(Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиынның сценарийі)
Өтетін күні: 02.10.2014 жыл
Болатын жері: Мектептің акт залы
Өткізген : 1 «А» сынып мұғалімі Есмұрзаева Гүлдана
«Ұстаз- мәңгілік нұрдың қызметшісі»
атты салтанатты жиынның жүру барысы
Көрнекілігі: шарлар, тақырып жазылған барнер.
Қайырлы күн құрметті «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері.
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман – деп , Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткелі отырған ұстаздар күніне арналған салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
Алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп басшысы Газимова Халампыр Шапхатқызына береміз.
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Олай болса ортаға мектебімізідің 4-ші «А» сынып оқушысы Айтбаева Нұрайдың орындауында би: «попури» қабыл алыңыздар! Қол соғып қошеметтеп отырайық.
Келесі құттықтау сөз кезегін Айби Қайжанқызы бастаған
әріптестеріміздің жылы лебізіне береміз.
Рахмет, айтқандарыңыз келсін! Алдарыңызда 1-ші «В» сынып оқушысы Жәкібай Аружанның орындауында ән: «Мереке»
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаз Балтөре Жәңгірханқызы мен Бақтылы Әділқызына береміз.
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар.
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады,
Шәкірттердің көңілді әнін қабыл алыңыздар- алдарыңызда
4-ші «Ә» сынып оқушылары Гүлшат пен Нұршат Жолдасовалардың орындауында ән: «Ардақты ұстазым»
Келесі құттықтау сөз кезегін кәсіподақ ұйымының төрайымы Дербисова Күлсара Аджиғалиқызына береміз. Күлсара Аджғалиқызы мектебімізде 23-ші қыркүйекпен 01-ші қазан күндері аралығында өткен «Үлгілі кабинет-2014» байқауының, 27-ші қыркүйек күні «Ұстаз болу-жүректің батырлығы» атты тақырыбында өткізілген спорттық эстафеталық жарыстың қортындысымен таныстырып өтуіңізді сұраймыз.
Бүгінгі салтанатты жиынымызға 3-ші «Г» сынып оқушылары «мұғалім» сөзіндегі әр әріпке шешуін жазып, ұстаздарға арнап өлең әкелген екен. Тыңдайық.
М – мейірімді
Ұ – ұлағатты
Ғ – ғазиз
А – ақылды
Л - лайықты
І – іскер
М – маман
1-оқушы: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестірдің үнінідей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
2-оқушы: Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыл оқисың нөсер болып құйылып,
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп.
3-оқушы: Болса менің кішкене бір табысым.
Қорғаған ұстазымның намысын
Ұстазымша білсем деймін өмірді
Ұстазымша болса менің әр ісім
4-оқушы: Білім беріп көзді ашқан,
Ақылшым,досым,ұстазым.
Мейіріңнен сен асқан,
Адалдық жолын нұсқадың
5-оқушы: Осы сөзде жатыр қанша ұлылық
Осы сөзде таусылмайтын жұлулық
Әл-фараби, Ыбырай мен Ақанды
Осы сөз ғой қойды бізді ұлылық
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін
Тентектерді ақылменен емдейтін
Болсадағы малға кедей өмірде
Бар байлығын шәкірттерім сен дейтін
6-оқушы: Ұстаз сөзі-күн нұрына бара-бар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар,
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
7-оқушы: Бақыт таптым ұстаздықтың бағынан,
Қаншама ұрпақ қанаттанды алдымнан
Сомдап сақтым болашақтың мүсінін,
Тіршілікте сол ғой ізін қалдырған.
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді Күләш Әділханқызына , Қалдыгүл Ондасынқызына, Мереке Айдарбайқызына береміз.
Барлық мамандықтың өзіндік ауыртпашылығы бар екені рас, бірақ мұғалім болу бәрінен де қиын. Өйткені ол адам тағдырына жауапты тұлға. Кез келген адам өзінің бүкіл саналы ғұмырының негізін мектепте қалайды. Бала шақтан болашаққа, балалықтан даналыққа дейінгі аралықта өтетін құбылыстың барлығын мұғалімнен алады. Бір-бір үйдің еркесін қолынан ұстап, маңдайынан сипап, бауырына қысып, оларға білім атты дарияның алғашқы тамшысынан дәм татқызып, уақыт өткен сайын оның терең асыл маржандарын тергізіп, өмірге қадам басқызатын мұғалімді тіршіліктің күретамыры десек те болады.
Ойын: «Жауабын тап» Бұл ойынды ойнау үшін маған 5 жұп керек.
Шарты: Екі адам болып арқасымен шарды жарып, шардың ішіндегі логикалық сұрақтарға жауап беруі керек.
1. Жылдың ең қысқа күндері.
2. Оқушылардың үлкендерге көп
көрсете бермейтін құпиясы
1.Жел соққанда тау ық бола ма?
2. Теңізде қандай тас болмайды?
1.Домбырада – жетеу, сырнайда –
алтау, қобызда бесеу. Бұл не?
2.Бұл санда қанша әріп бар болса,
сонша сан бар. Ол қай сан?
1.Ертістің ортасында не бар?
2.Өзі судан шығады, бірақ
судан қорқады. Бұл не?
1.Үзілісті зарықтыра күттіретін 45
минут.
2.Қыздардың негізгі қаруы.
Осындай сұрақтар әрине бұның бәрі әзіл.
Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын – деп, мектебіміздің жас мамандарынан құралған «Жұлдыз» тобының орындауындағы хор Ұстазым әнін қабыл алыңыздар! Қол соғып қошеметтеп отырайық.
Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
- m10121989
- 16 февраля 2015
- 2782
- 0


