Н. МАТАЕВА
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы
«Ж.Құдайбергенов атындағы
орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі.
Қазақстан тарихы пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар (7 сынып)
Сабақтың тақырыбы Батыс түрік қағанаты (603-704жж)
Сілтеме Формативті бағалау анықтамасы, диалогтік оқытудың ерекшелігі. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
«Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» 7-сынып Алматы «Атамұра» 2011ж
Кесте, атлас, оқушының жеке жұмыс жасауына арналған дәптері.
Жоспар; оқулық, т.б.
Жалпы мақсаты
Білімділік: Түрік империясының құрылуы және Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, ыдырау себептері, саяси тұлғалары туралы түсініктері мен білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында елжандылық, отанға деген сүйіспеншілікті тудыра отырып, ұлы тұлғалардың өмірімен қызметін үлгі тұту.
Күтілетін оқу нәтижелері Оқушылар Батыс түрік қағанатының жер аумағы, саяси жағдайы, әлеуметтік жағдайы, щаруашылығы оқып, үйренеді.
Түйінді идеялар Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа тарту. Топтық тапсырмалар беру арқылы. Диалог арқылы өз идеясын, жауабын сенімді түрде білдіруге, өзгені тыңдауға мүмкіндік береді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.
Сабақта қолданылатын материалдар Постер, түсті қағаздар (стикерлер)
Карта, үлестірме қағаздар, атлас, оқулық, жұмыс дәптері, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
Оқыту әдістері Сұрақ-жауап, әңгімелесу,
Топтық жұмысты сабақ барысында тиімді пайдалану Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Сыныппен жұмыс
Дерек көздері Қазақстан тарихы оқулығы бойынша берілген тапсырмалар, АКТ, тест тапсырмалары.
Тапсырмалар Картамен жұмыс, кесте толтыру, талқылау;
Ұйымдастыру, топқа бөлу, шаттық шеңберін құру негізінде
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3мин
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ой толғау
(10мин) Үй тапсырмасын сұрау/
І тапсырма.«Ойды аяқта»
1.Теле немесе тирек –
2. Қонаққа қойдың басын тарту –
3.Киіз үй –
4.Отқа табыну –
5. Түрік қағанатының билеушілері, Олар –
6.Түрік қағанатының шаруашылығы –
ІІ тапсырма. Дискуссиялық өрнек толтыру.
келісемін келіспеймін
Теле сөзінің мағынасы +
552ж. Бумын «Елхан» атағын алды +
552-554жж. Қара Еске кезінде жужандар толық жеңілді +
Талас қаласынан қыстақтар табылды +
605ж. Түрік қағанаты 2-ге бөлінді +
ІІІ тапсырма. Тест.
1.Түркі тайпаларының ерте феодалдық мемлекеттері аталды
А.Қағанат В.Хандық С.Әмірлік Д.Патшалық
2.Теле сөзінің мағынасы
А.Ұйғыр В.Қарлұқ С.Түрік Д. Оғыз
3.552ж.таққа отырған түрік қағаны
А.Мұқан В.Иштеми С.Қара Еске Д.Тобо
4.Жужандар Түрік қағанатынан түпкілікті жеңілді
А.Бумын кезінде В.Мұқан кезінде С.Тобо кезінде Д.Иштеми кезінде
5.Түрік қағанатына жібек матамен салық төлеп тұрды
А.Қытай билеушілері В.Парсы билеушілері С. Орыс патшалары
Д. Византия билеушілері
6.Мұқан қағаны қаза болғаннан кейін таққа отырды
А. Бумын В.Қара Еске С.Тобо Д. Иштеми
7.563-567жылдары түріктер жаулап алды
А.Эфталитеттерді В.Византияны С.Иранды Д. Қытайды
8.Түріктердің алғашқы кездегі жерлеу рәсімі
А.Мәйітті өртеп, күлін қойды В. Қол-аяғын бүгіп жерледі
С.Құз-жартастың басына жерледі Д. Өртеп күлін суға ағызды
9.Түрік қағанаты екіге бөлінген уақыт
А.301ж В.602ж С.603ж Д.604ж
Жауабы: А, С, С, В, А, С, А, А, С. Оқушылар тапсырмаға жеке жауап беріп, топта талылайды
1 кезең
(15мин) І.Қызығушылығын ояту.
Электронды оқулықтан үзінді тыңдата отырып, картадан Батыс Түрік қағанатының аумағын көрсеті.
Жер аумағы.
Оңтүстік –шығысында Іле, Шу өзендерінен солтүстік-батысындаЕділ, Кубань өзені төменгі ағысы, солтүстік-шығысында Есіл, Ертіс өзендерінің жоғары ағысы аралығы.
Астанасы-Суяб – Шу бойында
Жазғы ордасы-Мыңбұлақ – Жамбыл жерінде.
Этникалық құрамы.
Саяси жағдайы. Жылдар сөйлейді.
603-610 жж – Тардуш басқарды
610-618жж – Шегу биледі
618-630жж – Тон қаған билік құрды
627ж – Византияға көмек үшін қол аттандырды
630ж - қағанатта билік үшін талас басталды
634ж - нушебилер қолдауымен Ешбар Елтеріс басқарды
640-657жж – қағанат әлсіреді
659ж – Қытай мемлекеті Жетісуға басып кірді
VIIғ аяғы- VIIIғ. басы – түргеш тайпасы қағаны Үшлік
Таң империясымен соғыста беделге ие болды
704ж – Батыс Түрік қағанаты құлады
Оқушылардың үш тобына берілген тапсырманы тапсырманы тез, нақты, жан-жақты ойлана, түсіне, талқылай отырып, орындайды.
Сергіту сәті (2мин)
жаттығу
(5мин) № 2 тапсырма. Картамен жұмыс
Шегу қаған қағанат аумағын шығыста
Алтайға дейін, батыста Памир тауына
жеткізді
Қағанаттың әлеуметтік құрылымы.
Шаруашылығы:
Маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы .Испиджаб, Алмалық, Тараз, Талхир т.б. Қалалар дамыды. Қолөнер өркендеді, сауда дамыды.
ІІ тапсырма. Адаспай тап.
А. Жазғы Орда 1. Суяб
В. Астана 2.Мыңбұлақ
С.Алғашқы қаған 3.Тон
Д. Шегу 4.610-618жж
Е. 603-704жж 5.Батыс түрік қағанаты
Г.Сот ісін басқарды 6.Тархан, бұрық
Ж.Қара бұдұн 7.Қарапайым халық
Оқушылар алған білімі бойынша сызбаны толтыру арқылы өз ойларын ұштауға, есте сақтау қабілетін шыңдауға мүмкіндік алады. Сындарлы ойлауға дағдыланады
Тапсырманы деңгейіне сәйкес орындайды.
Бағалау (5мин) Тақырып сұрақтары бойынша рефлексия. Мұғалімнің бағалауы. Оқушылардың өзін-өзі бағалауына мүмкіндік алады
Оқуға арналған қосымша тапсырмалар Үйге тапсырма:
§2. Батыс Түрік қағанаты (603-704жж.)
Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау;
Түрік қағанаты мен Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайын Венн диаграммасы бойынша түсіндер;
Шығыс Түрік қағанаты бойынша презентация дайындау.
- Матаева Назерке
- 4 мая 2015
- 3110
- 0



