Мен және менің отбасым
МЕН және МЕНІҢ ОТБАСЫМ
Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдеби-музыкалық кеш.

Дайындық кезеңі: Балаларға алдын-ала отбасы мүшелеріне арнап өлең шумақтарын, ән жаттап келуге тапсырма беріледі.
Безендірілуі: кітап көрмесі жасалып, отбасы мүшелері туралы нақыл сөздер, гүл, шар, суреттер т.б. ілінген.
(Ақырын ғана «Балбырауын» күйі ойналады, ортаға жүргізуші шығады).
Жүргізуші: Сәлем, ата – алтын күн
Сәлем, қарты халқымның!
Бақытты болғын балалар,
Ашық болсын күніңіз!
Жайнай берсін жүзіңіз! – дей келіп,
«Мен және менің отбасым » деп аталатын мерекемізді бастаймыз.
Бүгінгі мейрамымызды біз өзіміздің ата-әжелеріміз, ана мен әкелерімізге арнаймыз. (Сырттан иттің үрген дауысы шығады).
Міне менің көмекшім де келіп қалыпты ғой! Кір, кір қуаныштымыз.

Күшік: Мен күшікпін, ақ күшік!
Қырағы да, сақ күшік.
Түні бойы жатпаймын,
Қоралы малды сақтаймын.

Әжем мені мақтайды,
Тамағымнан қақпайды.
Ақылды итке санайды,
Аппақ жүнімді тарайды.

Мен де оған еркелеп,
Әжеме жылы қараймын.
Мен күшікпін, ақ күшік!
Қырағы да, сақ күшік.
Түні бойы жатпаймын,
Қоралы малды сақтаймын.
(Өтебай Тұрманжановтың өлеңінен өзгертіліп алынған).
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге арнап бір қоржын жұмбақтар алып келдім.
Жүргізуші:
Өте жақсы. Балалар, сендер жұмбақтарды шешкенді ұнатасыңдар ма?
Ия!
Олай болса менің көмекшім сендерге жұмбақтар жасырады, сендер оларды шешуге тырысыңдар.

Күшік:
Менің де қоятын шарттарым бар. Менің қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, ән салып беріңдер.
1-жұмбақ:
Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз?
(АТА)
2- жұмбақ:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім?
( Атаң)
Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші?
Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой.

1. Бала: Ата
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалын салалап.
Құмарымды тарқатам,
Жер мен көкті аралап.
Ертегілер еліне,
Бір шегетін сапары,
Ардақтаймын өмірде,
Асқар таудай атамды.

2.Бала: Біздің атай
Күлімдейді келіп бар бала,
Қоршайды оны айнала!
Алаңда, бақта, сайда да,
Солармен бірге қайда да.

Мойнына бірін мінгізіп,
Біріне бетін сүйгізіп.
Көкірегінде күн жүзіп,
Көреді күнде мың қызық.

Ойнатып бәрін келеді,
Ойыншық әкеп береді.
Көңілі қандай таза еді,
Жүрегі қандай кең еді!

3 - Жұмбақ: Бұл кім?

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;
Аялы қолда талпынтқан;
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан;
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;
Бұл кім? (Ана)
Ыбырай Алтынсарин

Әлпештеп өзіңдей өсірген,
Нағашы әжеңнің баласы.
Төрінде жалпиып көсілген,
Бұл күнде жиеннің анасы
Ол кім?
(Анаң)
Жүргізуші: Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...). Ал енді аналарымызға арнап ән шашуын шашайық! ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Мен және менің отбасым

Мен және менің отбасым

Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналаны қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: Мен және менің отбасым...
Жаңа жыл мерекесінде

Жаңа жыл мерекесінде

Нұржанова Инкар Мейрамбаевна Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селосы Қарабұтақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тақырыбы: Жаңа жыл...
Жаңа жыл (Балабақша | Қош келдің Жаңа 2015 жыл, Қазақша сценарий)

Жаңа жыл (Балабақша | Қош келдің Жаңа 2015 жыл, Қазақша сценарий)

Жаңа жыл (Балабақша | Қош келдің Жаңа 2015 жыл, Қазақша сценарий) «Қош келдің, Жаңа жыл» 2015 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі Жүргізуші:...
Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты "Айналайын, ана, мерекеңізбен!"

Тақырыбы: «Айналайын, ана, мерекеңізбен!» Мақсаты:аналар мен әжелерді, қыздарды халықаралық 8-наурыз мерексімен құттықтау. Көрнекі құралдар: плакат,...

"МЕНІҢ ОТБАСЫМ" ФОТОГРАФИЯЛАРЫ БОЙЫНША СУРЕТТЕУ ӘҢГІМЕЛЕРІН ҚҰРАУ

"МЕНІҢ ОТБАСЫМ" ФОТОГРАФИЯЛАРЫ БОЙЫНША СУРЕТТЕУ ӘҢГІМЕЛЕРІН ҚҰРАУ. Мақсаты: тәрбиешінің жоспары бойынша балаларды әңгіме құрауға үйрету; өз отбасы...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру