Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік жоспары
орта мерзімді сабақ жоспары, 7-сынып
Жазба
Орта мерзімді жоспарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартын, Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 9-шілдеде №367 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасын, Қ.Әбдезұлы,С.Ч. Тұрсынғалиеваның жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған қазақ әдебиеті оқулығын және әдістемелік нұсқауды басшылыққа ала отырып құрылды. Бұл жоспарды «ХІХ ғасыр әдебиеті» тарауына тізбектелген төрт сабағын сындарлы оқыту бағдарламасының жеті модулі бойынша құрастырдым. Сындарлы оқытудың мақсаты: оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде кез-келген жағдайда пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқушы бұрыннан не білетінін, сабақ барысында көп нәрсе үйрену үшін не жасай білу керек екенін және балалардың деңгейлері ескеріле отырып сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесін құрастырылды.
Әр сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін жұптық, топтық жұмыстары жүргізіледі.Оқушылардың сөздік қорын дамыту, жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында диалогті оқыту әдістері мен сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және визуальді әдістерді қолдану жоспарланып отыр. Сонымен қатар АКТ бойынша интернеттен мәлімет жинақтап, видео ролик, тапсырмалар дайындалады. Сабақта оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға жұптық, топтық тапсырмалар, сабақтарды бекіту үшін Блум таксономиясы бойынша құрылған сұрақтар, «Серпілген сауал»,«Тақырыптық түйінді сөз» әдістері пайдаланылады.
Инклюзивті білім беру мақсатында дарынды және талантты оқушылар үшін оқиғалардың композициялық құрылымына талдау, кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау, пікір жазу тапсырмаларын ұсыну көзделіп отыр. (5,6,8,9) Орташа оқитын оқушыларға: төмен дәрежелі сұрақтар дайындау, шығармадағы көркем сөздерді талдау, жоспар құру тапсырмалары жасақталды. Талантты және дарынды, орташа және білім деңгейі төмен оқушылар арасында бірлескен оқу жүргізу үшін барлығына қолжетімді тапсырмалар дайындалды. Сабақта формативті бағалау жүргізіледі, яғни топта критерийлер арқылы өзара бағалау, «бағалау ағашы» және «басбармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау, екі жұлдыз, бір ұсыныс айту жүргізіледі. Сенім білдіру, ынталандыру, мадақтау арқылы оқушыларды қолдау, мұғалімнің түсіндірмесімен бағалауы да жоспарланды.
Өтілу мерзімі Сағат саны Тарау, сабақ тақырыбы, мақсаты Күтілетін нәтиже Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы Үйрену барысын бағалау Негізгі дерек көздер, құрал-жабдықтар
XІX ғасырдағы әдебиет.
1.Тіл ұстарту.(Абай әндері)
2.Ахмет Байтұрсынұы «Ақын ініме»
3. Екі шыбын.
4. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»
Мақсаты: XІX ғ.
қазақ әдебиетіндегі ақындар өмірі және олардың өлеңдерімен таныса отырып, адам бойындағы рухани құндылықтарды саралау және бағалау. А.Ақынның өмір жолын, шығарманың мазмұнын біледі. Ақынды басқа қырынан тани алады.
В. Өлеңнің идеясын ашады және мазмұнын өз сөзімен жеткізе алады. Өлең құрылысына талдауды біледі. Әдеби теориялық ұғымдарды анықтай алады.
С. Өлеңнің айтар ойын айқындайды, өмірмен байланыстыра отырып баға береді. Оқытудың формасы: жеке,жұптық,топтық.
Сыни тұрғыдан ойлау әдістері: «Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісі, «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі, «Серпілген сауал» әдісі,«ЖИГСО» әдісі,
«Серпілген сауал» әдісі, «Галерея» әдісі, «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі
АКТ пайдалану арқылы визуальды оқыту: аудио,видео подкастар, тұсаукесерлер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме, әңгіме-пікірталас
ББҮ әдісі, «Сэндвич» әдісі, «Үш өлшемді күнделік» Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс. Талантты және дарынды балаларға арналған он екі идеяны қамтыған кеңейтілген тапсырмалар, АБҚ бар балаларға арналған маршруттық карта. Тіл үйрену стратегиялары, жадыны дамытуға арналған жаттығулар. Қашықтықтықтан оқытудағы 8 идея.
Формативті бағалау: бағалау критерийлері, «басбармақ», «Бағдаршам» әдісі,
«бағалау ағашы» арқылы өзін-өзі және өзара бағалау, екі жұлдыз және бір ұсыныс арқылы топтық бағалау,
рефлексия парағы Қазақ әдебиеті
7-сынып оқулық, Авторлары: Қ.Әбдезұлы, С.Ч. Тұрсынғалиева. Арман ПВ. нұсқаулық, ресурс парақтары, жұмыс дәптері, топшамалар, маркер, стикер, АКТ интернет желісі,видео роликтер, Марш.карта
17.10
Тіл ұстарту (Абай әндері)
Мақсаты:
Абай шығармашылығының жаңа қырын анықтау, қазіргімен салыстыру
А. Абайдың әні бар басқа өлеңдерімен танысады.
Б. Әндерінің қалай айтылатынын үйренеді.
С. Әндерінің шығу тарихын бірлесіп анықтайды,зерттей біледі.
1.Үй тапсырмасын «Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісімен тексеру.
2. «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісімен жаңа сабақты меңгерту,
3.Бекіту: «Серпілген сауал» әдісімен қорытындылау.
ББҮ әдісі арқылы кері байланыс жасау
Жеке жұмыс,топтық жұмыстар, талантты және дарынды оқушыларға арналған кеңейтілген тапсырмалар. 8,9. маршруттық карта
формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс өзара бағалау, мадақтау, ынталандыру, қолдау, рефликсия парағы.
7-сынып оқулығы, ресурстық парақтар,жұмыс дәптері,стикерлер, аудио жазба, кері байланыс парағы
22.10 1 1.Ахмет Байтұрсынұлы
«Ақын ініме» Мақсаты:Ақынның «Ақын ініме» өлеңі арқылы адам бойында ізгі қасиеттерді дәріптеу.
А. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен танысады
Б. Өлеңнің мазмұнын түсінеді, идеясын анықтай алады.
С. Өлеңнің астарына үңіле отырып талдайды, айтылған ойды саралай алады. 1.Үй тапсырмасы: «Серпілген сауал» әдісі.
2. Жаңа сабақ: «ЖИГСО» әдісі, деңгейлік тапсырмалар.
3. Бекіту: Жадыны дамытуға арналған тапсырмаларды орындату арқылы сабақты бекіту.
«Сэндвич»әдісі арқылы кері байланыс жасау.
Топтық жұмыс, жеке жұмыс, топта еркін талқылау, Маршруттық карта, Жадыны дамытуға арналған жаттығу. формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс, «бас бармақ» арқылы өзін-өзі бағалау,критерийі арқылы өзара бағалау, бағалау ағашы,
ынталандыру, қолдау 7-сынып оқулығы, нұсқаулық, ресурс парақтары, жұмыс дәптері, топшамалар, суреттер, кері байланыс парағы, аудио жазба.
24.10 1 2.Екі шыбын
Мақсаты: Мысалдың идеясын ашу және жан-жануарлардың іс-әрекеті арқылы ұнамсыз мінез-құлықтардан аулақ болуға үндеу.
А. Өлеңді мәнерлеп оқи алады, мазмұнын түсінеді.
Б. Мысалдың басқа жанрдан ерекшелігін ажыратады.
С. Мысалдың айтар ойын салмақтайды, жаман әдеттен аулақ болу керектігін сезінеді.
1.Жаңа сабақты түсіндіруде:
«Галерея» әдісі.
2..Бекітуде «Крестиктер -нөлдіктер» әдісі.
«Сэндвич»әдісі арқылы кері байланыс жасау
топтық жұмыс, жеке жұмыс, маршруттық карта арқылы деңгейлік тапсырмалар орындау.
Талантты, дарынды оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар.5,6. Формативті бағалау: «бағдаршам»әдісі арқылы өзін-өзі бағалау, кеңес беру, екі жұлдыз, бір ұсыныс, өзара бағалау, ынталандыру,
мадақтау.
7-сынып оқулығы, жұмыс дәптері, әдістемелік құрал, әдебиеттер, нұсқаулық, флипчарт,маркер, кері байланыс парағы
29.10 3.Сұлтанмахмұт
Торайғыров «Бір адамға»
Мақсаты:
Ақын өмірінен мағұлмат алу, өлеңнің мазмұнын ашу,идеясын анықтау.
А. Ақынның өмір жолын, өлеңнің мазмұнын біледі.
Б. Өлеңдегі әдеби теориялық ұғымдарға тоқталады, өлең құрылысына талдай алады.
С. Өлеңнің астарын ұғынып,кейіпкердің іс-әрекетін салыстырады, өмірмен байланыстыра отырып баға береді. 1..Жаңа сабақ түсіндіруде:
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі.
2..Бекіту: «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі
«Үшөлшемді күнделік» әдісі арқылы кері байланыс Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, төмен,
жоғары дәрежелі сұраққа жауап береді.. Формативті бағалау: критерий арқылы бағалау, «бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау, ынталандыру, мадақтау. 7-сынып оқулығы, жұмыс дәптері, әдістемелік құрал, әдебиеттер, нұсқаулық, кері байланыс парағы.
- Нурлыбек
- 3331
- 0

