«Топжарған сайысы»
Сайыстың мақсаты:
1) Білімділік: Қоғамдық пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін байқау, білімді оқушыларды анықтау, білімді, тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызғушылығын дамыту
3) Тәрбиелік: Оқушыларды отан сүйгіштікке, имандылыққа, білімді, өнерлі болуға, тілімізді, дінімізді қадірлей білуге тәрбиелеу
Жүргізуші сөзі:
Адамзат тарихында қай кезеннен болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше коңіл бөлген. Пайғамбардың хадистерінде білім алуға ұмтылу әрбір мұсылман парызы делінген.
Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті.
ҚР өркениеті ел болу үшін ең бастысы-білімді. Білім-патриотизм негізі. Білімді болу-жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.
Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті – бірді жығады,
Білімді – мыңды жығады.
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер...Топжарған сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыстың мақсаты:
Құрметті сайыскерлер сайысымыздың шарттарымен
таныс болыңыздар!
1. Шынығу кезені
2. Белес
3. Цифрлар сөйлейді
4. Адасқан терминдер
5. Іскерлік шарт
І кезең. Шынығу кезені
Мына әріптерден сөздер құрастыр. Бұл сайысымыз «Басқатырғыш» деп аталады.
1. ЕКОНЮС – Мәдениет жөніндегі ұйым
2. АТКРДЕИЯМО – халық еркі және билігі
3. ЕНТЕЗПРИДЕ – мемлекет басшысы
4. УАТРА – айырбас үшін дайындалатын зат
5. ЫСАБТО – қоғамның бастапқы ұйымы
6. ҚЫЕҰ – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
7. ЕПУСРЛКАБИ – мемлекет формасы
8. ЦЯРВЕОЮИЛ – төңкеріс
ІІ кезең. Белес. (әр пәннен қиындығына байланысты сұрақтар беріледі. Сұрақ номері арқылы ұпай беріледі)
1 Қазақстан тарихы 10 20 30 40 50
2 Дүние жүзі тарихы 10 20 30 40 50
3 Құқықтану 10 20 30 40 50
4 Қоғамдық білім негіздері 10 20 30 40 50
5 Ауыл тарихы 10 20 30 40 50
1. Қазақстан тарихы
10 Аса ұзаққа созылған тарихи кезең ( тас дәуірі)
20 Ең ауыр,күрделі садақ оғының жету қашықтығы (450 метр)
30 С Датұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды (1783-1797 жыл)
40 С Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында көрсетілген тақырып (1916 жылғы көтеріліс)
50 Кіші жүздің ханы Әбілхайырдыңбасшылығымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген және оның сәттіаяқтаған елшілері (Құндағұлұлы мен Қоштайұлы)
2. Дүние жүзі тарихы
10 Тарихтың батыстағы, шығыстағы атасы кімдер. ( Батыстағы Геродот, Шығыстағы Сыма Цянь)
20 1370-1405ж Орта Азияда билік құрған мемлекет. (Әмір Темір)
30 Вавилонда б.з.д. 1792-1750ж билік құрған патша. (Хаммурапи)
40 Жаппай экономикалық дағдарыс қай жылдары болды. (1929-1933ж)
50 Н.Назарбаевтың қандай еңбектерін білесіңдер. (Қалың елім қазағым, Тарих толқынында, Әділеттің ақ жолы, бейбітшілік кіндігі, Сындарлы он жыл.)
3. Құқықтану
10 ҚРК неше бөлім, неше баптан тұрады ( 9 бөлім, 98 бап)
20 Парламенттің төменгі палатасы. ( Мәжіліс)
30 «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды. (1997ж)
40 Заң шығарушы орган. (Парламент)
50 Республика заңдары қай кезде күшіне енеді. (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Қоғамдық білім негіздері
10 Адам мәселесімен айналысатын ғылымдар (антропология, психология, социология, физиология, этнология)
20 «Халық еркі» «халық билігі» деген сөздерді қандай ұғым біріктіреді (демократия)
30 Мемлекеттік құрылымның формалары (унитарлы мемлекет, федерация, конфедерация)
40 Абайдың философиялық нақыл сөздер жинағы (Ғақлия)
50 Даналықты сүю деген аударманы беетін ғылым саласы (философия)
5. Ауыл тарихы
10 Ақкөл совхозы қашан құрылды (1962ж)
20 Ақкөл бастауыш мектебінің құрылуы (1936ж)
30 Ауданымызға Әйтеке би есімі қашан берілді (1993ж)
40 Қарабұтақ ауданының құрылуы (1936ж)
50 Ақтөбе облысының құрылуы (1932ж 10 наурыз)
ІІІ кезең. Цифрлар сөйлейді
1. 1465ж – Қазақ хандығы құрылды
2. 1723ж – Ақтабан шұбырынды
3. 1726ж – Бұланты шайқасы
4. 1729ж – Аңырақай
5. 1731ж – Қазақстанның Ресейге қосылуы
6. 1643ж – Орбұлақ шайқасы
7. 1219ж – Шыңғыс ханның Отырарға шабуылы
8. 1812ж – Отан соғысы
9. 1635-1758ж – Жоңғар хандығы
10. 1916ж – Ұлт азаттық қозғалыс
ІV кезең. Адасқан терминдер (тарихи терминдер)
1. Нумизматика а) тастай заттау түрдегі жазу, сызу
2. Сфагистика б) сызу, жазуды зерттейді
3. Гералдика в) актілерді зерттейді
4. Генология е) ұзындық пен салмақтар жүйесі
5. Гронология д) тарихи оқиғалар
6. метрология г) шығу тегі, шежіре
7. Дипломатика ж) Елтаңба, туды зерттейді
8. Полография з) мөр
9. Эпиграфика и) тийын, ақша тарихын зерттейді
1. и , 2. з , 3. ж , 4. е , 5. д , 6.г , 7. в, 8. б, 9. а.
V кезең. Іскерлік шарт (толықтыру тесті)
1. АҚШ тәуелсіздік декларациясы (1776 жылы) қабылданды.
2. Франциядағы буржуазиялық революция (1789 жылы) болды.
3. Напален (1804 жылы) император болып жарияланды.
4. (1814 жылы) Европа мемлекеттерінің конгресі болды.
5. Қасиетті Одақ (1815 жылы) құрылды.
6. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі (1773 – 1775 жылы) болды.
7. (1783-1797 жылы) С. Датұлы бастаған шаруалар көтерілісі болды.
8. Абылай хан (1711 – 1781 жылдары) өмір сүрді.
9. Қазақ хандығының алғашқы астанасы (Сығанақ қаласы) болды.
10. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының астанасы (Түркістан).
Сайысты қорытындылау
Бағалау
- Зауреш
- 15 февраля 2015
- 935
- 0

