«Ел үмітін – ер ақтар, Ер есімін – ел сақтар!»
«Балтабай орта мектебі-мектепке
дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жанайбекова Айсулу
Тақырыбы:Ұлы жеңістің 70 жылдық мерей тойына арналған
«Ел үмітін – ер ақтар,
Ер есімін – ел сақтар!» атты іс – шара.
Мақсаты:
1.Оқушыларға отты жылдары Отан үшін от кешкен, жандарын пида еткен ерлерімізді құрметтеуге, олардың рухына тағзым етуге тәрбиелеу.
2.Еңбекшіқазақ ауданынан шыққан Ұлы Отан Соғысына қатысқан 8 батырдың өмірбаянымен, ерлік істерімен таныстыру.
3.Оқушылардың патриоттық сезімін оятуға және елін, жерін қорғауға оны сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
1.1941 жылғы 22 маусым күнгі соғыстың басталуын хабардар ету.
2. Көрініс.
3.Қанатты сөздер.
4.Интерактивті тақтада Ұлы Отан Соғысының батырлары туралы слайд

Енді қайтып соғыс өрті болмасын
Қыршындардын өмір гүлі солмасын
Аналардың ақ жүрегін әрқашан
Бүкіл әлем қамқор болып қорғасын
Отан үшін отқа түс –күймейсің!
Ежелден-ақ қаhарман қазақ халқы,
Елді қорғау айбынды ата-салты.
Жеңістің жетпіс жылдық мерейіне,
Ерлерді еске алайық артсын даңқы!

Қаhарлы қырық бірдің жазы келді,
Жаhанда жойқын соғыс тарихқа енді.
Фашистік індет жайлап жердің жүзін,
Отанға басқыншылық қауіп төнді.
Шығыстан таң шапағы жаңа біліне бастаған кез.Еңбек адамдары қанмен қаперсіз ұйқыда. Кенет батыс жақтан қызылды – жасылды оттар шекараға тақап, ұшақтар гүрілдеп ұшып келеді. Бұл 1941жылдың 22 маусымы еді.
Көрініс:
22 маусым күні сағат: 8.00 – де ауыл тұрғындарының ауыл радиосынан Левитанның соғыс туралы хабарын есту сәті. Осы сәтте залдың сол жағынан қыз 2 бақырымен су көтеріп келе жатады, ал жігіт залдың оң жағынан шығып қызбен амандасып, бақырын қолына алып екеуі әңгімелесе келе жатады. Есік алдында 2 апа әңгімелесіп отырады, ал балалар асық ойнап жатады.
Кенет радиодан: «тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым сағат: таңғы 4.00 – де фашистік Германия тұтқиылдан елімізге басып кірді».
2 бала: асық ойнап жатқан балалар, ести сала үйіне кіріп, әкесіне соғыс басталғанын айтады.
1 бала: Әке, әке, әке...
2 бала: соғыс басталды, соғыс...
Әкесі: Не дейді, қайдан естідіңдер?
1 апа: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 апа: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
Әкесі:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңыздар, жастарыңызды тиыңыздар!
Мен барып біліп келейін. Музыка қаттырақ қойылып, әйел қауымы ортаға жиналып, сөйлесуде.
Ал залдың оң жағынан жігіттер тобы шығады. Музыка бәсеңдетіледі.
1 апа: Ал енді қарақтарым, Отанымызды, жерімізді, ұрпақтарымызды қорғау сендердің қолдарыңда. Жаудың бетін қайтарып, жеңіспен оралыңдар!
1 жігіт. Әйел, бала – шағаларымыз, ауылымыз сіздерге аманат. Көріскенше сау – салаиат болыңыздар.
Осы кезде жігіттер сапқа тұра қалады.
Ұран: Отанды біз қорғаймыз,
Жаудың алдын ораймыз!
Бәрі: Отан үшін алға! Ура, ура, ура.
Әйелдер, қыздар көз жастарын сығып, қолдарын бұлғай қала береді.
Соғыс осылай басталды Фашистер соғыс ашуға сақадай сай дайындалған.Олар соғысқа 190дивизия, 500 ұшақ,3700 танк, 50 мыңдай қару –жарақ, пулемет, минамет және 5,5 миллиондай әскермен тұтқиылдан басып кірді.
Ұлы Отан Соғысына Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам қатысты.Олардың 400 мыңы әйелдер еді. Соғыс кезінде Отан үшін, ел үшін талай боздақтар жанын пида етті. Олардың көпшілігі 17-18 жастағы өрімдей жастар еді.Басым көпшілігі ұлы жеңісті көре алмай кейінгі ұрпақтын бақыты үшін жат жерде көз жұмды. Соғыс жылдарында елде қалған қариялар мен аналар, бота тірсек балалар, күн демей,түн демей ашқұрсақ күйлеріндеарпалысып еңбек етті.
Соғыс кезінде Қазақстаннан барған 500 жауынгерлер мен офицерлер, оның ішінде 100 ден астам қазақ ұлтының азаматтары Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атаққа ие болды.
Мерей: Ал, аттан, дос –бауырлар Отан үшін
Тасқындап күннен күнге қайрат күшің
Соққы бер, соққы үстіне, жайрасын жау
Жеңгенін көрсін әлем әділ істің.

Ал қане, аттан қазақ, аттан қазақ!
Тұнжырып төнді басқа қатерлі шақ
Дауылы зор майданның тұрып тағы
Жатқан кез жер солқылдап, көк дуылдап.

Төрт бұрышын сонау шалғай Европаның
Өрт қаулап, тұншықтырып басқан жалын
Өмірдің арсыз өскен албастысы
Салып тұр бейбіт елге бар лақын.

Дариға : Қарасаң Европаға көз жіберсе
Ыңырсып қара көзін бір төңкеріп
Күнәдан жаны таза жас адамдар
Майданның даласында жатыр өліп.

Түксиіп қаптаған жау қара бұлттай
Тіресіп тұра алмады қара бұлттай
Қорғауды әділ байтақ мекеніңді
Жат жерде маңайына жан жуытпай.
Ән: «Кестелі орамал»
«Жылнамаларда халық тарихының тек драмалық сәттері, соғыстар ғана қамтылады. Бейбітшілік тарих жадында ұзақ сақталмайды», - деп Олжас Сүлейменов айтып өткендей, қазақ мемлекетінің тарихын таразылап отырсақ, әр парағы қанмен жазылған.Алайда Қаз дауысты Қазыбек бидің тілімен сөйлесек:
«Төрімізден құт береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Туырлыққа – ту іліп,
Қыннан қылыш суырып,
Көк найзаның ұшымен күдері үкі таққан елміз», - деген.
Ауданымыздан сонау 1941 жылы сұрапыл соғыс алаңына 6 000 – ға жуық майдангер аттанды. Оның ішінен ерен ерлік үлгісін көрсетіп, Кеңес Одағының батыры атанған Рақымжан Тоқатаев, Қашаған Жаманғараев, Төлен Кенжебаев, Жүнісбай Қайыпов, Әлікбай Қосаев, П.В.Вихрев және Ыбырайым Қалдыбаевтың ерліктері жайлы айтпақпыз.
Нұрдаулет: Батыс бардық, Балқан бардық бөктерлеп,
Қарпат астық, Альпі аттадық көкке өрлеп.
Европаның аспанында тұрдық біз,
Кеудемізді қасиетті кек кернеп.

Жалба – жұлба жауыздықтың түлегі,
Жер жасырған, аласұрған түн еді.
Сонда біздің дауысымыз уралап,
Көктем келіп күркіреген күн еді.
Еділ: Рақымжан Тоқатаев – 1923 жылы Алматы обылысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында армия қатарына шақырылды.1632-Станислав атындағы танкіге қарсы атқыштар полкінде қызмет етті. Чехославакияны азат ету үшін болған ұрыста жаудың 9 танкісін, 1 самоходын, 4 БПРді отқа орап, колоннаның жолын бөгеп тастаған . Осы ерлігі үшін Сержант Рақымжан ТоқатаевқаКеңес Одағының Батыры атағы 1945 жылдың 29 маусымында берілді.
Соғыстан кейінгі жылдары ұстаздық қызмет атқарды .Туған ауылы Қаракемерде ескерткіш,Есік қаласындағы бір мектепке Рақымжан Тоқатаев есімі берілді.
Ерасыл: «Біз отанның салдатымыз! – деп шырқап,
Тұрдық біздер көк дауылдай күй бұрқап.
Көкке ұшты да ұлы мұхит тасқыны,
Жаһан тұрды тыны қарап таңырқап».

Біз Отанның солдатымыз, тыңда жер!
Жерді зират етем десе жау егер
Адамзаттың аманатын ар тұтқан
Біз,біз – адал дүниеге мұрагер.
Хор: «Мұрагерлер маршы»
Иманқазы: Қашаған Жаманқараев 1910жылы Алматы обылысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында туған. Майданға өз еркімен аттанды. Глуховск артеллерия дивизиясының құрамында Сталинград түбінде , Днепрде ,Курск доғасында шайқасқан. Днепрдің батыс жағалауына шығу үшін болған шайқаста өзенді кешіп өтіп, жау жайлаған аумақтан плацдарм алғаны үшін Қашаған Жаманқараевқа 1943 жылы 17 қазанда Ұлы Отан СоғысыБатыры атағына қоса «Ленин» Ордені мен «Қызыл жұлдыз» орденін таққан. Соғыстан кейінгі жылдарда ауылында өмірінің соңына дейін қажырлы еңбек етті. Есік қаласының үлкен бір көшесі Қашаған Жаманқараев есімімен аталады.
Аяулым: Қар жамылған кең дала қанға бөгіп,
Гүрілдейді сұр аспан өлім төгіп.
Жаса қазақ мұрттай ұшты уралап
Жанын қиып кете алмай жас өмірден
Асқақтаған арманға өрмелеумен
Жас қазақ жатты көзі от жайнап
Сол бетінде жан берді, ол тұрмады,
Ары үшін елінің боп құрбаны
Жас қазақ атылады оқтай көре сап
Ел қорғаған заманда жас арыстан
Төлегендей артыңа қалдыр дастан
Жас қазақ жатты жауын жаныштап.
Ердаулет: Төлен Қабылов – 1917 жылы Алматы облысы Шелек ауданы Асысаға ауылында туған. 1942 жылы майданға аттанды. Сталинградтты,Донды, Қырымды, Украинаны, Беларусьты, Литваны азат ету ұрыстарына қатысты. Кенигеберг үшін қанды соғыста жауды тойтаруда1945 жылы 10сәуірде жаудың басымдығына қарамастан Төлен Қабылов бөлімшесі бір адым да шегінбеді. Жақын келіп қалған танкке граната лақтырып қиратып,өзі де мерт болды.1945 жылы 19 сәуірде Төлен Қабыловқа Кеңес Одағының батыр атағы берілді.
Туған ауылы Асысаға ауылындағы мектеп Батыр есімімен аталады. Сол мектепте музейі, ескерткіші бар.
Бауыржан: Қан құйлы зұлымдықпен сеуіп уын
Отанның тартып алмақ орман, суын.
Кәрі жын айдаһардай аузын ашып
Ниеті азаттықтың жығу туын.

Қайнамас бұған қалай ыза мен кек
Дарытпай жаудың оғын жүрекке дөп.
Қалың қол селдей қаптан ұмтыламыз
Дұшпанға өзі тиген кешірім жоқ.
Назерке: Төле Кенжебаев – 1902 жылы Алматы обылысы Шелек ауданы Шелек ауылында туған . 1942 жылы өз еркімен майданға аттанады. Неміс командасы иесі әсіресе, күшті табиғи тосқауыл болған Днепр өзеніне ерекше маңыз берді. Днепр үшін болған ұрыста жерлесіміз қалытқыға екі қолды тіреп өзеннен жүзіп өтуді қамтамасыз етеді.Екінші рет өткенде жау байқап қалған жау шабуылын тойтарып, үш фашисті, бір офицерін тұтқындайды 1944 жылы 15 қаңтарда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Төле Кенжебаевқа Кеңес Одағының батыры атағы беріледі.
Соғыстан кейін«Авангард» кеңшарында жұмыс істеп, 1988 жылы 86 жасында қайтыс болды. Шелекте бір мектеп Төле Кенжебаев есімімен аталады.
Хор: «Қазақстан қыран дала»

Ұлдана: Жаутаңдап қарап дала тұр
Көз жасын сүртіп бала тұр
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр
Қанша үйде сөніп қалды оттар
Көрдің бе ұлын ананың
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Тоқтар: Жүнісбай Қайыпов – 1907 жылы Алматы обылысы Шелек ауданы Жаңатұрмыс ауылының түлегі. Соғысқа 1941жылдан бастап қатысты.Бас қолбасшының резервіндегі 54-жеңіл артиллерия полкінің құрамында шайқасты. Старшина Қайыпов 1942 жылы Ленинград қорғанысын бұзып өтуге немістерге тойтарыс беру кезінде ерліктің үлгісін көрсетті. Оның зеңбірекшілері екі танкті қиратып, жау кейін шегінді. Ұрыста жанқиярлық ерлік көрсеткені үшін 1944 жылғы 17қаңтардаМоторова елді мекені үшін болған ұрыста жауынгерлермен бірге минометті батареяны, төрт дзот пен танкке қарсы зеңбіректі жойды. Новгород қаласын азат етуде Қайыповтың тобы тағы бір батареяның күлін көкке ұшырды. Осы шайқаста өзі де қайтыс болды. 1944 жылы шілде айында оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Қазір өзінің туған ауылында бір мектеп батыр атымен аталады.
Рысбек: Бұлт басып күңіренді
Күзге қарсы ақ аспан
Дабыл қағып ерлер жөнелді
Қару жарақ белге асқан.
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам
Анау жаудың танктері зулаған
Ресей кең, Ресей кең, артымызда – Москва
Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам!
Аттық қане, аттық қане,
Ал гранат, ал қанша
Ақтық қаның ақтық жаның
Айқасамыз қалғанша.
Әния: Әлікбай Қосаев 1905 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тумасы. 1941 жылы 18 шілде де армия қатарына шақыртылып, Алматыда құрылған 316-атқыштар дивизиясында болады. Дивизия кеңес одағының астанасы Мәскеуді қорғауға жіберіледі. Қосаев, Дубосекова разъезінің жанында болған аңызға айналған 28-панфиловшылардың бірі.Күші басым жаумен шайқаста ерлікпен қаза тапты. Қан майдандағы қаһармандық ерлігі үшін Әлікбай Қосаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Ескерткіші Алматыда 28 панфиловшылар паркінде орнатылған.
Мақпал: Біз – панфиловшыл ерлерміз
Қан майданда қарысқан
Жауды жайпап жерлейміз деп,
От тұтанып намыстан
Ей, Панфиловшыл гвардия
Шыңдаған шар болатпыз
Туған Отан, туған ұя
Мәңгі қорғамақпыз.
Диана: Вихрев Петр Борисович – 1909 жылы Алматы обылысы Шелек ауылында дүниеге келген. Соғысқа 1941жылы 12 тамызда шақырылған. 8-гвардиялық Панфилов атқыштар дивизиясының 1075-ші полкі 6-шы ротасында саяси жетекші болды. Мәскеуді қорғау бағытындағы кескілескен шайқаста П.Б. Вихревтың 6-шы ротасының жауынгерлері күні бойы жау шабуылына тойтарыс беріп, бір қадам алға бастырмай қойды. Осы ұрыста олар жаудың бес танкісімен біргеавтоматшылар взводын жойды. Өздерінің де қатары сиреп, Вихрев жалғыз солдатымен қалды. Петр Борисович жаумен жалғыз жағаласып, тағы екі танкті отқа орады, жау қоршауында қалған ол соңғы оғын өзіне жұмсап ерлікпен қаза болды. Оның қабірі Волоколомск тас жолынан 7 шақырым жердегі Петелино селосында.
1943 жылы 31 наурызда оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Қазір Шелек ауылында П.Б. Вихрев атындағы бір мектеп, бір көше бар.
Еділ: Өлтірмек болды дұшпан баламызды
Өртемек болды дұшпан қаламызды
Қас дұшпан қалдық қорғап сонда біздер
Осынау қасиетті даламызды
Аямай төгіп маңдай терімізді
Бөледік гүлге бүгін жерімізді
Шаттықпен әнге қосып жыр қыламыз
Әлемге даңқы шыққан елімізді.
Ыбырайым Қалдыбаев – 1942жылы 4-ші ковалерлік корпусының 61-ковалерлік дивизиясындағы 13 жекелей атты артиллериялық құрамында болып, Сталинград түбіндегі ұрысқа алғаш рет қатысты. Орлов, Курск ішіндегі Днепрден өтерде Леове қаласындағы шайқастарда ерлік көрсетті. 1-Беларус майданының құрамында Мозрь, Варшава қалаларын азат етуде батырлық танытты.
Ұрпақ үшін басын өлімге тіге білген батыр атамыздың ерен ерлігі еленіп «Даңқ» орденінің толық иегері атанды.Сондай-ақ жоғары Бас қолбасшының 10мәрте алғысына ие болған батырымыз соғыстан кейін Шелек ауданында біраз жылдар ерінбей еңбек етті.
Ғұмырының бірнеше жылдарын Қазақстан ауылында, Есік қаласында өткізіп қайтыс болды.
Міне, осындай аталарымыз нағыз батырлардың батыры. Елдік жолында ерлік көрсетіп, еліне,ұлтына тыныс болған бұл біздің батырларымыз. Болашағымыз еркіндік самалымен тыныстап,бостандық таңында ғұмыр кешуіміз солардың арқасы. Аталарымыздың есімдері ұрпақ жадында мәңгі сақталатыны ақиқат. «Сыйлаған біздерге нұр таңын,
Ерлікпен бас иер ұрпағың», - дей келе 1минуттық еске алу.
Хор «Ақ көгершін».
Елнұр: Көз алдымда Ұлы Отан соғысы
Жүрегімде шеккен зардап сол жылғы
Көрмесем де көргендеймін зұлматты
Көз алдымда Отты жылдар ұрысы.

Елі үшін талай боздақ танытты ер
Батыр қыздар – Әлия мен Мәншүктер
Қорғау үшін Отан менен анасын
Жанын берді Нүркен менен Мәлікте.

Айбота: Қорғау үшін Отанымды, елімді
Қорғау үшін Отан Ана жерімді
Жауынгерлер күндіз –түні жан салып
Жауды жеңіп жеңіске де берілді.
Жанерке: Жеңіс, жеңіс,неткен қымбат сөз еді
Жүрек тулап тебіреніс сезеді
Жетпіс жылдық асқарынан жарқырап
Жеңіс үні жердің жүзін кезеді.

Елжіремей еске алу мүмкін бе
Жетпей кеткен қанша боздақ бұл күнге
Қалжыраған қарт майдангер ортада
Құшағыңды аш кеудеңе бас іркілме

Отан үшін отқа оралған боздақтар
Өткен өмір шежіресін қозқап қал
Ұрпақтарың ұлағатын ұғынса
Жеңіс күнін мәңгілікке ардақтар.

Жеңіс осы желпіндіріп адамды
Желпіп өткен қалаң мен далаңды
Жеңіс осы жетпістегі атаң боп
Тыныштықты тербеп тұрған балаңды.
Хор: Көк тудың желбірегені ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Олар- Отан үшін от кешкендер

Олар- Отан үшін от кешкендер

Баянгазина М, ШҚО,Зайсан қаласы М. Дәуленов атындағы мектеп-интернат Тақырыбы: Олар- Отан үшін от кешкендер Мақсаты; Ұлы Жеңісті...
Қазақтың қайсар ұлы Кеңес Одағының батыры  Махмет Қайырбаев

Қазақтың қайсар ұлы Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев

Қазақтың қайсар ұлы Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев,...
«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады»

«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады»

Кештің тақырыбы: «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады» (Сахна ашылып, Экраннан бейне көрініс көрсетіледі.) 1 жүргізуші :...
Біз Жеңістің ұрпақтарымыз

Біз Жеңістің ұрпақтарымыз

Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 кәсіптік лицейінің экономика пәні оқытушысы Бәйімбетова Алтынай Амангелдіқызы Ашық тәрбие сағатының жоспары...
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)

Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)

Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру