«Әдепті бала - 2013» сайысы
Өтетін күні: 27.11.2013ж.
Уақыты: 15.00
Болатын жері: Акт залы
Өткізген мектеп тәлімгері: Г.Есмурзаева


Сайыстың тақырыбы: «Әдепті бала - 2013» сайысы

Сайыстың мақсаты: Жас ұрпақтың бойына игі салт сананы сіңіре отырып, оларды имандылықпен, инабаттылыққа тәрбиелеу, өсіп келе жатқан ұрпақтың арасынан болашақта үлгі боларлық талапты, болмысы бөлек тұлғаларды көтеру, сонымен қатар балалардың ой-өрісін дамыту және жан-жақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Шарлар, әдептілік туралы қанатты сөздер, суреттер

Жүру барысы

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Бармысыздар жадыраған жас достар!
Берекелі, мерекелі «Әдепті бала» сайысымыз құтты болсын!
Сайысымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымыз кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді сайыскерлер,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге. - дей отырып бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметпен ортаға шақырайық.
(музыка әуенімен) «Ұлытау» тобы- күй: «Жұмыр қылыш»

1 «а» сынып оқушысы – Сағынышқали Жансая
1 «а» сынып оқушысы – Байғали Мадина
1 «а» сынып оқушысы – Бисенбаева Жасмина
1 «ә» сынып оқушысы – Аманбай Дильназ
1 «б» сынып оқушысы – Бимағанбет Сұлтан
1 «в» сынып оқушысы – Сисен Нұргүл

«Әдепті бала-2013» сайысында қатысушы оқушының арғы ата бабасын, руын білуі, өнерлі, жан-жақты және зерек болуы бағаланады. Өткелі отырған сайысымыздың шарттарымен танысып өтейік.
Сайыс негізінен 5 шарттан тұрады:
1. Таныстыру ( жеті атасын қоса таныстыру берілетін уақыт 5минут)
2. «Өнерліге өріс кең» (өз өнері ән, би, мәнерлеп оқу, сахналау және т.б. берілетін уақыт 3-5минут)
3. Мақал сөздің мәйегі ( оқу, білім, әдептілік туралы мақал айту)
4. Логикалық сұрақтар (берілетін уақыт 1 минут)
5. «Адамды адам еткен - еңбек» (әр түрлі бұйым жасау, сурет салу, берілетін уақыт 5-7минут)
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындыққа арқа тұтқан,
Құрметті әділқазыларды қарсы алайық!
Сайысымызды бастамас бұрын байқауымызға төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. Газимова Халампыр Шапхатқызы – мектеп директор, қазылар алқасының төрайымы
2. Толюбаева Мереке Айдарбайқызы– директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Искакова Ләззат Жолдасқызы - мектеп кітапханашысы
4. Бигельдиева Айтгүл – 3 «А» сынып жетекшісі
5. Джуманиязова Алия -4 «В» сынып ата-анасы

Ендеше әділ қазы алқасымен таныс болдық, олай болса сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші: Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда,
Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Сайысымыздың бірінші шарты : 1.Таныстыру ( жеті атасын қоса таныстыру берілетін уақыт 5 минут)
Ортада:
1 «а» сынып оқушысы Сағынышқали Жансаяны қол соғып
қошеметпен ортаға шақырамыз.
1 «а» сынып оқушысы – Байғали Мадина
1 «а» сынып оқушысы – Бисенбаева Жасмина
1 «ә» сынып оқушысы – Аманбай Дильназ
1 «б» сынып оқушысы – Бимағанбет Сұлтан
1 «в» сынып оқушысы – Сисен Нұргүл
(Сайыскерлерімізді кезекпен ортаға шақыру)

Жүргізуші : Таныс болдық арулар тегіменен,
Туып өскен мекені, еліменен.
Ақындарға тартқан бәрі ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

Олай болса,қазылар алқасынан ұпай сандарын сұраймыз (ұпай сандарын айтып өту)
Жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі «Әдепті бала» сайысынан бәйге алуға,
Сайыскерлер аянбай жан салыпты.

Сайысымыздың келесі шарты: 2. «Өнерліге өріс кең» (өз өнері ән, би, мәнерлеп оқу, сахналау және т.б. берілетін уақыт 3-5минут)
1 «а» сынып оқушысы – Сағынышқали Жансая Ән: «Әке туралы»
1 «а» сынып оқушысы – Бисембаева Жасмина Би: «Үнді биі»
1 «а» сынып оқушысы – Байғали Мәдина «Әже ролін сомдау»
1 «ә» сынып оқушысы – Аманбай Дильназ Ән: «Қошақаным»
1 «б» сынып оқушысы – Бимағанбет Сұлтан Ән: «Менің Қазақстаным»
1 «в» сынып оқушысы – Сисен Нұргүл Ән: «Анашым»

Олай болса,қазылар алқасынан ұпай сандарын сұраймыз (ұпай сандарын айтып өту)
Жүргізуші: Мақал - мәтел сөз мәйегі, тілегі,
Әр сандарда асыл сөздің тірегі.
Қарапайым қазақ тілі өз тілім,
Өз тілімде бұлқынады жүрегім.

Сайысымыздың үшінші шарты: Мақал сөздің мәйегі ( оқу, білім, әдептілік туралы мақал айту)
1 «а» сынып оқушысы – Сағынышқали Жансая
1 «а» сынып оқушысы – Байғали Мадина
1 «а» сынып оқушысы – Бисенбаева Жасмина
1 «ә» сынып оқушысы – Аманбай Дильназ
1 «б» сынып оқушысы – Бимағанбет Сұлтан
1 «в» сынып оқушысы – Сисен Нұргүл

Олай болса,қазылар алқасынан ұпай сандарын сұраймыз (ұпай сандарын айтып өту)

Жүргізуші: Бүгінгі күн сайыста,
Сен ешкімнен қалыспа.
Біліміңді көрсетер,
Сұрақтарға жауап бер.
4. Логикалық сұрақтар (берілетін уақыт 1 минут) барлық қатысушы сайыскерлерімізді ортаға қошеметпен шақырамыз, әділ қазылардың алдындағы билеттерді алуларыңызға рұқсат.
(билеттерді алып бір-бірлеп жауап береді, берілетін уақыт 1 минут)
Логикалық сұрақтар: 1.Ананың әкесі саған кім болады?
2.Қыс мезгілінің екінші айы?
3. Атаң мен әжеңе сен кімсің?
4.Қымыз қай малдың сүтінен жасалады?
5.16 желтоқсан қандай мереке?
6. Музыкалық ұлттық аспап?
7. Қазақтың жаңа жылы?
8. 1-маусым қандай мереке?
9. Анаңның апасының баласы саған кім болады?
10. Қазақтың батыр қыздары кімдер?
1 «а» сынып оқушысы – Сағынышқали Жансая
1 «а» сынып оқушысы – Байғали Мадина
1 «а» сынып оқушысы – Бисенбаева Жасмина
1 «ә» сынып оқушысы – Аманбай Дильназ
1 «б» сынып оқушысы – Бимағанбет Сұлтан
1 «в» сынып оқушысы – Сисен Нұргүл

Олай болса,қазылар алқасынан ұпай сандарын сұраймыз (ұпай сандарын айтып өту)

5.«Адамды адам еткен - еңбек» (әр түрлі бұйым жасау, сурет салу, берілетін уақыт 5-7минут)
1 «а» сынып оқушысы – Сағынышқали Жансая «Қағаздан бұйым жасайды»
1 «а» сынып оқушысы – Байғали Мадина «Қағазбен жұмыс»
1 «а» сынып оқушысы – Бисенбаева Жасмина «Сурет салады»
1 «ә» сынып оқушысы – Аманбай Дильназ «Сурет салады»
1 «б» сынып оқушысы – Бимағанбет Сұлтан «Сурет салады»
1 «в» сынып оқушысы – Сисен Нұргүл «Бұйым жасайды»

(Ортаға сайыскерлер шығып бұйымдарын жасай береді)
Сайыскерлеріміз өз бұйымдарын жасап дайындағанша ортаға мектебіміздің
3«А» сынып оқушысы Рссаев Қосайдың орындауында ән: «Анашым» қошеметпен қарсы аламыз.
(Сайыскерлер әділ қазылар алқасына өздерінің жасаған бұйымдарын таныстыру)
(ұпай сандарын айтып өту)
Әділ қазылар алқасы ұпай сандарын есептеп, қорытындысын шығарғанша ортаға 4 «Ә» сынып оқушылары «Дос болайық бәріміз!» әнімен қарсы аламыз.

Жүргізуші: Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,
Әдепті баласы деп мектептің жүрейікші.
Әділ қазыларға тек әділдікті,
Ал сайыскерлерге сәттілік тілейікші.

Жүзден жүйрік күшіменен,
Мыңнан тұлпар шықты шың.
Сайыскерлердің ішінен.
Шыққан сайыскер мықтысың.

Құттықтаймыз ал енді,
Әдепті болған баланы.
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуаныштан жанары,
Шоқтай болып жанады.
Бүгінгі қазылар алқасының төрайымы мектебіміздің директоры Газимова Халампыр Шапхатқызына марапаттау сөз кезегін береміз.
Құттықтау сөз кезегін ата-аналарға, оқушыларға береміз.
(Сөз сөйлеп, құттықтап, оқушыларды марапаттау)

Осымен «Әдепті бала-2013» сайысы да өз мәресіне келіп жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Келесіде жүздескенше, қош сау болыңыздар. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру