Анам үшін мақтанам
6.03.2015 г.
Тәрбие сағат тақырыбы: Анам үшін мақтанам
Тәрбие сағат мақсаты:
а) 8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, Ана енбегін қадірлеп үмітін ақтауға, ана есімін ардақтап, қадірлеуге, сыйлауға баулу.
ә) Мұғалім – ата - ана – оқушы арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
б) Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Слайд, суреттер, шар, мақал-мәтелдер.
Мұғалім: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші балалар!
Ұлжан: Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді? Жақсылық атаулының барлығы да ананың ақ сүтінен жаратылған.
Халқымыз «ана – барша тілектің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні» деп қасиет тұтып отбасының алтын діңгегі санаған. Отбасының тәрбиесі, мәдениеті, жетістігі мен дәстүрі ананың өресіне, білімі мен қадір - қасиетіне тікелей байланысты.
Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген пікірінің астарында үлкен мән жатыр.
Ананы Пайғамбар да қатты құрметтеген. «Жұмақ ананың табанының астында»,- деді ол.
Бір күні Пайғамбарға әлдекім келіп. «Шын айтыңызшы, мен жақсылықты әуелі кімге жасауым керек»,- деп сұрапты. «Өз анаңа»,- деп жауап беріпті Пайғамбар.
- Тағы да кімге? - дейді әлгі адам.
- Анаңа,- деп қайталапты Пайғамбар.
- Сонаң соң кімге? - дейді сұраушы.
- Өз әкеңе,- деген екен Пайғамбар.

Шынтас:Уа, ағайын, ағайын.
Көктем келді жайнаған.
Бау - бақшада бүгін той.
Қош келдіңіз ағайын.
Раушан гүлдер жайнаңдар.
Гүлдей жайнап тұрыңдар.
Құттықтаймыз сіздерді.
Мерекемен бүгінгі.
Ерасыл: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ән "Анама сәлем» сыныптын орындауында.
Тлек:Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз жыл сайын барлық елде «әйелдер күні» ретінде аталып өтетін мереке. Жыл сайын БҰҰ - мен Халықаралық әйел құқығы үшін күрес және халықаралық бірлік күні ретінде аталып өтіледі.
Тарихқа шолу жасасақ. Слайдқа қарап айту.
Келесі слайд, қай жерде қалай 8 наурыз мерекесің қарсалады.
Аружан: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік. Ойын: «Аялы алақан» Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларының тапқызу.
Тлек: - тағыда бір серпілтіп ойын ойнасақ дегім келіп тұр. Ойын жарыс түрінде өтеді. ортаға аналарымызды шақырайық .
Ойын: «Қағазбен орау» Шарты: ортаға 8 ана мен 8 оқушы шақырылады, анасы баласына қағаздан киім жасайды.
Ғасырбек: Келесі ойын мақал-мәтелдің жалғасын тап. Ана мен баласы жұп болып қатысады
«Топтық жұмыс» Аналар бірігіп берілген сұрақтарға постер құрайды, оқушыларда бір топ болып постер құрайды.
1. Бала дегеніміз кім?
2. Бала жақсы өмір сүру үшін, қандай жақсы қасиеттер керек?
3. Баланы мадақтау дегеніміз не?
Постерді қорғау, салыстыру.
Рахат: Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)
Нуртлек: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Мұғалім: «Өрмекшінің торы» Ортаға шығып шенбер құрамыз. Мен біреуге оралған жіпті лақтырамын. Оның атын айтамын және оның маған ұнайтын мінезін, жақсы қасиетін айта отырып тілек тілеймін. Келесі адамға жалғасады. Жіп соңында өзіме келуі тиіс.
- Қараңыздаршы, бізді байланыстырған жіп, әдетте, ол бізге көрінбейді. Бірақ өмірде бар, осы жерде барлық тұрғандарды жылы, мейірімді сөздер байланыстырып тұра берсін.

Шынтас: Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңызға
Осымен сабағымызды аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі
«Анам үшін мақтанам!» атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру