Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс
Күні:
Коучинг жоспары
Модуль аты Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Коучинг тақырыбы Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс
Коучинг мақсаты Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс туралы түсінік енгізу, топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын көрсету
Оқу нәтижелері Белгілі бір тапсырмаларды орындау мақсатында тренерлер мен мұғалімдердің шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игеруі.
Түйінді идея: «Балаға өз бетiмен зерттеуге мүмкiндiк туғызған сайын одан әрi жасқы оқи түседi» (Питер Клайн)
Әдіс-тәсіл Топпен жұмыс, сто стратегиялары, диалогтық оқыту, АКТ
Ресурстар мен жабдықтар Топтық жұмысты бағалау парағы, өзін-өзі бағалау парағы, постер, презентация, бейнежазба, маркерлер, интербелсенді тақта, стикерлер, таратпа тапсырмалар,
Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
1). «Күн сәулесі...түсіп тұр» (ынтымақтастық жұмыс болу үшін, жағымды психологиялық ахуал туғызу). /7 мин/

2) Топқа бөлу «жеміс салаты» ойыны (тыңдаушыларды бірлесіп жұмыс жасау және топқа бөлу әдісін көрсету) /7 мин/
- 1 топқа 5 әр түрлі жеміс атаулары беріледі (алма, алмұрт, ананас, банан, мандарин)
Тыңдаушылар шеңберге тұрып, ойынға қатысады.

- Алма дегенде әр топтағы алмалар орындарымен ауыстырады, ал жеміс салаты дегенде барлығы араласады, құрылған топпен біресіп жұмыс істейді
3) Бейне жазба көрсету: Муравьи_PocketPC (Ынтымақтастықпен және өзара іс-әрекеттегі жұмысты түсіну). /5мин/

4) Әр топқа тапсырмалар беріледі? /Сұрақтар таратылады/ 7 мин/
1. Сенімді қарым-қатынас құру дегеніміз не?
2. Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?
3. Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?
4. Топтық жұмыста мұғалімнің рөлі қандай?
5. Белсенді сынып және белсенді емес сынып қандай болады?

5) Жұмысты қорғау: /10 мин/
«Галерея» әдісін қолданып қорғайды.
Спикерді орындықтың артына жапсыру.
Қорғап болғаннан кейін, әр топ бір-бірін бағалайды. /1-топ қолмен немесе жесттар көрсету арқылы, 2-ші топ әдемі сөзбен, аяқпен, /


6) Презентация көрсету (3_L2W1D1_Топтық жұмыс туралы нұсқаулық) /5 мин/


7) Бейне жазба көрсету: «топтағы мотивацияны тудыру» (Мультик про мотивацию в команде).
/3 мин/

8) Шағын топтарда жұмыс істеу ережесін құру (топ ережесін құрудың әдісін көрсету және маңыздылығын түсіну ) /5 мин/
-Тыңдаушылар шағын топ ережесін құрады, жалпы топ ережесіне әр топ 2 маңызды ереже ұсынады, оны жалпы постерге жазады
Топ мүшелері өзара келісіп, талқылап өз ойларын айтады.
Топта талқылап, өз ойларын постерге салады.
Спикер шығып жұмысты қорғайды, тыңдаушылар бағалау үшін екі жұлдыз, бір тілек жазады.
Интерактивті тақтада «Топтық жұмыс туралы» презентациямен танысады
Бейнежазба көреді
Тыңдаушылар шағын топ ережесін құрады, жалпы топ ережесіне 2 ережені ұсынады
Постерге жазылған ережелерді тақтаға іліп қояды.
9) Ойын «Он сұрақ» Коуч бір мұғалімді таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
Бір адам ортаға шығып ойынға қатысады, сұрақтар қояды.
10) Рефлексия.
Ойлаудың алты қалпағы стратегиясын қолданып бүгінгі коучингті қорытындылау.
• Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
• Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
• Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
• Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
• Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
• Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.
Мұғалімдерге қалпақтар беріледі. Бүгінгі тақырып бойынша өз ойларын айтады.
Синквейн стратегиясы
Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.
- Бірінші жолда- тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда- тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда- тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда- тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз
- Бесінші жолда-4 сөзден тұратын бір сөйлем. Синквейн стратегиясын қолданып параққа жазады

Бағалау. тыңдаушылар коучингтің өтуі туралы стикерге «2 жұлдыз, 1 тілек жазады.

«Кері байланыс» коучингті бағалау парағын толтырады Тақтадағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерге кері байланыс ретінде жазғандарын жапсырады.
Сергіту сәті Ортаға шығып интербелсенді тақтадағы бейнежазбаға қарап билейді. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Оқушылардың білім алуына көмектесетін оқыту үдерісі -  Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Оқушылардың білім алуына көмектесетін оқыту үдерісі - Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Шеберлік сынып тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Жалпы мақсат: Оқушыларға сабақты АКТ-ны тиімді...
«Екі шыбын»

«Екі шыбын»

7 - сынып Сабақтың тақырыбы «Екі шыбын»...
Бірлескен топтық жұмыс.Топтарда жұмыс жасау әдістемесі

Бірлескен топтық жұмыс.Топтарда жұмыс жасау әдістемесі

Топтарда бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісу.Топтарда жұмыс істеу үдерісін модельдеу.Топтарда жұмыс істеу мен тиімді топтық жұмыстың арасындағы...
Ынтымақтастық және бірлескен топтық жұмыс

Ынтымақтастық және бірлескен топтық жұмыс

Модуль 7 модуль ықпалдастығы, Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер Жaлпы мaқcaты: Қатысушыларға оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер негізінде топқа...
Қысқа мерзімді коучинг жоспары

Қысқа мерзімді коучинг жоспары

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы «Қызылтөбе лицейі» мемлекеттік мекемесінің бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру