Тапқырлар тартысы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 
орта білім беретін мектебі
бастауыш сынып мұғалімі

Жанназарова  ГүлзаураКөбейсінқызы

 

Тақырыбы: Тапқырлар тартысы (Сыныптан тыс жұмыс)


Мақсаты: Оқушылардың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты болуға, өз Отандарын сүюге, құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік презентация,плакатқа  салынған  ойын,шар,активот құрылғысы

Күтілетін нәтиже:

  •                                  пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттері артады;
  •                                  оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады;
  •                                  өткен білімдерін  қайталауға деген  қызығушылықтары артады;

 

                                               Сабақ барысы:
- Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!. 4 сынып  оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер! 
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар, 
Білімменен аспанға жол салынар. – деген Жүсіп Баласағұн. 
Қазір біз, балалар , осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік. Бүгін біздің сыныпта «Тапқырлар  тартысы» атты сабақ өтпекшіміз. Сабақ жарыс түрде өтеді.Жарысқа 2 топ қатысады. Ендеше  ортаға  жарысқа  қатысушы  4 сынып  оқушыларын  ортаға  шақыралық. Бүгінгі  сабағымыз   5 кезеңнен  тұрады.

 

1* кезең......  Таныстыру

2* кезең......  Сөзжұмбақ  құрастыру

3* кезең......  Қызықты  математика

4* кезең...... Жұлдызды  сәт

5* кезең......  Кім  тапқыр?

Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
(Әділқазы алқасында әдістемелік бірлестігінің мүшелері сайланады). Тақтадан бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
Жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп алғашқы сайысымыз дың  кезеңі бойынша екі топ  өздерін  таныстырып ,  топтарына  ат  қояды.
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен ќарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.Сонымен, сайысқа қатысушылар өз сәлемдерін жолдайды 

 

 

1- топ. Ойшылдар  тобы
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып біздер қашар деп
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

2 – топ Білімділер тобы.
Бір сыныпта оқимыз бәрімізде
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз

     Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге, - дей  келе,...  бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыра отырып, білімін байқап көрелік. «  Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзімен сіздерге сәттілік тілей отырып ,сайысымыздың  2  кезеңін  бастаймыз.Сайысымыздың  екінші  кезеңі «Сөзжұмбақ құрастыру  »  деп аталады.Берілген  суреттерге  қарай , суреттегі бейнелердің  аттарын  таба  отырып ,сөзжұмбақ  құрастырамыз, және  де  сол  сөзжұмбақтың  ортаңғы буынындағы негізгі  сөзге  3 – 4 сөйлем  құраймыз.

 

 

                                                                        Сөзжұмбақ

  Кірпі,...көйлек,... қарбыз,...лақ,...түйе,... бәйтерек,...үйрек...

 

 

 

                          

 

«Қызықты  математика» деп  аталатын  сайысымыздың  үшінші   кезеңінің  шартымен  таныстыра  кетейін.Екі  топ  берілген  математикалық есептердің  шешімін табады.Ә  сұрақтың  жауабын  нақтылау  қажет.

                                    Қызықты есептер.
1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1)

2. 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көрінуі керек? (5 баланың)
3. 2 бала тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әр қайсысы неше сағат ойнады? (2сағ)
4. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар.Жанұяда қанша бала бар?( 5 ұл, 1 қарындасы.

5.Түнгі сағат 10 да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? ( жоқ )
6. Үйдің әрбір бұрышында бір - бір мысық отыр. Әрқайсысына үш мысық қарсы отыр. Үйде барлығы неше мысық отыр? (4)
7. Сәуледе 1 бүтін, 2 жарты, 4 ширек алма болды. Барлығы неше алма болды? (3 алма)
8. Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км шабады? (30 км)
9. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы 5. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?
(1, өйткені қалғаны ұшып кетеді).
10. Жыл он екі айдың ішінде, 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі.(Барлық айда )

11. Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі? ( 2, 5 сағ )
12. Екі стақанға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкеге төңкердің, қайсы стаканда су көп? (бірдей

 

«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады
- деп келесі кезеңді бастаймыз

Сайысымыздың  4- кезеңі «Жұлдызды сәт» деп  аталады. Екі  топқа 10 сұрақ беріледі.Сол сұрақтарға «ия», немесе «жоқ» деп мүдірмей жауап  берілуі  қажет.

1 -  топқа  арналған  сұрақтар.

  1.      Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғаларды ертегі деп  атаймыз  ба? (ия)
  2.      Күн мен түн 23 наурызда  теңеле  ме? ( жоқ,  22-наурыз күні)
  3.      «Ол көлдің басына қонбасын, иесі – перінің қызы Бекторы»деп  Қобыланды  батырға  айтылған  ба?? ( (жоқ..Ер Төстікке, Кенжекейдің сөзі)
  4.     Ине шаншар жер жоқ деген сөз, толық, тығыз деген  мағынаны  білдіре  ме? (ия)
  5.     Күн батыстан шығып ,шығыстан бата  ма? (жоқ)
  6.     Зергерлік  бұйымдарды, ұста жасап, сата  ма? (жоқ, зергер)
  7.     Көп сөзінің антонимі аз бола ма? «ия

 

2                  -  топқа  арналған  сұрақтар.

 

  1.      Отбасының қорғаны әже ме? « ия »
  2.      Астана қаласы Шу  өзеннің бойында орналасқан ба? « жоқ, есіл »
  3.      Елеуішпен су әкелуге болады ма? « ия» (болады, мұзды, қарды)
  4.      Ағасының әйелі жеңге бола  ма?  «ия»
  5.        Сүйексіз қып жаратқан, жұртты аузына қаратқан балық па? «жоқ, тіл»
  6.      100 санын 5 – ке  көбейтіп,оны 5 – ке бөлгенде, 50 саны шыға ма? «жоқ,100»
  7.      5 саны  барлық  санға  қалдықсыз  бөліне  мен? «жоқ,0 »

 

5 -  кезең. Кім тапқыр? 
«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады
 - деп келесі кезеңді бастаймыз. Бұл кезеңде

А)«Тәуелсіздік» сөзінен жаңа  сөздер жасау керек..Кім көп сөз құраса, сол топқа  ұпай қосылады. 
Б) Әр топқа ертегі беріледі, соның мазмұнына сәйкес мақал-мәтел тауып айту керек.
І топ. Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.
                                                     ( Күлме досқа, келер басқа)
ІІ топ. Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен  қалтыраушы еді.Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
                                                    (Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)

 

       Болашақтың іргесін қалайтын ,Қазақстанның мерейін көтеретін, азамат пен азаматшалар сендерсіңдер. Еліміз сендердің болашақтарыңнан зор үміт күтеді. Тек биіктен көрінулеріңе тілектеспіз.Соңғы кезеңнің ұпай санын және жалпы қорытындыны хабарлау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз! 
Ұстаздардың мақсаты сіздерді Б-білімді О-озық ойлауға Л-лайықты А-асқақ арманшыл Ш-шығармашыл А-ақылды Қ-құзырлы Т-тұлғаға А-айналдыру

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру