Ұлы ерлікке тағзым
Ұлы ерлікке тағзым
4.03.2015 ж. 5 сынып
Тақырыбы: «Ұлы ерлікке тағзым»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Ел ерлігін бағалайды;
Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын береді;
Туған жерге, еліне деген сүіспеншілігі артады ;
Ойлау қабілеті артып, өз ойын еркін жеткізеді;
Өз елінің патриоты болуға жетелейді.
Ұйымдастыру кезеңі.
Қатысушылар кірген кезде қолдарына стикер беріледі. «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап бере отырып, «иә», «жоқ» деген бөліктерге бөлінген қағазға жапсырады.
Топқа бөлу: Оқушылар қағаз қиындыларына жазылған өлең тармақтарын таңдап алады. Топқа қалай бөлінетіні туралы өз ойларын айтады.
Әр оқушы бөлме қабырғасына жапсырылған өлең жолдарына сүйене отырып, өлең тармақтарын құрастыру арқылы 4 топқа топтасады.

І топ
Соғыстан қайтқан солдаттар
Көз жасын сүртіп жаңа бір,
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңда тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
ІІ топ
Әлем бізді ұққан күн,
Жауды ініне тыққан күн.
Батыр атам алдынан
Әжем күліп шыққан күн.
Сағындырып жеткен күн,
Қадірі әбден өткен күн.
Тұңғыш рет туған жер
Тәтті ұйқыға кеткен үн.
ІІІ топ
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары
ІV топ
Арылтып жаудан жеріңді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді.
Десеңдер бұл қай күні,
Тоғызыншы мамыр күні!
Топтық жұмыс:
1-тапсырма: Әр топ құрастырылған өлең шумақтарына талдау жасайды.
І топ: Өлең мазмұнынан түйін жасаңыз.
ІІ топ: Өлең шумағын мәнеріне келтіріп оқыңыз.
ІІІ топ: Шумақты жалғастырып, өлең құрастырыңыз.
ІV топ: Өлең мазмұнын өмірмен байланыстырыңыз.
Топтық жұмыс:
2-тапсырма
http://www.youtube.com/watch?v=qVJ9lva13rw
сілтемесімен берілген бейнежазбаны қарайды.
Тыңдалым дағдысымен жұмыс:
Қоржыннан 4 топтың оқушылары төрт сұрақ алады.
1.Бауыржан Момышұлының сөздерінен не ой түйдіңіздер?
2.Азаматтық борыш дегенді қалай түсінесіздер?
3. «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!»
Б. Момышұлының осы сөздерінің астарынан не ұқтыңыздар?
4. Жеңіс үшін қандай іс-әрекеттер жасалды?
Сұраққа жауап жазуда оқушыларға ұсынылатын критерийлер:
Критерийлер
1. Топ мүшелерінің әрқайсысы ойын бір сөйлеммен жеткізеді
2. Айтылған сөйлемдерден жүйелі ой шығады
3. Сұрақтың жауабы мәнді әрі анық болады

Топтық жұмыс
3-тапсырма: Оқушыларға тапсырма жазылған парақшалар таратылады. Бейнежазбаны көрмес бұрын алғашқы сұраққа жауап жазады.


«Қос бүлдіршінді өрттен құтқарған оқушылар медальмен марапатталды» тақырыбында бейне түсірілім тамашалайды.
Мектеп оқушылары көрсеткен ерлік ескерусіз қалмады. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы маусымның 18-інде Жамбыл облысы, Байзақ ауданында мектеп оқушылары қос бүлдіршінді қызыл жалыннан құтқарып қалған.
Ата-анасы пәтерге қамап кеткен 3 пен 5 жастағы бүлдіршіндер шырпы жағып ойнаймыз деп баспанамен қоса жанып кете жаздаған еді. Ал, сол мезетте үй жанынан өтіп бара жатқан Бекзат Әлімжан мен Байзақ Молдатаев жан ұшыра жылаған бала даусын естіп, ойланбастан отқа оранған үйге терезеден кіреді.
Осылайша, 10-шы мектеп оқушылары басын бәйгеге тігіп, сәбилерді ажалдан арашалап қалды. Осыған орай бүгін ерлік көрсеткен екі оқушы Төтенше жағдайлар министрілігі медалімен марапатталды.
Байзақ Молдатаев, ерлік жасаған оқушының сөзі:
Бастысы - балалардың амандығы ғой. Соларды өрттен аман-есен алып шықсақ деп ойладық. Бірінші мақсат сол болды. Былай ерлігімізді бағалап, медаль беріп жатқанына қуаныштымыз.
Тыңдалым мәтіні бойынша тапсырма:
1.Қазіргі таңда ерлік бар ма?
2.Адамды ерлік жасауға не итермелейді?
............................................................................................................................................................................................................
3.Қос бүлдіршінді құтқарған жасөспірімдердің бойын үрей биледі ме? Қалай ойлайсыз?
............................................................................................................................................................................................................
4.Бұл балалар өз істерін ерлік деп санай ма?
............................................................................................................................................................................................................
5.Олардың орнында болсаң не істер едің?
............................................................................................................................................................................................................
Әрбір топ жұмысын аяқтаған соң , бірін –бірі бағалайды.
Бағалау парағы
Критерийлер 1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
1. Ұтымды дәлел
2. Нақты жауап
3. Сыни көзқарас
4. Қорытынды ой
«Өзгергің келе ме?» деген сауалға кім қандай жауап берді. Қалай өзгердік бүгінгі тақырыпқа қатысы бар ма? (оқушылардың жауаптарын тыңдау)
«Ақ тілек» Түрлі –түсті стикерлерге әр түрлі сөздер жазылады және оқушыларға таратылып беріледі. Мысалы: қалам, кітап, айна, білім. өмір. табиғат, теңіз, күн т.с.с. Оқушылар өзінің тобындағы оқушыға стикердегі сөзді қатыстырып, тілек жазады.
Рефлексия
Екі жұлдыз, бір тілек
Түйін: Елімізде тыныштық, әр отбасында береке, бірлік болсын!
Куанышева Майра ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру