«Бір халық-бір ел-бір тағдыр»
Тәрбиеші сөзі: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен
Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы деп қолымызбен құрған Ассамблея дүниеге келгеніне 20 жыл болды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды» деген Елбасы, елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған ҚХА - ның мерейтойлық ХХ сессиясын «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуының мәніне тоқталды. Ал сіздер осы атаудың мәнін түсіндіріп көріңдерші. (әр топтан оқушының ойы тыңдалады.)
Тәрбиеші әр топқа «Бала», «Ана», «Білім», «Денсаулық» сөздерін іледі. Осы сөздерді: «Қазақстан - 2050» стратегиясымен байланыстырып өз ойларын ортаға салады.
1 - ші топ:
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

2 - ші топ:
Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы – ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық – зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Ән: «Атамекен»-орындайтын хор.
«Ақ көгершін»-орындайтындар:Дуэт

3 - ші топ:
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
4 - ші топ:
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Тәрбиеші: Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын. Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.

Әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген Қазақ халқы шығады. Олар өз өнерлерін көрсетеді. 1-ән, 1-қазақ биі.
Лунара: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
(Орыс халық әнінің әуені естіліп, сахнаға Орыс халқының ұлт өкілдері шығады. 1-орыс халқының әні, 1-орыс биін көрсетеді.
(Сахнаға Өзбек халқының ұлт өкілдері шығады.1-ән,1-биін көрсетеді)
(Енді сахнаға Кәріс халқының ұлт өкілдері шығады.1-ән,1-биін орындайды)
(Енді сахнаға Үнді ұлтының өкілдерін шақырамыз)
Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.

Нұрсұлтан : Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр - дей келе әнге кезек берейік.
Ән: «Дос болайық бәріміз!» Хор.

Көрініс: «Бірлік»
Автор: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.
Тәрбиеші: Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
Ән: «Туған жер»
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің?
Тәрбиеші сөзі: Мемлекет басшысының айтуынша, ел иесі ретінде қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсетпестен, ұлтына, тілі мен дініне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін, Ата Заңды айқындадық. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдадық. Ал Елбасының тапсырмасы-мен дайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат болып табылады.. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Оларды жүзеге асыру жаһандық өзгерістердің күрделі жағдайында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін барлық күш - жігермен нығайту қажет. Өйткені, біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз!» – деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы. Ендеше осыған бәріміз де дайын болуымыз керек.
«Бір халық-бір ел-бір тағдыр» тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар! ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үндеуі Құрметті қазақстандықтар! Ел ішінде биыл кезектен тыс Президент сайлауын өткізу мәселесі қызу...
Қазақстан – 2050 стратегиясы: бір халық– бір ел – бір тағдыр» Мақсаты: Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, елтарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәмі

Қазақстан – 2050 стратегиясы: бір халық– бір ел – бір тағдыр» Мақсаты: Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, елтарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәмі

Тақырыбы: «Қазақстан – 2050 стратегиясы: бір халық– бір ел – бір тағдыр» Мақсаты: Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, елтарихын білуге, еліміздің...
Қазақ тілі туралы шығарма

Қазақ тілі туралы шығарма

Қазақ тілі туралы шығарма...
Менің тұңғыш Президентім!

Менің тұңғыш Президентім!

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім! Мақсаты: 1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға...
Ынтымақ- достық кепілі

Ынтымақ- достық кепілі

Ынтымақ- достық кепілі. Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге,...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру