Үзік жаяу жүргінші
Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: Үздік жаяу жүргінші
Мақсаты:
Білімділік : Көше тәртібін дұрыс сақтай білуге үйрету.
Дамытушылық: Таным қабілетін дамыту.
Жол ережелерін дұрыс сақтай білуге тәрбиелеу.
Бағдарламада
• 1. Топтың аты мен ұранын таныстыру
• 2. Көріністер көрсету
• 3. Жол белгілерін құрастыру
• 4.Викториналық сұрақтар
• 5. Бес жол өлең құрастыру
1-топ: Нұсқау белгі тобы
2-топ: Тыйым салу белгі тобы
3-топ: Ескерту белгі тобы
КІРІСПЕ
Жаяу адамдардың міндеттері туралы
1. Жаяу тротуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен , ал олар болмаса , жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруге тиіс.
Елді - мекеннен тыс жерлерде жолдың шетімен немесе жиегімен жүріп келе жатқан көліктің жүрісіне қарама - қарсы жүру керек.
2. Жолдан өтіп бара жатқан жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс . Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа , ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек.
3. Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы тиіс.
4. Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда ,жаяу адамдар үстіне жарық
Біз ауылда тұрғандықтан , ауыл арасында да белгілер болады. Жалпы жол беттері өздерінің атқаратын қызметіне қарай 7 топқа бөлінеді .
1. Ақпараттық - көрсеткіштік белгілер.
2. Ескерту белгілер
3. Тыйым салатын белгілер
4. Сервис белгілері
5. Алдын ала қиылатын белгілер
6. Басымдылық белгілері
7. Жол таңбалары
Топтың аты: Нұсқау белгісі
Топтың ұраны: Баратын жерінің бағыты тұрағым,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

Топтың аты: Тыйым салу белгісі
Топтың ұраны: Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.
Топтың аты: Ескерту белгісі
Топтың ұраны: Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп
Сәт - сапар жолдаған.
Көрініс көрсету.

Жол белгілерін құрастыру

Викториналық сұрақтар:
1) Сөйлеуді ол білмейді, Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам)
2) Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
3) Екі аяқты, бір ізді, Үстіне мені мінгізді. Мінгізгенмін ол мнің Аяғымды жүргізді. (Велосипед)
4) Үзенгісін тептім, Зымырап кеттім. (Велосипед)
5) Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өмірінді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)
6) Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам)
7) Өзі тым күшті, Аяғы тісті. Ілезде тындырар Қыруар істі. (Трактор)
8) Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)
Бес жол өлең құрастыру:
Қорытынды
Марапаттау. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру