Күрделі сөздер
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №46 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гилманова Шынаргүл Оңдасынқызы

Апта Күні : Сабақ: қазақ тілі
Сабақ тақырыбы
Күрделі сөздерді қайталаймыз
Жалпы мақсаты Күрделі сөздердің түрлерін ажырату, жазылуларына назар аударту
Күтілетін нәтижелер


1.Күрделі сөздерді дара сөздерден айыра білді.
2.Күрделі сөздер түрлерін бір-бірінен ажырата білді
3. Күрделі сөздер түрлеріндегі дефистерді дұрыс қою.

Сабақ түрі, әдіс-тәсілдер

Дәстүрден тыс,топтық жұмыс,жеке жұмыс.Топтастыру, ойландыру, іздену, салыстыру.
Тапсырмалар Тұжырымдама шығару, кестені толтыру, мысалдар келтіру, өмірмен байланыстыр
Керекті жабдықтар
Топшамалар, суреттер, тест тапсырмалары.

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Жыл мезгілдеріне байланысты 4 топқа бөлдім
Тренинг:
алақанды ашайық
жылулықты шашайық
сәттілік тілеп достарға
біз сабақты бастайық Балалар 4 топқа бөлінді

Тренингке қатысып, бір-біріне сәттілік тілеп сабақты бастады
Тұсаукесер


Тақтаға назар аударту
Ине-жіп, жаздыгүні, МАБ, биші, күй,
Бұл нелер? Сөздер
Сөздер туралы не айтуға болады?
Кестені толтыру тапсырылады.


Тақтаға қарайды, сөздерді көріп ойланады, естеріне түсіреді, тұжырымдама жасайды, ойларын жинақтап, жүйелейді.
Дара сөздер, күрделі сөздер
Дара:түбір, туынды.
Күрделі: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз.
Негізгі
Бөлім

Сергіту сәті -Топтық тапсырма беріледі.
Кестелер берілді, толтырылды.
Түбір сөздер, біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер
Мысалдар келтірту, келесі топтармен кестелерді алмастыру.
-Жеке жұмыс
оқулықпен жұмыстанады 3-4 жаттығулар
-Дарынды оқушымен жұмыс.
Дарынды оқушыларға ЖШС, БҰҰ, педкеңес, ҚазҰПУ, т.с.с. сөздерінің шешімін табу беріледі
-Қабілеті төмен оқушылармен жұмыс
1-балаға сөйлем ішінен біріккен сөзді тап
2- балаға қос сөздерді табу
3-балаға тасбақа, Ақтөс сөзіне сөйлем құрау

Арам-зам-зам биі арқылы сергіттім


Топпен жұмыстанды.
Балалар кестелерді толтырды, екі сөздерден мысал келтіріп жазады, постерлерін келесі кеспелермен алмастырып күрделі сөздердің барлығын қамтып шығады

Жеке жұмыс
-оқулықпен жұмыстанады (3-4 жаттығулар)
-Дарынды оқушылар жеке жұмыстанады, ойланады, ізденеді, жазады.




-ойланады,табады
-ойланады, табады
-мағынасын түсініп алады,сөйлем құрайды.


Балалар билейді,күледі, мәз болады.
Қорытынды



Бағалау: Негізгі сөз, туынды сөз,біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөздерді топтап жазу.Осы қорытынды тапсырмаға барлық оқушылар қатысады
Балалар бірін-бірі тест жұмысы арқылы бағалайды. Дұрыс жауабы мен бағалау критерилері тақтаға ілінеді.
Үйге тапсырма.
Дарынды оқушыларға ТУ-154, АН-28, ИЛ-16, ЯК-44
ИН-81 ұшақ маркаларының шешімін тауып келу.
Қалған оқушыларға оқулықтағы
5-жаттығуды орындап келу.

Балалар топшамалар ішінен сәйкес келетін сөздерді сол қатарға магнит арқылы жапсырды

Балалар бағалау критерилеріне қарай отырып бір-бірін бағалады. Бағаларын күнделіктеріне қойғызды

Оқушылар қысқарған сөздердің шешімін табады.
Тәжірибелік
сабақты бағалау
Мен бұл сабақта кестелерді топпен алмастыруды алғаш қолдандым, бұл жұмыс өте сәтті шықты және осы жұмыста балалардың өткен материалды қаншалықты меңгергендері байқалып тұрды.
Сабақ бойынша өзгертулер Мен осы сабақ жоспарымда негізгі бөлімдегі топтық жұмыстың формасын өзгертер едім. Балаларға кесте беру арқылы емес, постерлер беріп, жұмыстарын көрінетіндей етер едім.
Сабақты талдау Сабақты психологиялық тренингпен бастадым. Балалардың барлығы тренингке қатысты, олар бір-біріне жақсы тілектер айтты. Мысалы: бүгінгі сабақта 5 деген баға ал, апайдың барлық сұрақтарына жаңылмай жауап бер.т.б.
Сабаққа кіріспе кезінде оқушылар тақтада тұрған сөздерді бірден таба алмады. Оларды мен сұрақ қою арқылы жетеледім. Мысалы: сөз дегеніміз не?, олардың қандай түрлері бар?
Сол сұрақтардан соң сыныптағы белсенді 2 оқушылар әрі қарай өрбітіп алып кетті.Күрделі сөздерді естеріне түсіріп алғаннан кейін сынып оқушылары сабаққа белсене қатысты.
Топпен жұмыстану кезінде әр топ құрамынан көшбасшыларды байқадым.1-топтан Адилбаев Нұрсұлтан, 2-топтан Тауфик Аймедет, 3-топтан Ищанова Аймира , 4-топтан Мергалиев Ерсұлтан мен Мұратов Әділхан. Аты аталған оқушылар өз топтарына басшылық ете отырып, берілген тапсырмаларды жүйелеп, реттеп отырды.
Жеке жұмыстану кезінде балалардың барлығы өз беттерімен жұмыстанды. Олар жұмыстану кезінде оқушылардың жұмыстарын тексердім .
Сыныптағы 7 дарынды оқушыға қосымша тапсырмалар бердім. Тапсырманы 5 оқушы өте тамаша орындады, 1 оқушы бір сөздің шешімін таба алмады. Ал бір оқушы мүлдем орындай алмады, себебі сабақ бойы тісі ауырып, мазасы кетіп отырды.
Қабілеті төмен 3 оқушылар бөлек тапсырма берілді.Тапсырманы орындау кезінде 1-бала туынды сөз бен біріккен сөзді шатастырған. Алты сөздің тек үшеуін ғана тапқан бағасы 3.
2-бала барлық тапсырманы дұрыс, қатесіз орындады, бағасы 5, 3-оқушы сөздерге сөйлем құрауда аз-маз қателіктер жіберген, бағасы 4.
Сабақты қорытындылау кезінде балалардың барлығы қатысты, тақтаға шықты. Ауызша жұмыстану кезінде өткен материалды қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Жұмыстану кезінде 5 оқушы шатасты, оларға түзету жұмыстары жүргізілді.
Сабақ тест жұмысы арқылы бекітілді Нәтижесінде сыныптағы 26 оқушының 13-і беске,11-і төртке, 2-і үшке орындады. Бағалары күнделіктеріне қойылды. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру