"Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер"
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК-нің сурет және дизайн пәндерінің мұғалімі Абдикова Мирамкул Жуматова
Тақырыбы: "Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың ата-ана туралы,оларға құрмет жасау туралы және Қр ата-анаға қатысты заңнамалары жайлы білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Ата –ана,туыс туған,олармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту
Тәрбиелілік: Оқушыларды ата-ансын,үлкенді құрметтеуге,кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, топтау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, сурет, видео, мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың ата-ана туралы,оларға құрмет жасау туралы және Қр ата-анаға қатысты заңнамалары жайлы білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Ата –ана,туыс туған,олармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту
Тәрбиелілік: Оқушыларды ата-ансын,үлкенді құрметтеуге,кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, топтау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, сурет, видео, мақал-мәтелдер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылар назарларын сабаққа аудару
ә) топтастыру

Мұғалім: Оқушылар , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Бала- ата-ананың ұрпағы, өмірінің жалғасы. Олар бізге өмір сыйлады.Сондықтан да біз оларға қарыздармыз. Қазақта «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызың өтелмейді» деген сөз бар. Ата-ананы, жалпы үлкендерді сыйлау- қазақ халқының ата-салты. Үлкенді сыйлау өз отбасындағы үлкендерді сыйлаудан басталады. Оны білмейтін бала басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Әке-шеше қартайғанда олардың бойынан күші кетеді. Бірақ олардың ақылы басқаларға көп көмегін тигізеді. Себебі олардың көрген-білгендері, іс-тәжірибелері мол. Сондықтан олардың ақылын тыңдап, пікірлескен жөн.
Сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлінейік, ол үшін алдымен мына жерде жасырылған мақал-мәтелдерді таңдаймыз. (қағазда әдептілік, ар-ұят туралы мақалдар жасырырылған. Оқушылар сол бойынша 2топқа бөлінеді.)
Сабақтың ережесі:
1.Тыныштық сақтау
2.Сабаққа белсене араласу
3.Сабақта берілген жауаптарды қайталамау
4.Сабақ барысында өз нұсқаңды ұсыну

ІІ. Негізгі бөлім
а) «Шығармашылық әлемі»
ә) Бейнебаян көрс
Мұғалім: а) Ертеде бір елдің ханы: «Қартайған әкелерін балалары биік құздан құлатып өлтірсін!» деген жарлық беріпті.Халық осы жарлықты орындапты.Бір жас жігіт өзінің әкесін құз басына әкеліп,итеруге дайындала бергенде әкесі күліпті.Бала таңданып, «Әке неге күлесің?» деп сұрайды. Сонда әкесі: «Мен де сен сияқты осыдан көп жыл бұрын әкемді құздан итеріп едім.Міне ,енді өзімнің басыма сол келген соң күлемін» депті.
Мұны естіген баласы әкесін өлтірмей,ханнан жасырып бағыпты.Кейін елі бір қиындыққа ұшырағанда хан халқын жинап ақыл сұраса,ешкім ақыл бере алмапты.
Сонда жігіт............ /әрі қарай 2 топ өз ойларымен жалғастырады/
ә) Бейнебаян «Әке мен бала»

ІІІ. Қорытындылау
Әр оқушы тақырыпқа байланысты мақал-м2телдерд34 ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:

"Тұрмыстық заттардан құралған натюрморт"

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК-нің сурет және дизайн пәндерінің мұғалімі Абдикова Мирамкул Сабақтың тақырыбы:...
Адамгершілік-асыл қасиет

Адамгершілік-асыл қасиет

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп-бала бақшасы Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна Адамгершілік-асыл қасиет...
Ата-ананы қадірлеу – парыз

Ата-ананы қадірлеу – парыз

Ата-ананы қадірлеу – парыз Тақырыбы: Ата-ананы қадірлеу – парыз Мақсаты: оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру,...
Әдепті бала - арлы бала

Әдепті бала - арлы бала

Әдепті бала - арлы бала Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік әліппесі Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға,...
Аталар сөзі – тәрбие көзі

Аталар сөзі – тәрбие көзі

Аталар сөзі – тәрбие көзі Мақсаты: Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке,...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру