Маңғыста облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің 7 "Б" сыны жетекшісі Исабекова Бибинур.
Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні Наурыз!» атты ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: 1. Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық мерекесі-Наурыз туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні айтылатын тілектер, бата, наурыз көженің маңызы туралы айту.
2. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта отырып ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып оқушыларға ұғындыру.
Көрнекілігі:, слайдтар, плакаттар, суреттер, шарлар, нақыл сөздер, әдеби кітаптар, , буклеттер.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Қонақтарды төрге шығару, отырғызу.
2. Тәрбие сағатын ашу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
1-жүргізуші. Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Тағы да жадырап, көктем Наурыз мерекесі келді. Сіздерді жаңа күн, жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – наурыз жаңа жыл болып саналған. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Міне, біз де халқымыздың салты бойынша Наурыз мерекесін ата-аналармен бірлесе өткізіп отырмыз. Мұндағы мақсат, балалардың Наурыз мерекесін ұғынуы, сезінуі лер және ата-аналар өз балаларының өнерін тамашалау. Міне сыныбымыздың «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты ашық тәрбие сағатын тамашалаңыздар.
2-жүргізуші. Армысыңдар халайық
Бармысыңдар халайық
Наурыз тойда жиналып
Шаттанып бір қалайық.
Міне, шуақты да шырайлы мерекеміз – Наурыз мейрамы да келіп жетті.
1-жүргізуші. Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!
2-жүргізуші. О, халайық! Наурыз тойы құтты болсын!
1-жүргізуші. Ұлыс оң болсын, қайда барсаң жол болсын!
2-жүргізуші. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
1-жүргізуші. Ұлыс бақты болсын, төрт түлкі ақты болсын!
2-жүргізуші. Халқымыздың салтында Наурыз тойының сәні – аңыз әңгімелер мен ертегі кейіпкерлері Қарашаш сұлу, Алдар көсе,Тазша бала болған. Ендеше ортаға Қарашаш сулуды шақырайық.
Қарашаш: Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөз шығады екен. Наурыз – жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні – жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-інші жұлдызына сәйкес келеді.
Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
Жаңа жылда мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып, тазартылады. Жыл басы жақсы басталса, аяғына дейін жақсы болады дейді.
Ал, халайық! Енді осы ұлыстың ұлы күні ата салтымыз бойынша ортамызға Қызыр бабамызды шақырайық. Қызыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін!
Қыдыр ата келеді:
Оу, аман ба, жарандар,
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң
Естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып,
Рахатын тапты жан.
Келе жатыр жырымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз
Жас балаша нұрланып,
Жадырайды күніміз.
Күннің жаңа нұры бар.
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрам – бұл,
Қарсы алайық тұрыңдар! (Бәрі орындарынан тұрып қарсы алады)
Қызыр баба:
Армысыңдар, жамағат.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын! Әумин! ! !
(Жұрт тегіс бетін сипап, айтқаныңыз келсін деп айтады.)
Қызыр баба: - Қарашаш қызым, ата салтын ұмытпай ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы екен. Үлкен рахмет. Ал, енді қандай қызықтарың бар.
Қарашаш: Қызыр баба, сіз төрге шығып отырыңыз. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» әнін айтайық.
1. Хор: «Наурыз – біздің әніміз».
Қызыр баба: Ой, рахмет, айналайындар! Өркендерің өсіп, талаптарыңа нұр жаусын!
Қарашаш: Қызыр баба, халқымыздың салтында кез-келген той-томалақтың ойын-күлкісіз думансыз өтпесі белгілі. Ал сол ойын-күлкінің көркі мен сәні болған жарықтық Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша балаларды ұмытпаған боларсыз. Бүгінгі тойымызға сол кісілер де келіп отыр. Соларды ортаға шақырып, қызықтарын тамашаласақ қайтеді.
1-Жүргізуші:Өте орынды!
Қарашаш:Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Аңыз бен ертегіден келіп жеткен
Құрметті қонақтарды қарсы алайық!
(Залға бірін-бірі итеріп, қалжыңдасып Қожанасыр мен Алдар көсе шығады.)
Қожанасыр: Ассалаумағалейкум, халайық! Алдар көсені көрмедіңдер ме? Мені алдап кетті. Қайда жүр екен, ә? Қазір кездессін бәлем! Алдар! Алдар! Қайдасың? Менің жаңа шапанымды алдап киіп кетіпті.
Алдар көсе: Ей, Қожеке не болды, сонша айқайлап. Неге шақырдың? Өзің бердің ғой сол шапанды.
Қожанасыр: Әкел шапанымды, Бер деймін шапанымды.
1-Жүргізуші: Қойыңыздар ағалар не болды сіздерге! Бүгін мейрам, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні адамдар ренжіспейді. Ренжіскен адамдар төс қағысып татуласады.
Алдар: Кешіріңіз Қожеке, келіңіз татуласайық, ренжімеңіз.
Қожанасыр:Татулассақ татуласайық. Тойға құтты болсын айтайық.
Арайы бар даланың,
Амансың ба, жаңа күн.
Сәлем, халқым, тірегім
Сендермен бірге жүрегім,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!
Алдар: Сәлем Наурыз күніміз
Мейман парқын біліңіз
Қыруар істі бастаймыз,
Қуанышты үніміз!
Қайтқан емес толайым,
Алдарыңа кеп тұрмын,
Айналайын, ағайын.
2-Жүргізуші: Ендеше әнші аталар
Шалқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
------------------------------- орындауында «» қабыл алыңыздар
1-жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, ел боп қарсы алайық - дей келе келесі сөз кезегін оқушыларға берейік.
1. Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый – құрмет!
2. Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
3. Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
4. Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!
5. Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз
6. Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
7. Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
8. Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап – жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.
9. Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
2-Жүргізуші:
-Сыныпта _________________ деген қызымыз бар,
Ән салып, би билейді оқуда озат
Ол гимнаст, мостик тұрып, сальто айналад,
Болашақта болады нағыз акробат.
1-Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан жырлардан,
Жастар оқып тынбайды.
2-жүргізуші: Бұл күні Самарқанның көк тасы жібиді, яғни бұл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірімесе «Бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» - деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.
1-жүргізуші: Ақыл - білім жастарда,
Сөз беремін жастарға.
Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Би «Украин»
2-Жүргізуші: Халқымыздың салтында қонақ кәдеге жол беріледі. Олай болса, кезек ата-аналарда.
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
1. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
3. Наурыз тілек деген не? (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)
4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
5. Наурыз бата дегеніміз не ? (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)
1-Жүргізуші Ел ішінде наурыз көжені бірге ішкен адамдар жыл бойына жарастығы ажыраспайды ренжу болмайды деген ұғым бар. Біздің де жарастығымыз ажырамасын, ел ішіндегі бірлігіміз сақталсын, сыйласа білейік.
Күріш салдым көжеге
Женті көп болсын деп
Адал аспен бұйырған, Тойда палау болсын деп.
Дәм татсын ел жиылған. Ауыздан ақ кетпесін
Бидай салдым көжеге, Судай еріп кетпесін.
Мол болсын деп биыл нан, Бүгінгі той қонақтары наурыз-көжеден дәм татыңыздар.
2-Жүргізуші Ортаға _________________ шақырамыз.
1-Жүргізуші: Ән менен би,
Жыр менен күй жарасқан
Нұрын төгіп күлімдейді көк аспан
Қадірлейік бейбіт аспан аққұсын
Қадірлейік халқымыздың дәстүрін.
2-Жүргізуші: -Құрметті қонақтар, Наурыз тойымызды бұдан әрі «Тұсаукесер» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы тойда жиналған халық, ата дәстүрін көріп тамашаласын.
-Кішкентай бөбегімізге қадамың құтты болсын
Бүгінгі күні Амантай әже өзінің немересі Аружанның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.
Амантай әже:
Алғашқы немерем Аружан жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әже, Орынбасар құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін.
Ал, келін балам, кішкентай Аружанды ортаға әкеліп, Орынбасар әжесіне табыс ет.
(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)
Келін бала:
(баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)
Тәй-тәй балам, тәй балам,
Шақырып тұр айналаң,
Жүруге алғаш талпындық
Құтақандай жан балам,
Қаз-қаз тұрып талпындың,
Қуантасың, күлесің.
Аман болсаң аз-ақ күнде
Алшаң басып жүресің.
Орынбасар:
Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа.
Бөпеміз қаз тұрыпты,
Алға қадам басуға,
Тәй-тәй болып жүріпті,
Асулардан асуға.
Маған тұсау кестіріп,
Жатқандардан бұйрық сол;
Мені жүйрік депті жұрт
Менен асқан жүйрік бол.
(Орынбасар әже қолына ала жіпті алып жатып)
Ала жіппен тұсайын
Аружанның аяғын
Тұсау жібін кесейін
Жасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасын
Айналайын, алтыным.
(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)
Қаз-қаз бала, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
(Аружанды жетектеп жүргізеді.)
Амантай әже:
Ал, келіншектер, тәй-тәй-лап
Әлдиді алға бастаңдар.
Шошытпаңдар, айқайлап,
Жалғыз тастап қашпаңдар.
Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар
Із қалдырсын соңына,
Алдын кең ғып ашындар!
( Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)
Ләззәт:
Амантай әжемнің немересінің «Тұсау кесер» тойының құрметіне ән-шашу арнайын.
Ән: Халық әні.
Амантай әже:
Рахмет, айналайын, өркенің өссін. Саған да осындай той жұғысты болсын.
Амантай әже:
Әкеліңдер ана сандықты ортаға «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған-тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый-сыяпатыма риза болыңдар, қадамдарыңа гүл бітсін.
(әже қонақтарына сый-сыяпатын көрсетеді.)
Бата берілуі:
Құлыным үлкен жігіт болсын!
Ата-анасына қызық болсын
Жақсылармен қатар болсын,
Жамандармен қатал болсын,
Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,
Берік бұтақ болсын.
Наурыздарың құтты болсын!
Ұлыс береке әкелсін
♦ Жігіттер КВН-і
Шарықтатып, шырқатып тамсандырған талайды,
Әуелеген әсем ән көк аспанға тарайды.
Өнерпаз ұрпақ мерейі биіктерге жетелеп,
Қазағымның көгіне бақ боп мәңгі жанғайды.
2-жүргізуші: Кел, балалар, келіңдер
Тамашаны көріңдер
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
«Арқан тартыс» ойыны ойналады.
- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады)
Рахмет! Отырамыз!
1-Жүргізуші Тағы да баршаңызды наурыз-ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға бақыт тілейміз.
2-Жүргізуші Осы, міне мереке басталғаны,
Наурызым, көңілдердің тасқан шағы.
Сәнді болсын қазақтың жарастығы,
Дәмді болсын жайылған дастарқаны.
Ал, құрметті қонақтар, дастарқаннан дәм татайық.
Міне, біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адалдықтан табамыз.
Әр наурызда жолықтырсын аман-сау
Ән-шашудың шымылдырығын жабайық.
1-Жүргізуші Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын.
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!
2-Жүргізуші
Сәулесіндей көріндей таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
- 91bibinur
- 31 марта 2015
- 1372
- 0


