”Ғажайып жетілік”
Тақырыбы:”Ғажайып жетілік”
Cабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың математика пәні бойынша білім- білік дағдыларын қалыптастыру.
2.Оқушыларды ұқыптылыққа,білімділікке,өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.
3.Талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.
Көрнекілігі: Математикалық плакаттар, фигуралар, математикалық ребустар.
Сабақ типі Дәстүрлі емес сабақ
Сабақ түрі Сайыс сабақ
Сабақ кезеңі:
Ұйымдастыру: Амандасу,топтарды және топ мүшелерін таныстыру.
Негізгі кезең :
1. Амандасыу, топтың атын қорғау. Эмблема,плакат,ұран.
2. Сұрақ-жауап
3. Кроссворд
4. “Тапқыш болсаң, тауып көр”математикалық жұмбақтар.
5. Топ басшылар сайысы.
6. Математикалық ойындар.
7. Анықтаманы жалғастыр.
Қорытынды:Топтарды бағалап,білімді топты хабарлау.Ойынға белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.
Жүргізуші :
Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер. “Ғажайып жетілік” атты жарыс сабағымызға хош келдіңіздер.
“Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы-білім”деген екен шығыс ғұламасы Абу Райхан Ал Бируни. Ендеше сайысымызды бастайық.
Жарыс кезеңдері мен таныстырып өтейік:
Жарыс кезеңдері :
1.Амандасып, топтың атын қорғап шығу.Эмблема,плакат,ұран.
2.Сұрақ-жауап.
3.Сөз жұмбақ.
4. «Тапқыш болсаң, тауып көр»
5.Топ басшылар сайысы.
6.Математикалық ойын,.
7.Анықтаманы жалғастыр.
«Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз-адамның ең жоғарғы қасиеті» деген Габиден Мустафин. Ендеше сайысымызды «Жиын» тобы бастап береді .
«Жиын» тобы:
Ұраны:
«Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»
«Тапқырлар» тобы:
Ұраны:
«Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетеміз мектепте алған білімді»
Жүргізуші:
«Білекке сенген заманда-ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда-қапы қалып жүрмейік»-деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға өтейік.
Бұл турымызда шардағы сұрақтарға топ мүшелері жауап қайтаруы қажет.Ендеше, бастайық.
Жүргізуші : Келесі кезең сөз жұмбақ шешу. Екі топ бір- біріне cөз жұмбақ дайындап келген және сол сөз жұмбақтарын топ мүшелері бір-бірі мен ойласпай шешу керек.

