«Оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау, бағалау әдістерінің элементтерін қолдану тиімділігі » бойынша коучинг ЖОСПАРЫ № Сабақтың тізбегі Оқу үдерісін бағалау
1 Жалпы мақсаты Коучинг қатысушыларына жалпы жеті модульмен таныстыру, сын тұрғысынан ойлау,бағалау модулінің элементтерін тәжірибеде тиімді қолдана білуге бағыттау.
2 Күтілетін нәтиже Сын тұрғысынан ойлауды, бағалауды оқу үдерісінде қолдана білулеріне ықпал ету,бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау, талапқа сай өлшемдерді қолдану дағдыларын дамыту,топтық жұмыс орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
3 Түйінді идеялар Сын тұрғысынан ойлай отырып,бағалай отырып логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту
4 Материалдар және ресурстар түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер, аудио, ролик-презентациялар, 6 қалпақ.
5 Оқыту әдістері: Миға шабуыл Топтық ,жұптық жұмыс Бағалау Кері байланыс САБАҚ ЖОСПАРЫ Коучинг өткізу кезеңдері Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеттері Сәлемдесу Коучингтің тақырыбы және оның мақсатымен таныстырады.
Тренинг «Тамаша» тренингі бойынша коучинг қатысушыларымен танысу, жағымды қасиеттерін анықтау. Шағын топқа бөлу Коучингқа қатысушыларды шағын топқа бөлу. (Кәмпиттер арқылы ) Миға шабуыл «4 әйел» туралы ролик-презентация.
Түйінді идеялар Төрт әйелдің мінез-құлқын , іс-әрекетін бағалайды.Адам өміріне қажеттілік: «Шынында да барлығымызда өмірде 4 әйелден бар...». Жұптық жұмыс 6 қалпақ бойынша «4 әйел» көрсетілімге әр топ өз ойларын жеткізеді,бағалайды Сергіту сәті «Биле-биле»биіне қатысушылар билеп,сергиді Топтық жұмыс «Ақ орамал» аудио-тыңдалым, әр топ тыңдап, өз ойларымен жалғастырады, жеткізеді,бағалайды.
Түйінді идеялар Әрқайсымыз ата-анамызды ардақтап,құрметтеуміз керек.Ата-ананың махаббаты мәңгілік. Сергіту сәті Музыкамен тілек білдіру, көңілдерін көтеру. Рефлексия «Екі жұлдыз ,біртілек»» алма стикерлеріне өздерінің тілектерін жазып,тақтадағы алма ағашына іледі.




