Ақшабаева Саулет, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанкелдин орта мектебі, Сарға селосы, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы
Тақырыбы «Елім менің»
Мақсаты: Қазақстанның тарихымен, бабалар ғұрпымен және мәдени мұраларымен
байланысты қызықты сауалдар мен Қазақстан тарихынан сыр шерту, өз елінің
тарихын, салт – дәстүрін толыққанды білетіндігін тексеру.
Түрі: танымдық ойын.
Жабдығы: интерактивті тақта, қамшы, киіз.
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бер
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен
Дініміз, Тіліміз ,Діліміз ---
Ізгілік ниетпен - ұрпаққа аманат!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Елім менің» танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Сайыс бағадарламасы:
1-айналым: «Таныстыру»
2-айналым: «Бейне сұрақ»
3-айналым: «Кім жылдам»
4-айналым: «Әріптер сөйлейді»
5-айналым: «Тұрақты тіркестер»
6-айналым: «Сөз құрастыру »
7-айналым: «Шешендер»
8-айналым: «Сипаттау»
3-айналым «Кім жылдам» деп аталады.Бұл бөлімде екі топқа сұрақ қойылады.
1. ҚР Президенті қай жылы сайланды? 1991 ж 1 желтоқсан
2. ҚР бірінші және екінші Конституциясы қашан қабылданды? 1-1993,2-1995 30 тамыз
3.1998 жылы Астана қаласына қандай атақ берілді? Юнеско шешімі бойынша «Бейбітшілік қаласы» деген атақ берілді
4. ҚР Рәміздері туралы заң қашан қабылданды? 1992ж 4 маусымда
5. ҚР Рәміздерінің авторларын атаңыз? Ту-Ш.Ниязбеков,елтаңба- Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков, әнұран- Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев
6.Қазақстанда неше ұлт мекендейді? 120 дан астам
7.ҚР тұңғыш астанасы? Орынбор
8.Н.Ә.Назарбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 1940ж 6 шілде,Алматы Қаскелең ауд
9.ҚР ұлттық валютасы қашан айналымға айналды? 1993 15 қараша
10.ҚР жер аумағы,халқы жағынан нешінші орын алады? Тоғызыншы,70 орын
4-айналым«Әріптер сөйлейді» деп аталады. Бұл бөлімде берілген сөзді қатесіз мүдірместен, жылдам әріптеп жалғастыру тиіс.
1-топқа 2-топқа
1.А-д-а-м-г-е-р-ш-і-л-і-к М-ү-м-к-і-н-д-і-к 2.К-е-м-е-ң-г-е-р Ж-а-т-а-қ-х-а-н-а 3.Д-ө-ң-г-е-л-е-к С-а-б-ы-р-л-ы-л-ы-қ 4.С-а-ң-ы-р-а-у-қ-ұ-л-а-қ Қ-а-н-а-ғ-а-т-т-а-н-а-р-л-ы-қ 5.Қ-ұ-д-і-р-е-т А-с-п-а-з-ш-ы
5-айналым «Тұрақты тіркес» бұл бөлімде берілген тіркестердің мән-мағынасын ашу.
1-топ
1.Ат құлағы көрінбейді. Өте биік шөп, ақ түтек боран 2.Құланның қасынуына,мылтықтың басылуы. Істің ораІйы келіп тұруы 3.Бұғалығын ала қашты. Бас асаулық ету,көнбеу 4.Қарға адым жер Жақын жер 5.Жатқан жыланның құйрығын басу Біреудің қыдығына тиіп,ашуын шақыру
2-топ
1.Төбе шашы тік тұрды Қорқып кету 2.Арық қойдан бағасы кейін Адамгершілігі,қадірі төмен адам 3.Ізі суып кетті Жоғалып кету 4.Қызыл сөз Биәдеп сөз, сапырма сөз,бос сөз 5.Құлаққа ұрған танадай Тып-тыныш, жым-жырт
6-айналым «Сөз құрастыру»
1-топ
1.Қонақ ғайып,несібе ғайып, . . . . . . (не ғайып?) Ажал 2.Жалмауыз,жебір,тойымсыз . . . . . . (синоним сөз) Обыр 3.Ескі . . . . . . аузын тырнады (ненің?) Жара 4.Әйелді бастан,баланы . . . . . . . (жалғастыр) Жастан 5.Нанды баспа . . . . . болады (не?) Обал
2-топ
1.Баланың ісі . . . . . . (қандай?) Шала 2.Бала өскенде . . . . болар (не? ) Пана 3.Асығың . . . . . . түссін (Қалай?) Алшы 4.Қысқы көлік (не?) Шана 5.Қанталапай ойынында (не істейді?) Тала
7-айналым «Шешендер» ( бұл айналымда берілген үзінді қай шешеннің сөзі? )
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған шешендерімен Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.
1-топқа
...... Ордабайды ертіп Екі Шектіге дауға барады.Сөз арасында Ордабай жеңілдік қып күле беріпті. Сонда шешен Ордабайға айтқаны: Көлде жүрген қоңыр қаз, Шөл қадірін не білсін. Шөлде жүрген дуадақ, Көл қадірін не білсін. Тауда жүріп,таста өскен, Ағайыннан басқа өскен, Ордабай күлмей, кім күлсін!- деген қай шешен. Досбол шешен
2.Төле бидің тұсында өмір сүріп,қазақ халқының ел болуына ісімен де сөзімен де зор үлес қосқан. Ол сиқырлы да,сылқым сөздің шебері,майталман шешен,әділ би атанған,айыр тілді шешен атанған: Суалмайтын суат жоқ, Тартылмайтын бұлақ жоқ. Құйрығысуда тұрса да, Уақытысы жеткенде, Қурамайтын құрақ жоқ- деп терең толғаған кім еді? Әйтеке
2-топқа 1. Билердің сөйлегеніне көңілі толмаған он бес жасар шешен:
Ақты ақ деп бағалар О,игі жақсы ағалар Өзегі талса ел біткен Өзен бойын жағалар деп топты жарып сөйлеген кім еді? Төле би
2.Әз Жәнібек алпыс биіне «Дүниеде не өлмейді» деген де, алпыс би бір ауыздан
Ағын су өлмейді, Асқар тау өлмейді Ай мен күн өлмейді Әлемде қара жер өлмейді-депті.
Сонда бәріне қарсы шығып:
Ағын судың өлгені, Алтай қыста қатқаны. Асқар таудың өлгені, Басын бұлттың жапқаны. Ай мен күннің өлген, Еңкейіп барып батқаны. Қара жердің өлгені, Қар астында жатқаны. Ажал деген атқан оқ, Бір алланың қақпаны. Дүниеде не өлмейді? Ғалымның хаты өлмейді, Жақсының аты өлмейді – деген кім екен. Жиренше
8-айналым «Сипаттау» деп аталады бұл бөлімде екі топқа акелінген ескі жәдігерлердің атын, қалай жасалғанын, неден жасалғанын сипаттау. (Қамшы мен киіз)
- nursulu
- 22 мая 2015
- 653
- 0


