Ертегілер елінен
Күні, айы, жылы: 14. 03. 2015
Тақырыбы: Ертегілер елінен
Мақсаты: суреттер арқылы әр түрлі ертегілерге сипаттама бере отырып, сөйлеу, ойлау, тыңдау қабілеттерін, тіл байлығын дамытып, сөз қорын жетілдіру. Фланелеграфта пайдалану арқылы әңгімелей білуге дағдыландыру. Еңбекке, жаман мен жақсыны ажырата білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, ертегі кейіпкерлері, суреттер, ертегіні құрастыру бейнелері, атрибуттар.
Мұғалім сөзі:
Армысыз, қайырымды аспан Ата!
Армысыз мейірімді Жер – Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын Күн!
Бүгін мейрам, қуан, шаттан, алақай,
Қане, қане, біргеміз бәріміз!
Қайырлы таң, бәріңізге жарқын күн!
Ертегі атты елінен
Таңғажайып жерінен
Әсем жырмен тербеткен,
Елдігімді әндеткен,
Біліктілікке шақырған,
Ертегілер елінен
Жалынды салем баршаға!
Тербетейік ән сала! – дей отыра, ортаға «Ертегілер» әнімен 6 «А» класс оқушылары: Мадиярова Ұлмекен мен Қазиханова Аружанды шақырамыз.
Мұғалім сөзі:
Ертек – ертек ерте екен,
Ешкі жүні келте екен,
Қырғауыл жүні қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен,
Мұзға мінген екен,
Бұты сынған екен,- деп кішкентайымыздан бері ата – әжелеріміз құлағымызға сіңіріп келген осынау ертегілер арқылы біз өз бойымызға тәлім – тәрбие алып өстік. Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз-құбыжықтармен шайқасады. Қазақ ертегілері сан алуан оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Ертегілердің ішінде балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақтың болашағын елестетіп келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял–ғажайып ертегілері. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс–әрекеттері баяандалады. Мысалы: Ертөстік, Қобыланды. Күлдіргі ертегілер негізінен Алдар көсе мен Жиренше шешенің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты.
Ертегілер – қиял ғажайып, оқиғалар жайындағы қызық әнгімелер, оларды көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ертегілердің асыл қасиеттерінің бірі оның бай тілі.
Ендігі кезекте тамашалайтындарыңыз «Алдар көсе мен шайтандар» ертегісі.
Рөлдерде: 11 «А» класс оқушысы: Алдар көсе - Арыстанов Ақжол
9 «б» класс оқушылары:
Шайтан Құлан – Ашықбаев Жасқанат
Шайтан Түлен – Сағынай Диана
Мұғалім сөзі:
Ендігі кезекте көрермендерге ертегілерден мынадай сұрақтар қойсақ.
1. «Екі лақтың» қайсысы ақылды? Жауабы: Ақ лақ
2. «Түлкі, тасбақа және кене» ертегісіндегі ең ақылды жануарды ата. Жауабы: Кене
3. «Қу түлкі мен ұмытшақ аю» ертегісіндегі аңқау аңды тап. Жауабы: Аю
4. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мысыққа кім көмектесті? Жауабы: Тышқан
5. «Алтын мүйізді киік» ертегісінде айдаһарды жеңген батырдың аты кім? Жауабы: Бұлдырмерген.
Қазақ ертегілері 4000- ға жуық. Олардың ішінде хайуанаттар туралы ертегілерде кеңінен таралған. Көне заманда елдің және аңдардың, малдың киесі бар деген, сенім қалыптасқан кезде пайда болған (Ақ қасқыр, Шопан ата, Шек-шек ата, Ойсыл ата, Зеңгі баба, Қамбар ата, т.б) ол дами келе, тыңдаушыны қуантатын, көңілдіретін ертегілермен толысты. Қазіргі хайуанаттар ертегілерінде космосқа ұшып жүрген (бәтінке, шұжық, балқаймақ) хайуанаттармен төрт түлікті көреміз. Алдарыңызда 6 «А» класының «Хайанатар » ертегісін тамашалайық.
Мұғалім сөзі:
Мінекей, осы ертегілерді аналарымыз түн ұйқысын төрт бөліп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, мұздай бесік таянып отырғанада айтса керек, ендеше сол аналарымызға арнап, «Аналар» әнін шырқайық.
Мұғалім сөзі:
Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен үйрендім - деп қазақтың тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеев айтқандай, ертегінің мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик, әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Ендігі кезекте «Теке мен қошқар» ертегісін көрейік.
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады.
Мұғалім сөзі:
Құрметті оқушылар, еріншек атанбай, жалқаулыққа бой алдырмай кітап оқып, ертегілер біліп жүрейік деген ниетпен 7 «Ә» класс оқушылары сіздерге «Жауқаубек» әнін орындап береді.
Мұғалім сөзі:
Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. Ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы – 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.В. Радлов, И.Н.Березин, Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин, А.В.Васильев, А.Е.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғылыми пікір айтылды. Аталған жинаушы – жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғылыми түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғылыми айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, А.Н.Веселовскийлердің кең масштабты ғылыми зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, «Дала уәлаятының газетінде» жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ертегілерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш.Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев,Ә.Бөкейхановтар жалғастырды. Келесі кезекті «Қаңбақ шал» ертегісіне береміз.
Мұғалім сөзі:
Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сіздерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен. Бірақ, «бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей бүгінгі ертегі бұрынғы ертегіден сәл өзгерек. Әжем айтатын ертегі «ерте, ерте, ертеде…» деп басталып, өткен дәуір туралы қияли әлемге жетелесе, бүгінгі күнде тыңдайтын ертегі «ертең, ертең, ертеңдер…» деп басталып, келешек қиял әлеміне жетелейді. Ендеше бүгінгі ертегілерді еске түсіріп көрейік.
«Ертең, ертең Қазақстан бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына қосылатын болады».
«Ертең, ертең 2001-2010 жылдық бағдарлама жүзеге асып, қазақ тілі өз тұғырына қонып, бүкіл Қазақстан қазақ тілінде іс жүргізіп, қазақ тілінде сөйлейтін болады».
Осылай «ертең, ертең, ертеңмен» басталатын ертегілер бірінен соң бірі шыға бергендіктен, соңғы ертегінің соңын тыңдағанша алдыңғы айтылған ертегілерді ұмытпайық. Бірақ біз, қазақ халқы, ежелден ертегі естіп, ертегіге сеніп өскен халықпыз ғой – жалығар емеспіз: тыңдай береміз, тыңдай береміз…
Ертегілер арманыңды асқақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар.
Мұғалім сөзі:
«Бал балалық» әнімен кішкентай бүлдіршініз Мансұрды қарсы алайық. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру