Мухангалиев Нурлыбек Гайноллаевич
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы
М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мақсаты: Болашақ ұрпақтың ұлттық салт-дәстүрді қастерлеп,тәрбиелі,өнерлі болып өсуін және ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, түрлі-түсті шарлар, сурет көрмелері.
І.Жүргізуші:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен-кіші,балдырған.
Әрине қауым ілгері барар,
Жақсы дәстүрді сақтаған жарар.
Жүрмеңдер ескі дәстүр деп қарап
Тыңдаңдар кеңес қызың,ұлың бар.
Мұра боп қалған дәстүр,әдет-ғұрыптар,
Жасасын осынау өлмес ұғымдар,- деп өнерлі халық - өміршең, халық,қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүріне бағытталған « Салт-дәстүр – асыл қазынам» атты сайысымызды бастаймыз.
Алдымен сайысымыздың бағдарламасымен таныс болайық:
І. Таныстыру.
ІІ. Өнерлі халықтың ұрпағымын (ән,би,өлең оқу)
ІІІ Қазақтың ұлттық ойынын жарнамалау
ІҮ Сөзді көркі мақал (жұмбақ шешіп,жауабына мақал айту.)
Ү Ұмытпа ұрпақ салтыңды. (шаған көрініс)
ҮІ Қонақ күте білеміз бе?
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Салт-дәстүр тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-дей келе осы сайыста әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
4.
І кезең.
Беташарын сайысымның бастайық
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Таныстырып отбасыңды аташы
Көрермендер ду қол соғып қостайық. Қатысушылар өздерін таныстырады.
ІІ кезең
«Өнерлі өрге жүзер» деп,
Халқым бекер айтпаған.
Думандатпай,әндетпей,
Тойдан текке қайтпаған.
Өнерін бүгін отбасылардың,
Тамашалап көрейік.
Қол соғып бір желпіндіріп,
Өнерге кезек берейік. Өз өнерлерін көрсетеді.
ІІІ кезең
Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың
Жарасымды, ұнасымды,ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық. Қазақтың ұлттық ойынын жарнамалау
ІҮ кезең
Ата-дәстүр абырой көтергенде
О бұл сөздер сүйектен өтер демде.
Тоқталамыз енді біз,ал халайық
Жұмбақтар,мақал менен мәтелдерге. Әр сайыскерге 2 жұмбақтан беріледі. Жұмбақты шешіп,жауабына мақал құрау.
І.Теспес жерді тескен, Бір ғажап бар тілі жоқ,
Сол тесікте өскен. Сөйлеп кетсе міні жоқ,
(тышқан) Өлі арыстаннан,тірі тышқан артық (хат) Ғалымның хаты,жақсының аты өлмейді
ІІ Белестен шыққан бесті ат Ұзын мұртты сарылар,
Бүкір келген желісті ат Қойындарында дәні бар
Бейғам елді іздейді (бидай) Арпа,бидай ас екен, Алтын,күміс тас екен.
Малдан күдер үзбейді.
(қасқыр) қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе қан
ІІІ Кезікті бір жануар, Теңізден де ,мұхиттан да өткізеді,
Үстінде екі тауы бар Аңсаған алысқа да жеткізеді.
(түйе) Соңғы түйенің жүгі ауыр (кеме) Мектеп – кеме,білім – теңіз
ІҮ. Екі ағайынды,екеуі де бір үйде, Сүйексіз қып жаратқан,
Бірін-бірі көрмейді Жұртты аузына қаратқан
(көз) Шынымен жыласа соқыр көзден жас шығады. (тіл) Тіл тас жарады,тас жармаса,бас жарады.
Ү. Мұрты бар,сақалы жоқ, Қимылдаса қос шебер,
Тоны бар,шапаны жоқ Қыруар-қыруар іс өнер.
(мысық) Мысық жоқта,тышқан төбеге шығады. (қол) Көз - қорқақ, қол – батыр
ҮІ. Күнде оған қараймын Жаурағанды күлдірер,
Қара шашты тараймын Аяғы жоқты жүргізер,
(айна) Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер
(от) Отан оттан да ыстық.
ҮІІ Өткір жүзді келеді, Отырмайды,тұра алмайды,
Өте қажет құрал ол. Түзу жолда бұраңдайды
Тұтас затты бөледі ( жылан) жыланды үш кессең де, кесірткедей қауқары бар
Ұсақтап та турар мол
(пышақ) Ұста пышаққа жарымайды.
ҮІІІ. Құстай ұшады, Табаға салып жапқаным не?
Құландай жортады. (нан) Ас атасы – нан.
Қойдан да қорқады
(қоян) Батырды намыс,қоянды қамыс өлтіреді
ІХ. Үй үстінде ұсақ тас. Жұрттың бәрі оны сүйеді,
(жұлдыз) Жақсы қыз – жағадағы құндыз Бірақ қарағысы келмейді.
Жақсы жігіт – көктегі жұлдыз. (Күн) Жақсы адам – ай мен күндей, әлемге бірдей
Х. Көтеріліп теңізден, Қанаты жоқ - ұшады,
Аспанға биік барамын Аяғы жоқ – қашады.
Биіктен қайта түскенде, (жел) Жел болмаса шөптің басы қозғалмайды.
Өңі кірер даланың,
(жаңбыр) Жақсы туса, ел ырысы,
Жаңбыр жауса,жер ырысы
Ү кезең
Бүгін біз салт-дәстүрді ойлап толғанамыз.
Елін сүймес ездіктен қорғанамыз.
Салт-дәстүрге қатысты бұл сайыста,
Халықтық тәрбиені қолға аламыз. Салт-дәстүрге қатысты шағын көрініс көрсету.
ҮІ кезең
Қонақ күте білеміз бе? Сұраққа жауап беру
Еттен табақ тарту дәстүрі.
1 Бас табақ Бас,жамбас салынады.Бассты арнайы сойылған қонақтың үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір белді адам ұстайды
2 Сый табақ Сый табаққа да бас, жамбас салынады. Сыйлы қонақтың алдына қойылады.
3 Орта табақ Асық жілік,кейде жамбас та түседі.
4 Аяқ табақ Еттің басқа мүшелерінен жасалып,ауыл адамдарына қойылады.
5 Күйеу табақ Бір сан, жілік пен төс салынады.
6 Келін табақ (беташар табағы) Ұлтабар мен жүрек салынады.
7 Қыздар табағы Жүрек,бүйрек, жағы мен тіл салынады.
8 Құдағилар табағы Жамбас немесе асық жілік пен сүбе болады.
9 Жерік асының табағы Үлкен әйел болса жамбас, жас әйел болса асық жілік,төс,ұлтабар салынып, үстіне жаңа соғылған болат кездік (пышақ)салып апару салты болған
ҮІ. Кезең
Қорытындылау. Қазылар алқасы жинаған балын есептеп қорытындылайды. Қатынасушыларды дипломдармен марапаттау.
І.Жүргізуші:
Ата – салтым – асыл мұрам ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткеніңді бүгінменен жалғадым.
«Салт-дәстүр – асыл қазынам» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Белсенділікпен қатынасқан оқушылар мен ата-аналарға ризашылығымызды білдіреміз.
- nyr8585
- 21 февраля 2015
- 2271
- 0

