Мектеп оқушыларды тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысы”

“Мектеп оқушыларды тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысы”

І. Кіріспе «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»....
Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы

Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы

Павлодар облысы, Май ауданы,Қаратерек ауылы, Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебінің физика пән мұғалімі Аида Камзина Тәрбиенің ең тамаша...
Бала  тәрбиесі  баршаға  ортақ!

Бала тәрбиесі баршаға ортақ!

Мұханбетова Мөлдір Бала тәрбиесі баршаға ортақ! «Адамның жақса өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын ...
Ата-ананың бақыты балада

Ата-ананың бақыты балада

Сабақтың тақырыбы: Ата-ананың бақыты балада Сабақтың мақсаты: Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру