Көмектес септік
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, көмектес септіктің жасалуы туралы білім беру, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу, мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, жазбаша, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеті: Зат есім септіктерін ажырата білу, сұрақтарды дұрыс қоя білдіру, мәтін құрау, жұмбақ және ребус шешу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқуға машықтанады, мағынасын терең түсінеді, септіктерді ажыратып біледі. Сұрақ – жауап, дәлелдеу, кеңейту, мәтін, мысал арқылы оқушылардың ойы, шығармашылығы дамиды; Сөздік қоры, таза сөйлеу мәдениеті дамиды.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, кеспе парақшалары, топқа бөлу парақшалары, бағалау парақшалары. ресурстар, оқулық, дәптер, ойлаудың алты қалпағы, сурет, А3 көлемді ақ парақ, маркер т.б
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, блум таксономиясы, ойлаудың алты қалпағы.
Уақыты Сабақтың формасы Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
2 минут Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдеседі. Психологиялық дайындық. Топқа бөледі. 7 септік бойнша бөлінеді. І топ «Септік 1», ІІ топ «Септік 2» ІІІ топ «Септік 3» Топқа бөлінеді. Назарын сабаққа аударады.
Қатар – қатар тізіліп,
Оқушыға лайық,
Тіп - түзеу боп тұрайық.
1 топ жәй отыр,
2 топ сенде отыр,
3 топ тез отыр.
7 минут Тұсау кесер.
Үй тапсырмасын тексеру ІІ. Өткен сабаққа шолу.
Деңгейлік тапсырмалар:
Ақ қалпақ:
Атау септігі Кім? Не? кімдер?нелер? деген сұрақтарға жауап береді. Сөйлемде негізінен бастауыш болады.
Ілік септіктегі зат есімдер кімнің? Ненің? Кімдердің? Нелердің? деген сұрақтарға жауап береді. Ілік септігі атау септікке – ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің жалғауларды жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғаулар ілік септік жалғаулары деп аталады.

Барыс септіктегі зат есімдер кімге? Неге? Кімдерге? Нелерге? Қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Барыс септігі атау септікке – ға, - ге, - қа, - ке, - тың, жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғаулар барыс септік жалғаулары деп аталады.
Табыс септіктегі зат есімдер кімді? Нені? Кімдерді? Нелерді? деген сұрақтарға жауап береді. Табыс септігі атау септікке – ны,- ні, - ды, - ді, - ты, - ті жалғауларды жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғаулар табыс септік жалғаулары деп аталады.

Жатыс септіктегі зат есімдер кімде? Неде? Кімдерде? Нелерде? Қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Жатыс септігі атау септікке – да, - де, - та, - те, жалғауларды жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғаулар Жатыс септік жалғаулары деп аталады.
Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен? Неден? Кімдерден? Нелерден? Қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Шығыс септігі атау септікке – нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен жалғауларды жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғаулар шығыс септік жалғаулары деп аталады.
17 минут Негізгі бөлім.
Жаңа сабақты
түсіндіру

Бейне жазбадан күй тыңдау.
осы күй арқылы 89 бен 90 ресурсты байланыстыра отырып бүгінгі тақырыптың негізгі ойын ашамыз. Тыңдайды, түсінеді, сұрақ қояды.
1 – топ:
Жасыл қалпақ: 86 ресурсты оқиды.
Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық.Жазады Сары қалпақ.
Қызыл қалпақ осы ресурсты талдайды.
Қара қалпақ сұрақ қояды. Ыбырай туралы не білесің?
2 – топ:
Хат Астанадан келіпті. Асылмен Жанар сөйлесті. Жазады Сары қалпақ. Қызыл қалпақ осы ресурсты талдайды.
Қара қалпақ сұрақ қояды. Астана туралы не білесің?
3 – топ:
Қойдың жүні пайдалы. Жүннен фабрикада түрлі маталар тоқылады. Қара қалпақ сұрақ қояды. Қой туралы не білесің?


Ауылда.
Қырықтық.
Қырқым.
Көлікпен

Екі ішек бар далада,
Ауылды жалғар қалаға,
Қаланы жалғар ауылға.
Екі ішекпен зулайды ел
Жауында да, дауылда.
Жұмбақтың шешуі: Пойыз жолы, рельс.

Балалар сынып ішін пойыз болып, айналып өз орындарына отырады.

Домбыраның ішегі.


Ребус шешуі: Күйші.
А. С Күйші
І. С Күйшінің
Б. С Күйшіге
Т. С Күйшіні
Ж. С Күйшіде
Ш. С Күйшіден
К. С Күйшімен

Күй арқылы суреттің тақырыбын қою «Наурыз тойы» тақырыбына әңгіме құрастыру. Сол әңгіменің ішіне 90 ресурстағы сөздерді қолдану.

10 минут Қорытынды бөлім.
Бекіту Септікке өлең құрастыру, Жеті санына байланысты қазақтың қасиетті сөздерін байланыстыру ( Жеті ата, жеті күн , жеті қазына,
3 минут Бағалау Топ басшысы мүшелерін және бір – бірін бағалауды ескертеді. Оқушылар өздерін және басқа топтарды бағалайды.
4 минут Рефлексия.
Кері байланыс. Стикер таратады.
Өмірде септіксіз сөйлем құрастыруға бола ма? Бүгінгі сабақта не ұнады?
Оқушылар ойлары мен ұсыныстарын жазады.
2 минут Үй тапсырмасы 91 ресурс ереже жаттау
Оқиды, әңгімелейді, түсіндіреді. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
қазақ тілі пәніне арналған орта мерзімді жоспары

қазақ тілі пәніне арналған орта мерзімді жоспары

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 13 жалпы білім беретін бастауыш мектептің III деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған бастауыш сынып...
Көмектес септік

Көмектес септік

Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік Сабақтың мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, көмектес септіктің жасалуы туралы білім беру,...
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау

Ауаның ластануы. Ауаны қорғау

Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі: Жүндібай Айманның ...
1836-1838ж.ж Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық азаттық көтерілісі

1836-1838ж.ж Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық азаттық көтерілісі

Бұл сабақ оқушыларды ұлттық біріңғай тестілеуге әзірлік және қайталау ретінде ұсынылады. Сабақ Де Боненің " Ақылдың алты қалпағы"әдісімен жүргізіледі....
Сөздердің байланысу түрлері 7-сынып

Сөздердің байланысу түрлері 7-сынып

7-сынып Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері. Қиысу...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру