Сабақтың тақырыбы: Бағдаршам
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесіне сәйкес
бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
2.Оқушыларды жолда жүру ережесін мұқият сақтауға ,
жауапкершілік сезімдерін дамыту.
3.Зейінді епті болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жол белгілері, бағдаршам, машина.
Ұйымдастыру:
Көрініс
МАИ қызметкері : Балалар біздің қаламызда кішкентай ақымақ қоян өмір сүреді екен. Қоян жол ережесін білмейді.
Қоян көшенің арғы бетіне өтпекші болады.
Қоян: Маған жол ережесін білу қажет емес. Мен көліктерден қорықпаймын. Кез-келген жерден зу етіп өте шығамын.(Балаларды тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда көлік оны қағып кетеді. Бұл жағдайды көрген жол полициясы жедел жәрдемге қонырау шалады.
МАИ қызметкері : Сәлеметсізбе? Бұл жедел жәрдем бе? Тез келсеңіздер екен. Қоянды көлік қағып кетті.
Жедел жәрдем келеді.
Дәрігер: Қай жерің ауырып жатыр?
Қоян: Аяғым
МАИ қызметкері: Жылама қоянжан, Бағдаршамға қарап ,жол ережесін сақтағаныңда мұндай жағдай болмас еді.
МАИ қызметкері : Дәрігер қоянның жағдайы қалай?
Дәрігер: Қоянды ауруханаға алып кетеміз.
(1 апта өткеннен кейін)
МАИ қызметкері : Балалар сендерге айтар сүйінші хабарым бар. Қоян бүгін ауруханадан шығады.
Қоян: Балалар, меннен бір қателік кетті. Мен жол ережесіне мән бермеппін. Маған бағдаршам туралы айтып беріңдерші.
Мұғалім : Жақсы балалар қоянға көмектесеміз бе? Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыз «Бағдаршам» туралы болмақ. Бағдаршамның үш көзі –үш түрлі. Қызыл, жасыл, сары.
Бүгінгі сайыс сабағымызда үш топқа бөлініп отырамыз.
I-ші топ«Жасылдар»
II-ші топ «Сарылар»
III-ші топ «Қызылдар»
Сайыста төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
1.Таныстыру
2. Жұмбақтар шешу
3.Ситуациялық жағдайлардан шығу
4.Жол белгілерін еске түсірейік (суреттер құрастыру)
1.Таныстыру
I-ші топ«Жасылдар»
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
II-ші топ «Сарылар»
Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға!
III-ші топ «Қызылдар»
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Балалар қоянға көмектесу үшін бағдаршам туралы айтып кетейін.
Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.Бағдаршамның үш көзі бар. Үш көзі-үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал , ортадағы сары көзі жанса , көліктер дайындалады. Ал жасыл көзі жанса жол ашылады, көліктер жүреді.Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Олай болса , көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанауға болмайды. Ең алғаш бағдаршам теміржол бойында болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.Оны көше қозғалысына ыңғайлап , қайта жасаған ағылшын Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондонда парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады. 1914 жылы Америка қаласында пайда болады. Бірақ ол бағдаршамның көзі екеу болған. Қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана бастады. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де , түнде де , тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажырытылады. Сары- қызыл мен жасыл түстердің айырым белгісі.
II-ші турымызға өтсек.
Жұмбақтар шешу
Бір дәу үш көзді
Оған жас-кәріміз
Бағынамыз бәріміз. (Бағдаршам)
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы түзеткен. (Жол сақшысы)
Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді (машина)
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)
III –ші турымыз Ситуациялық жағдайлардан шығу.
I-ші топқа:
Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа не істеу керек? (Артыңа қарамай жолдан өту керек)
II-ші топқа:
Сен жолдан өтіп келе жатырсың . Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің . Сен не істейсің? (Келесі автобусты күту)
III-ші топқа:
Сен автобустан шықтың . Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің? (Автобустан артынан өту керек)
IV –ші турымыз
Жол белгілерін еске түсірейік (суреттер құрастыру)
Фигуралардан жол белгілерін құрастыру.
Қорытынды:
-Бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы өттік?
-Бағдаршамның еше көзі бар?
-Түстері нені білдіреді?
-Ең алғаш бағдаршамның көзі нешеу болған?
- m10121989
- 18 февраля 2015
- 2214
- 0



