Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ардақты ата-аналар! Сіздерді биылғы басталғалы отырған жаңа оқу жылымен құттықтаймын! Жазғы демалыстарыңызды жақсы өткізіп келдіңіздер деген ойдамын, енді міне 1 сыныпқа келіп, жаңа оқу жылын жаңа күшпен бастайтын уақыт келіп жетті. Келе жатқан оқу жылында сәттілік, шыдамдылық, биік белестерді бағындыруларыңды, ылғи 4 және 5 деген бағаларға оқуларыңды тілеймін.
Бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы әңгімелесеміз. Сабағымыздың мақсаты: еліміздің тарихы жайлы, Астана қаласы жөнінде, Президентіміз туралы мәліметтер алу. Ізгі тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.
Балалар кішкене паравоз құрып 1 аялдамаға келеді.
1 аялдама «Мемлекеттік рәміздер»
-Егеменді Қазақтан!
Ән ұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Жаңағы біздің шырқап айтқан әніміз бұл жай ел туралы ән емес, бұл біздің еліміз үшін ерекше,құдіретті, ең қасиетті, әрі әдемі ән. Бұл ән Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Біле білсеңдер ҚР-ның үш мемлекеттік рәмізі бар. Ол Әнұран, Ту және Елтаңба. Жер шарында бар әр мемлекеттің өзіндік үш рәмізі болады. Мемлекеттік рәміздерді біз қастерлеп сақтауымыз керек. (бұл жерде ҚР-ның рәміздерінің суреттері көрсетіліп, рәміздеріміздің авторы мен олардағы суреттердің не білдіретінін түсіндіру)
2-ші аялдама « Ел тарихы - жер тарихы»
Еліміз тәуелсіз ел атану үшін біздің Отандастарымыз, ата-бабаларымыз көп тер мен қан төккен, біздің елдің болашағы үшін өмірлерін қиған. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Абылай сынды еліміздің батырлары жоңғарлармен соғыста ерлік көрсетті. «Желтоқсан оқиғасында» да батырлығымен есімізде қалған ерлер мен қыздар бар. Олар Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Мінеки, осындай ардақты ерлердің қанымен келген келген тәуелсіздік қазақ еліне қайырлы болды. (Батырлардың суреттері көрсетіледі, Отан туралы мақал-мәтелдер айтылады)
Біздің Отанымыз осы 22 жылда қандай жетістіктерге жетті соны тізбектесек:
* 1991 жылы 29 тамызда ҚР президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.
* 2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
* 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.
• 10 желтоқсанда Қазақстан Советтік Социалистік Мемлекеті Қазақстан Республикасы болып ауыстырылды.
• 16 желтоқсанда ҚР Президенті «ҚР мемлекетінің тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.
• 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Конституция қабылданды. 2015 жылы, яғни бір жылдан кейін Конституциямызға 20 жыл толады. Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды мерзім. Конституция кітабы 9 бөлімнен, оның ішінде 98 баптан тұрады.
• 1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты
Сергіту сәті:
Қара жорға биін қойып билету
3-ші аялдама Астана қаласы
1998 жылы 6 мамырда ҚР президентінің нұсқауымен Ақмола қаласы – Қазақстан Республикасының астанысы Астана қаласы болып аталынды. Қазіргі кезде ел ордасы Астана қаласы ертегі қалашығына айналды. Түрлі мәдени құрылыс мекемелері, үйлер, ескерткіштер салынды. ( Бұл жерде Қазақ елінің бұрынғы астаналары жайлы айтылып, Астана қаласының суреттері көрсетіледі )
Қазақстан бүкіл әлемге қуатты, тәуелсіз, халық арасында бейбітшілік орнаған мемлекет ретінде танымал болды. Туризм, спорт, білім беру, медицина салаларында жетістіктерге жеттік. Халықтың тұрмыстық жағдайы әлдеқайда жақсарды. Мектептер, балабақшалар мен ауруханалар салынды, қалалар гүлденді. Зейнеткерлерге, дәрігерлер мен мұғалімдерге жалақыларын арттырды. Жалпы алғанда жұмыс істейтін адамдардың еңбегі артты.
4-ші аялдама «Президент»
ҚР-ның Президентінің портреті көрсетіліп, туған жылы, туған жері туралы әңгімелеу.
Сұрақ-жауап сайысы
1. Қазақстан қандай ел?
2. Қазақстанның қанша халқы бар?
3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер?
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала?
5. Біздің еліміздің басшысы кім?
Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген балаға сыйлық беріледі.
Қорытынды: - Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаштың атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін! ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Менің отаным – Қазақстан

Менің отаным – Қазақстан

Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылы «Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналды мемлекеттік мекемесінің орыс тілінде білім...
Азаттықтың ақ таңы

Азаттықтың ақ таңы

Батыс Қазақстан облысы , Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қасымова Гүлназ...
Рәміздерім – мақтанышым

Рәміздерім – мақтанышым

Тәрбие сағатының тақырыбы Рәміздерім – мақтанышым. Сабақтың мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, халқының...
«Ұрпаққа мақтан, Дауылпаз дастан, Тәуелсіз Қазақстан»

«Ұрпаққа мақтан, Дауылпаз дастан, Тәуелсіз Қазақстан»

Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке ,Отанына, халқына адал қызмет етуге, ел рәміздерін қастерлеуге, халықтың тегі мен тарихын...
Менің тұңғыш Президентім!

Менің тұңғыш Президентім!

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім! Мақсаты: 1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру