Тақырыбы: А л т ы н б а ғ а
Мақсаты: Оқушылардың ынтасы мен пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттері мен танымын қалыптастыру. Әдептілікке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Слайд беттерінде дайындалған сайыс, жауап көтеретін парақтар, бағалау парағы
Барысы:
Хош келдіңіздер бүгінгі сайысқа келіп отырған ұстаздар, оқушылар.
Ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып қайтуларыңызға тілектеспіз.
Кешімізді бастамас бұрын біз әділ –қазылар алқасын таныстырып өтейік.
Қош келіпсіздер, ойынға, барша қауым!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен текке жоймайық.
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік , сынайық,
Жеңсең де, жеңбесеңде ренішсіз болмайық,
Қаймықпай көңілді боп тарайық!
Бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған оқушылармен танысып өтейік.
Сонымен бүгінгі сайыстың бағдарламасымен таныс болайық.
І-тур. Кім тапқыр?
ІІ-тур. Ойлан тап!
ІІІ-тур. Кім жылдам?
ІҮ-тур. Кел, санайық!
Ү-тур. Кім көп біледі?
Бүгінгі күн сайыста,
Сен ешкімнен қалыспа.
Біліміңді көрсетер,
Сұрақтарға жауап бер – дегендей сайысымызды бастайық.
І-тур. Кім тапқыр?
Бұл турда оқушылар сіздерге санды тізбектер беріледі, яғни сіздер тізбекті жалғастыруларын керек. Әрбір сұрақтың А, В, С жауабтары бар, сіздер дұрыс жауабын көрсетесіздер. Әр дұрыс жауабына 10 ұпай беріліп отырады.
1) Тізбекті жалғастыр: 1, 2, 4, 8, 16, ?
А) 16; В) 32; С) 8.
2) 2, 3, 4, 5, 6, 7, ?
А) 6; В) 9; С) 8.
3) 5, 10, 15, 20, 25, ?
А) 30; В) 20; С) 25.
4) 8, 8, 6, 6, 4, 4, ?
А) 6; В) 4; С) 2.
5) 9, 1, 7, 1, 5, 1, ?
А) 1; В) 3; С) 0.
ІІ-тур. Ойлан тап!
Бұл турда оқушыларға сұрақтар беріледі. Сұрақтар қапшықтарда жасырылған. Қатысушылар кезектесіп таңдап, жауабын айтады. Егер қате жауабын берсе, қарсыластардың дұрыс жауабы қабылданады. Әр дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
1) Бөлмеде сегіз майшам жанып тұр еді.
Оның үшеуі желмен өшіп қалды. Сонда қанша май шам қалды?
2) 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 тиындық монеталардың бар екені белгілі. Сенің қолында жалпы сомасы 15 тиын болатын екі монета бар. Олардың біреуі 5 тиындық емес. Менде қандай монеталар бар?
3) Ағаш басында 7 шымшық отыр. Оған бесеуі қосылды.
Бір кезде ұры мысық келіп біреуін ұстап жеп қойды.
Сонда қанша шымшық қалды?
4) Үш шофердің Асқар деген інісі бар, бірақ Асқардың інісі де, ағасы да жоқ.
Бұл қалай болғаны?
5) Торда бес құс бар еді.
Бес оқушы оларды бір-біреуден таратып алды.
Сонда торда бір құс қалды.
Бұл қалай?
6) Бөлмеде қанша мысық болғаны, егер әр бұрышында бір - бір мысық отырса және әр мысыққа қарама-қарсы үш мысықтан отырса.
7) Жолда бір қыз бен ер азаматты кездестірген кісі: Сіздер бір-біріңізге кім боласыздар? – деген сұрағына Қыз былай жауап береді: “Бұл кісінің шешесі, менің шешемнің енесі болады”. Сонда олар бір-біріне кім болғаны?
8) Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60 км шапшандықпен жол жүрді. Сол уақытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды. Бірақ оның шапшандығы сағатына 50 км. Жел пойыздың түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді.
ІІІ-тур. Кім жылдам?
Бұл турда оқушыларға үшбұрыш фигурасы беріледі. Сол үшбұрыштың қабырғаларына 1-9 аралығындағы цифрларды орналастыру керек. Қабырғаларындағы цифрлар қосынды 20 санын беру керек. Дұрыс жауабына 20 ұпай.
1, 2, 3 , 4, 5, 6 , 7, 8, 9 сандарын үшбұрыш қабырғаларына орналастыр, қабырғаларындағы сандардың қосындысы 20-ға тең болу керек.
ІҮ-тур. Кел, санайық!
Оқушыларға екі фигура кезектесіп ұсынылады, 1-ші фигура ішінде қанша үшбұрыш, 2-шісінде қанша тіктөртбұрыш бар екенін анықтаулары керек. Дұрыс жауабына 20 ұпай беріледі.
Жауабы: 12 үшбұрыш
Жауабы: 15 тіктөртбұрыш
Ү-тур. Кім көп біледі?
Бұл турға төрт тур бойы ең көп ұпай жинаған екі оқушы қатысады. Оларға кезектесіп сұрақтар қойылады. Мектеп бағадарламасынан алынған ережелерді сұрау.
1-ші оқушыға.
1.Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті.
2.Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші
3.Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігі
4.Берілген натурал сандардың ЕҮОБ
5.Жай бөлшектің негізгі қасиеті
2-ші оқушыға.
1.Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті.
2.Берліген натурал санның ең кіші еселігі
3.Қосындының берілген санға бөлінгіштігі
4.Берілген натурал сандардың ЕКОЕ
5.Жай бөлшекті қысқарту
Ұпайлары теңесіп қалған жағдайда қойылатын қосымша сұрақтар.
1) 4 тақ цифрлардың қосындысы ретінде 10 санын шығарып алуға болады. Цифрлар қайталанып келе береді. Неше тәсілмен шығарып алуға болады?
1+1+1+7
3+3+3+1
1+1+3+5
2) Бір таңбалы әр түрлі үш санның қосындысы сол сандардың көбейтіндісіне тең. Бұл қандай сандар? 1,2,3
3) Барлық сандардың қосындысы көп пе, әлде көбейтіндісі көп пе?
4) Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
5) Бес бірлікпен 100 санын жазыңыз. 111-11
6) Бес бестіктің көмегімен 100 санын жазыңыз. 5*5*5-5*5
Қорытынды. Бүгінгі сайысымызды қорытындылауды әділ қазыларға берейік. Олар сөздерінде сайыстың жеңімпазын анықтайды. Бүгінгі сайысымыз осыменен аяқталды. Келгендеріңізге үлкен рахмет. Сау болыңыздар!
- Абдикадыр
- 1266
- 0

