Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 орта білім беретін мектебі
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
ДОСТАНОВА РАЯ ЖЕҢІСҚЫЗЫ
Тақырыбы: «Мейірімді Ана» (көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы) Сыныптан тыс
Мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. С. А. Назарбаеваның өмірі туралы түсінік беру; Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты, анаға деген бала махаббатын нығайту.
2. Балаларды жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүюге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Нақыл сөздер, интерактивті тақта, Сара Назарбаева, Ана туралы
презентациялар, шарлар
Барысы:
Мұғалім сөзі:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың,
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың,
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана - құдіретті жан. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы
Сара Назарбаева туралы слайдқа шолу жасау, өмір жолына тоқталу.
Сара Алпысқызы Назарбаева (Қонақаева) (12 ақпан, 1941 жыл, Қызылжар ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) — Қазақстанның қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы, үш қыздың анасы. Немере, шөберелері бар. Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист.
Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру, панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани - адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.
Президент зайыбы «Өзің - өзін тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.
С.А. Назарбаева айтқандай: Өзін-өзі тану –рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі. Өзін-өзі тану пәні «Бөбек» ұлттық қорының басшысы Сара Алпысқызы Назарбаеваның авторлық туындысы.
«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты:
Әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік-маңызы бар түйінді құзіреттерді мақсатты түрде дамыту.
Өзін - өзі тану пәні С. А. Назарбаеваның авторлығымен рухани-адамгершілік тәрбие жобасы аясында жас ұрпақтың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырып, ұлттық бай мұраларымызды игеруге бағытталып жеке тұлғаның үйлесімді дамуына жағдай жасауды көздейді.
Өзін-өзі тану – оқушыны ізгілікке, адамгершілік құндылықтарға, жас ұрпақты сапалы білім алуға бағдарлайтын пән. 2010-2011 оқу жылы өзін-өзі тану пәні оқу бағдарламасына енгізілді.
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі-шырақ.
Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
Ендеше, «Мейірімді Ана» тақырыбындағы бастауыш сынып оқушылары арасындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын бастаймыз. Байқауға қатысатын оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
4 «А» сынып оқушысы Айдулла Сандуғаш
4 «А» сынып оқушысы Нағашыбай Құрманай
4 «Б» сынып оқушысы Қалжан Индира
3 «А» сынып оқушысы Қуандық Ботагөз
3 «А» сынып оқушысы Әбдімұрат Сұлтан
3 «Б» сынып оқушысы Дәулетұлы Ерлан
Байқау шарттары:
І – кезең: Таныстыру (қатысушылар өздерін өлең жолдары арқылы таныстырады)
ІІ – кезең: Аналарды жырлаймыз (қатысушылармыз «Ана» туралы ақын – жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа оқиды)
ІІІ – кезең: Ақын болам мен ертең... (оқушылар шығармашылығы, еркін тақырыпта өздерінің жанынан шығарған өлеңдерін мәнерлеп оқиды)
Әділ – қазы мүшелері: Әлеуметтік педагог Әзи Б
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тілек А
Өзін - өзі тану пәні мұғалімі Күнімаев Қ
І – кезең: Таныстыру (қатысушылар өздерін өлең жолдары арқылы таныстырады)
Қалжан Индира
Армысыздар, халайық,
Амандасып алайық.
Атым Индира болады сұрасаңыз,
Байқауға қатысуға келіп тұрмын.
Ұстазым Ғалия апай аяулы адам,
Біздерге бар білгенін аямаған.
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған.
Айдулла Сандуғаш
Мен қазақтың қызымын Сандуғаш атты,
Әдепті, ибалы да, инабатты.
Сайысқа жеңу үшін келіп тұрмын,
Жеңеріме ағайын сеніп тұрмын.
Шорабайдың қызымын өнеге алған,
Иіліп сәлемімді беріп тұрмын….
Дүниенің жарық күні анамыз,
Дана болсақ, анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын,
Анаға арнап тағы бір ән саламыз – дей келе кезекті әсем әнге береміз. Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырған «Ақ көгершін» ән байқауының І – орын иегері Серік Астанбектің орындауында «Анаға сәлем» әні. Қабыл алыңыздар!
ІІ – кезең: Аналарды жырлаймыз (қатысушылармыз «Ана» туралы ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа оқиды)
ІІІ – кезең: Ақын болам мен ертең... (оқушылар шығармашылығы, еркін тақырыпта өздерінің жанынан шығарған өлеңдерін мәнерлеп оқиды)
«Қыс» Қуандық Ботагөз
Қаһарлы қыстың қиыны,
Үздіксіз соққан құйыны.
Күн шықса, еріп кетеді-ау,
Аппақ қар киген киімі.
Балалар қызық көреді,
Аққала жасап ойнайды.
Ойынға олар тоймайды,
Қар лақтырып ойнайды.
«Ұстазыма» Нағашыбай Құрманай
Білім беріп үйреткен,
Ұстаз бізге ақылшы.
Айналайын ұстазым,
Өзіңді құрмет тұтамын.
Ұстаз - бақыт, ұстаз - өмір, тірегім,
Ұстаз шаттық, кеудемдегі жүрегім.
Ұстазым менің екінші анам мәпелеген,
Білім беріп, ақ жолға жетелеген.
«Тәуелсіздік» Дәулетұлы Ерлан
Тәуелсіздік – тірегім, айбарлы елім,
Биік болсын, тұғырың байтақ елім.
Ата – бабам сан мыңдар, жылдар аңсаған,
Тәуелсіздік жаса, мәңгі елімде.
Мен – тәуелсіздіктің ұланымын,
Мен өжетпін, әрқашан қырағымын.
Тәуелсіздік көк туым желбірейді,
Көк аспанда, мәңгілік, көк аспанда……
Қорытынды
Анам менің – аялаған ақ гүлім,
Анам менің – бақытым мен шаттығым.
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған,
Неге ғана естімеген тәтті үнін.
Анам менің – өмірдегі тірегім,
Анам менің – кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін, - дей келе осымен біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділ – қазы мүшесі Әзи Бүркіт ағайға сөз береміз.
Нәтижесінде:
І – орын 4 «Б» сынып оқушысы Қалжан Индира
ІІ – орын 4 «А» сынып оқушысы Айдулла Сандуғаш
ІІІ – орын 3 «А» сынып оқушысы Әбдімұрат Сұлтан Мақтау қағаздарымен марапатталып,
4 «А» сынып оқушысы Нағашыбай Құрманай
3 «А» сынып оқушысы Қуандық Ботагөз
3 «Б» сынып оқушысы Дәулетұлы Ерлан қатысқаны Алғыс хаттарға ие болды.
- Naz90
- 24 мая 2015
- 2165
- 0