Нөл әрқашан ештеңені білдіре бермейді. Егер нөлді саннан кейін тіркесе,ол сан он есе көбейеді.Оның себебі-біз санның орналасуы оның мәнін білдіретін «есептеп шығарудың позициялы жүйесін» пайдаланамыз. Мысалы, 123 саны–бір жүздік, екі ондық және үш бірлік. Бос орындарды толтыру ұшін бізге нөл қажет, әйтпесе, біз 11ді 101 ден ажырата алмаймыз. Осы нөлдің қысқаша тарихымен таныстырып өтейін.
Осыдан 4000 жыл бұрын Иракта вавилондықтар саз балшықтағы белгілер арасында бос орындар қалдыру арқылы нөлді бейнелеген және осы бос қалдырылған орындардың шын мәнінде санды білдіретіні олардың тіпті қаперіне де келген емес.
Б.д.д.350 ж.
Ежелгі гректер тамаша математиктер болған, бірақ олар нөл ұғымын саналарынан мүлдем шығарып тастаған. Грек философы Аристотель былай деген : «Нөлге тыйым салу керек, өйткені соның салдарынан адамдар сандарды нөлге бөлуге әрекеттенген кезде, есептеуде ретсіздік орын алады.
1150 жыл
Нөл Еуропаға араб елдері үнді сандарын пайдаланған кезде ХII ғасырда келді. Адамдар есеп айырысу кезінде ештеңені пайдаланудың өте қолайлы екенін түсінді. Енді осы нөл туралы оқушылар «Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек» атты бір көрініс дайындап келген, ендеше сол көріністі тамашалайсыңдар.
«Тоғыз тоңқылдақ,бір шіңкілдек».
Арифметика елінде, Математика жерінде «Сандар патшасы» болыпты. Ол патша өте байсалды, өте мейірбан екен. Сол патшаның екі әйелі болыпты. Бірінші әйелінен 9 ұлы , екінші әйелінен 1 ұлы болыпты. 9 ұлының аттары 1 2 3 4 5 6 7 8 9 екен. Олар өте ашушақ, інісіне күн көрсетпепті. Оларды қалық тоңқылдақтар деп атапты. Ал, кіші баласы қолынан еш нәрсе келмей тек шіңкілдеп жылайтын екен. Оны қалық шіңкілдек деп атапты.
Бір күні бала ойнап отырса, ағалары жанына келіп оны ұрып:
-Қәне қолыңдағыны бізге бер, әйтпесе, күніңді көрсетеміз - депті
-Жоқ, бермейм, бұны маған әкем берген.
-Балдар, алың қолындағысын.
-Жоқ, бермейм, менде санмын, санмын.
-Қайдағы сан? Сені я санап болмаса, сен кет, сен нөлсің.
-Бізге қәжетің жоқ.
Тоңқылдақтар баланың қолындағы «сан» деген атын да тартып алыпты. Шіңкілдек байғұс не қылсын шіңкілдеп мына өлеңді айтыпты.
«Ақ сиса, қызыл сиса,сиса,
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса,
Зорлықшыл тоғыз ағам тартып алып,
Атандым сол себепті «жаяу муса».
Бұл сөздер патшаның құлағына да жетіп барыпты.
Сандар патшасы балдарын алдына шақырып жазалауды ойлайды,және ол ашуды ақылға жеңдіріп, балаларына мысал мен айтып түсіндіруді ойлады.
-Ұлдарым, қәне бәрің тізіліп тұрыңдаршы,жарайсыңдар.
Сол кезде және бәрі нөлді қуып жібереді.Нөл қай жерде тұрарын білмей тұрады.Оны патша көріп:
-Тоғыз сен мында кел,айтшы сен нешесің?
-Тоғызбын, яғни бірлік разряд.
-Нөл жанына барып тұр.
-Неше болдың?
-Тоқсан ,яғни жүздік разряд.
-Міне балам нөлдің де өз пайдасы,өз орны бар.
Осы істеген істеріңіз үшін жауап беретін кез келді. Бүгіннен бастап нөлге тиіспейсіңдер және сіздер нөлге бөлінбейсіңдер, Нолге сіздерді көбейтсе нөл болып шығасыңдар. Осыны мен «сандар» патшасы
қарар етемін. Міне, нөлді соннан бері натурал сан деп атамайтын, нөлге сандар болінбейтін,сандарды нөлге көбейткенде нөл шығатын болыпты.

Жүргізуші :
Бізді жан-жақтан сандар қоршайды,олар бізге барлық ерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз оларды санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік, сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге тағы қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз. Қазір сандар бізге барлық жерде әрқашан қажет.Осы сандарды пайдаланып әр топ жұмбақтар шешеді.
Ендігі кезең «Тапқыш болсаң, тауып көр» математикалық жұмбақтар.

1.Алмаға көп күнара,
Қонушы еді 3 ара.
Бүгін 9 туысын
Ертіп келді бұл ара
Сонда бүгін алмаға
Келіп қонды қанша ара?(12)
2.Әке :-Алдағы жеті жылда түйеміз екі есе, жылқымыз үш есе, сыйырымыз төрт есе, қойымыз бес есе көбейсе бәрін қосқанда олардың саны сенің қазіргі жасыңнан екі есе көп болады екен,дейді (баланың жасы 7де ).
3.Екі адам 2 сағат шахмат ойнады. Әр қайсысы неше сағат шахмат ойнады?(2с).
4.Салтанаттан:-Сендердің сыныптарыңда неше озат оқушы бар?
-Егер ең үлкен үш таңбалы саннан ең үлкен екі таңбалы санды шегірсең, және нәтижені ең кіші үш таңбалы санға бөлсе,сонда озат оқушылардың саны шығады (тоғыз).
5.Талғат атасынан: -Сіз неше жастасыз? - деп сұрады.
-Егер менің жасымды 7 есе кеміткенде шыққан санды 7ге кемітсең 2 шығады.
6. 10 таяқшаның неше ұшы бар. Ал 10 жарым таяқшаның неше ұшы бар?

7. 1ден 9ға дейінгі сандарды орналастыр,
сонда, бір түзу бойында орналасқан үш
санның Қосындысы 15ке тең болсын.
8.Жылжытады алға бізді
Жылжымайды бірақ өзі.
9. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойында,
Ұзындығы жазылып тұр бойында (сызғыш).
10.Столда 3 пицца жатыр, сен солардың екеуін алдың. Сонда сенің қолыңда қанша пицца қалды?(2 еу дәл өзің алған)
11. Сенде 5литрлік және 3 литрлік банка бар.Егер басқа ыдысың болмаса, су ағатын шүмектен 4 литр суды қалай аласың?(3литрлік банкаға су толтыр. 5 литрлік банкаға құй. 2 литрлік орын бар 3 литрлік банканы толтырып оны қайта құй,3 литрде 1литр су бар 5литрлікті төк. 3 литрліктегі 1 литр суды 5 литрлікке қосамыз.3 литрлік банкаға су толтырып 5 литрге құй. Міне 4 литр болды.
12. Егіс даласында 30 қарға Қонақтап отыр. Фермер соның 4еуін атып ұсірді .Далада қанша қарға қалған?
13. 9 литр , 4 литр екі ыдысты пайдаланып, 6 литр бензин құйып ал.
14.Менде 50 теңге бар.Сенде 3есе көп, Дүкенге 500 теңге төлеу үшін қанша теңге жетпейді?(300)
Жүргізуші:Қәне топ басшыларын ортаға шақырамыз. Ендеше екі топ басшымыз белдеседі. Бұнда әрине соғысу емес, өз білімділіктерін көрсету. Топ басшылары математика пәніне тиісті сөздерді айтып жарысады. Бұл жерде бір сөз қайталанбауы керек және түсінікті айтылуы керек. Екінші шартымызда екеуі бір біріне сандар айтады, сол сандарды екінші топ басшысы жаттап қалып қайталап айтып береді.
Жүргізуші:
Сен серуендеп жүрген кезде терек құлап түсті делік. Сен ұшып келе жатқан ұшақтың құлауының немесе сенің иллюминатордан ұшатын тарелканы көруіңнің ықтималдығы қандай? Осы сұрақтардың дәл жауабын математика ғылымының ықтималдықты зерттейтін бағыттарының бірі ғана бере алады.
Ықтималдық деген не?
Ықтималдық нөлден бірге дейінгі санмен көрсетіледі .
Нөлдік ықтималдық дегеніміз-нақты болмайтын нәрсе, бірлік ықтималдық-міндетті түрде болатын нәрсе. Осы екеуінің арасындағылардың барлығы болуы мүмкін. Бізде осы ықтималдықтан пайдаланып осы кезеңді бастаймыз. Бул жерде біз геометриялық фигурадан пайдаланамыз. Бұл фигурамыз қай номерді көрсетсе сол топ мүшесі кестені толтырады.
* -6 -7 -2 -5 0 * -2 -4 -6 -9 0
7 * -6 *
-8 * -4 *
-5 * 8 *
9 * -4 *
0 * 9 *
-1 * * -3 *
Тағы бір ойынымыз бар. Бүл ойында бір оқушы кез келген геометриялық фигураны таңдап алады. Фигуралардың астында сүрақтар бар, сол сүраққа оқушылар жауап береді.


Жүргізуші:
Соңғы қорытынды шартымыз «анықтаманы жалғастыр». Бұл шартта оқушыларға бір анықтама бастап беріледі, сол анықтаманы оқушы ары қарай жалғастырады.
1. Пропорция дегеніміз-... (екі қатнастың теңдігі)
2. Екі теріс таңбалы екі санды көбейткенде-...(оң сан шығады)
3. Егер екі теріс санды қоссақ-...(сандар қосылады таңбасы теріс болады)
4. Перпендикуляр түзулер -...
5. Вертикал бұрыштар-...
6. Параллель түзулер-...
7. Доғал бұрыш-...
8. Сүйір бұрыш-...
9. Шеңбердің ұзындығы-...
10. 7ге кері сан-...
11. Х пен координаталық жазықтықтың-...
12. У пен координаталық жазықтықтың-...
13. Квадрат деп-...
14. Тік төртбұрыштың переметрін-...
Жүргізуші :Сайыс сабағымызды осы мен аяқтаймыз.Енді топтарымызға қойылған ұпайлар мен таныссақ.







































������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру