Кітаптар әлеміне саяхат
ШҚО. Білім басқармасының «жетім балаларға арналған облыстық арнайы мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тәрбие сағаты:
«Кітаптар әлеміне саяхат»
Тәрбиеші: Мағзұмова Т.М.
Өскемен 2015
Кітаптар әлеміне саяхат
Мақсаттары:1) Қоғамымыздың ертеңі болар ұрпақ тәрбиесіне ден қоюда ата-анамен балалардың серігі- кітаптарды оқуға баулу.2) Кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру,кітаппен достастыру.3) Тіл байлығын дамыту,ертегі айтқызу арқылы мазмұнын айта білуге тәрбиелеу,балаларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке баулу.
Көрнекіліктер: Қақпа,пән кітаптары аттары,кітап туралы нақыл сөздер,слайд.Журналдар және газеттер
Сабақтың барысы
Кіріспе
Тәрбиеші:Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты-кітаптың адам өмірі мен қоғамдағы орнын айқындау;әлем тамашасын үйде отырып –ақ кәтаптан оқып,саяхат жасап,бар қызықты жаңалықтарды білуге болатынын еліміздің болашақ жас түлектеріне үйрету.
«Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтар ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нарын кітап көптеп»,-деп ақын жырлағандай,білім нәрімен сусынымызды қандыру үшін «Кітаптар әлеміне саяхатымызды» бастайық(Үлкен қақпа –кедергіге жолығады)
Тәрбиеші: Жолымызда кедергі болып тұрған не?
Балалар: Бұл қақпа ғой.
Тәрбиеші: Балалар мына қақпаны ашпасақ кітаптар әлеміне саяхатымызды жалғастыра алмаймыз.Бұл қақпаны ашуға сендердің көмектерің керек,яғыни білім, біліктерің қажет.
Ол үшін мынандай тапсырмаларды орындау қажет.
1-тапсырма:Жұмбақ шешу
1.Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.(Кітап)-Женя
2.Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.(Кітап)-Жеңіс
2-тапсырма: Кітап туралы нақыл сөздер айту.
Шыңғыс:Кітап-шебер ұстаз,ділсіз мұғалім.Кітап- адал пейіл,асыл дос.Кітап-мұхит,сол мұхиттан не терең? Мен біліммен ылғи дос болып өтер ем!
Қуаныш:Кітап-адам өмірінің таусылмас қазынасы,дүниенің айнасы,ғылым,білімнің көзі,өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы.
Самғар: Кітап -қарым-қатынастың,еңбектің,күрестің құдіретті құралы.»Кітап- білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен.
Негізгі бөлім:
Света:кітап ханшайымы Армысыңдар, құрметті оқушылар,Қазақстанның үміт атар ұлдары мен қыздары.Біздің кітаптар әлеміне қош келдіңдер.
(Осы кеде есік ашылып ,ана тілі жылап келеді де бұрышқа отыра қалады.),
Досжан:ана тілі Не деген сұмдық,сұмдық.....
Света:Бар білімннің,кітаптың көш басшы қымбатты Ана тілі, сіз қайда жүрсіз? Сізді іздеп таппағаныма неше күн, неше түн болды? Қайда болдыңыз?
Ана тілі Досжан: О, кітап ханшайымы, менің қайда болғанымды тәртіпсіз оқушылар біледі,жоғалып кетпегенсоң әйтеубір осы жерге келіп тұрмын ғой,бұғанда шүкірлік.Мына бір әдепті бала көмек беріп,жолға салып жібергені,әмәнда аман болсын.
Света: Қапалысыз ғой.
Досжан: Қалай қапаланбайсың?!Бар білімнің көш басшысы ана тілі едім салмақты.Біле алмадым мен асқаны ма,сасқаны ма? Парағымды паршалап,қорғанышым мұқабам қабырғасын күйретіп,күресіңге тастады,мені апарып сүйретіп...
Света:Қиын болған екен, бұл балалардың ісі ғой.Аман құтылған екенсіз,сабыр сақтаңыз.Айналайын ,«көш басшым», кел мұнда, мен бірдеңе білсем,сіз бүгін осы жерден нағыз дос табамыз.Бізге қонаққа келген мына оқушылардың жүзі жылы екен.»Түсі игіден түңілме» деген ғой атам қазақ.
Тәрбиеші: Есті адам баласы кітапқа қолының қалай жеткенін біледі ғой,ал мұндай істі әдепсіз,сотқар балалар ғана жаауы мүмкін.Дұрыс па балалар?
Оқушылар: Иә
Тәрбиеші: Ал енді балалар ойын ойнайық.»Жалғасын кім біледі?» ойыны Кітап, оқу, білімге байланысты мақал-мәтелдердің бастапқы бөлігін мен айтам, жалғасын сендер табасыңдар.
Тәрбиеші: Ой бәрекелді!
Ана тілі: Бұл оқушылар кітап қадірін біледі екен.Білімін сусындатып оқитындары көрініп тұр.Осындай балалармен дос болмағанда, кіммен досболамыз?
Света: Жарайсыңдар, балалар!
Кітаппен дос болайық,
Ата-бабаларымыздың үмітін ақтайық.
Оқу-білім саған пайда.
Ана тілі: Кітабыңның шетін жыртып,
Сиамен бояап қойма.
Тәрбиеші:Балалар , кітаптар әлеміне саяхатымыз өз мәресіне келіп жетті.Тәртіпсіз оқушылар болмаймыз деп уәде береміз бе?
Оқушылыр: Иә (Кітаптар туралы тақпақтар оқылады)
Шыңғыс:Адамның досы кітап,өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлік
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы
Асыл,ой қазынасы, өмір көркі
Қуаныш: Кітапты оқымайды сыйламаған
Білімге жанын жайып қинамаған
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Қорытынды.
Тәрбиеші: Балалар кітапты оқыған сайын білімдерінің артатынын өздерің де айтып отырсыңдар.Ендше кітапты үзбей оқып, өзіңе сенімді дос етіп табыса білгің.»Адам керуен,өмір жол», сол өмір жолында кітаппен сенімді дос болыңдар.Еңбектеніп,ерінбей оқи беріңдер,оқығандарыңды тоқи беріңдер. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру