Коучинг тақырыбы Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер
Мақсаты : Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға үйрету.
Сілтеме: Бейнесюжеттер,аудиосюжет, ғаламтор материалдары .Слайд.
Оқыту нәтижесі : Мұғалімдерді оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері туралы түсініктер қалыптасады, өз тәжірибелерінде орынды пайдалана алады.
Сабақ беру әдісін өзгертеді. Оқушылар үнемі ізденіс үстінде болады.
Сабақта қолданылатын материалдар: А4 қағаздары ,интерактивтік тақта ,флипчарт қағаздары , түрлі түсті маркерлер
Негізгі идеялар : XX ғасыр мұғалімі ХХІ ғасырдың оқушыларын оқыту үшін ұстанымын өзгерту қажет!
Топқа бөліну :
«Анаға сәлем» , «Қыз сыны»өленнің жумақтарымен топқа бөлу.
Е.Хасанғалиев - Анаға сәлем
1.Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді
Қайырмасы:
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
Қыз сыны Сөзін жазған: Қ.Қазыбеков ,Әнін жазған: М .Омаров
1.Үкілі камшат, бүрмелі көйлек, Тұрғандай өзі қимылсыз билеп. Иықтан шашы төгіліп жерге, Күмісті шашбау жарасып белге.
2.Қиылған қасы, қарақат көзі Жүректі баурап, оятар сезім. Тал бойың нәзік, қызғалдақ гүлдей. Дидарың нұрлы, шуақты күндей
Әр топ өз өлендерін жыркайды .
Топтар бірін-бірі формативті бағалайды .(қолпаштау )
Кіріспе тапсырма: Тренинг «Ассоциация» әдістемесі. Мақсаты: Тыңдаушылардың ойлау қабілетін, белсенділігін ,құпия сақтауға
бейімділігін , мейірімділігін және алға қойған мақсатқа жету деңгейін анықтау.
Салған суреттеріне қарай нәтиже өнделеді. Құлақ – үлкен болса , ол адамды тыңдауға бейімділігі .
Аяқ – бұл өмірдегі белсенділік.Егер жүгіріп бара жатса , онда белсенділікті білдіреді т.б.
Тыңдаушылар көздерін жұмып музыка тыңдайды (видеосюжет тыңдайды ). Пілдің суретін салады .
І -тапсырма Ашық сұрақтар
Әдіс тәсілдер туралы не білесіз?
Сіз меңгерген әдіс -тәсілдерді қалай қолданасыз?
Әр топ ортаға салып талдайды және ойларын ортаға шығып айтады.
ІІ- тапсырма І –топ .Сабақтағы қызығушылықты ояту және мәселені шешуде қолданатын әдіс – тәсілдер.
ІІ-топ .Тақырыпты меңгеру,бағалау және қорытындылауда қолданатын әдіс-тәсілдер .
Әр әдіс-тәсілдерге түсініктеме беріледі . Постер жасату.
Постер қорғау.
Постер қорғаған соң формативті бағалау .
Бейнесюжет . «Менің және тәлімгердің сабақтарындағы қолданатын әдіс-тәсілдер»
( іс-тәжірибемен алмасу) Мұғалімдер өз ойын білдіреді.
Кері байланыс
Ендігі сіздің іс – әрекетіңіз қандай? Әрқайсысы пікірлерін білдіреді
Рефлексия жазу
Стикерлер арқылы өз ойларын жазады
- Мергалиева Гульнар Кулетовна
- 6 марта 2015
- 5310
- 0



