Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңі «Аққу, Шортан һәм Шаян»
Жаңаөзен қаласы № 13 бастауыш мектеп Бигельдиева Айткүл Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың атауы Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңі
«Аққу, Шортан һәм Шаян»
Сілтеме Оқулық: АКТ; интернет аққулар дыбысы, суреттер, (сергіту сәті):
Жалпы мақсаттар , Білім алуда сілтемелер арқылы қалай оқу керектігін үйрену; ынтымақ, бірлік, татулық, туралы мақал жазу, өз білімдерін формативті бағалау, интернет ақпараттарын пайдалануды үйрену, өз ойларын еркін айтқанынан дарындылықты байқау, жас ерекшеліктерін бақылаутоптық, жұптық жұмыстарда көшбасшылықты анықтау.
Оқыту нәтижесі Ақпарат көздерін білім алуда қолдануды;
Ынтымақ,бірлік ,татулық ұғымдарын біледі;
Тіл байлықтарын арыттырады;
Өз білімдерін сыни тұрғыдан бағалайды;
Негізгі идеялар «Ырыс алды-ынтымақ», «Бірлік түбі – тірлік» осы мақалдардың мән-мағанасын түсінеді
Тапсырмалар 1-тапсырма.А.Байтұрсынұлы туралы не білесің.
2-тапсырма.мысал өлеңді оқу.
3тапсырма.мысалда айтылған қортынды ойды анықта.
4-тапсырма.Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
5-тапсырма.Постер жасау, оны қорғау.
Кейінгі тапсырмалар Сахналық қойылым жасау.
Бағалау Формативті бағалау және жиынтық бағалау

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастадым. Оқушылар сынып санына қарай топқа бөлінді. Олар 4- топқа 5 баладан отырды. Топқа өздері ат қойды (бірінші топ, екінші топ, үшінші топ, төртінші топ). Топқа бөлінген соң оқушылар үй тапсырмасын айтты және әр топ үй тапсырмасы бойынша өз бағаларын берді. Жаңа тақырыпты интернеттен алынған теңіздегі құстардың дыбыстары арқылы ой қозғау мақсатында балаларға жаңа тақырыпты таптыртып алдым.
Жаңа сабақ Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысал өлеңі. Ассоцация әдісі бойынша Аққу, Шортан, Шаянды көз алдарына елестеттім. Мысал ережесін интертақтадан слайд арқылы ережені өз ойларынан құрастырды. Бұл ережені Мәншүк былай деп айтты «мысал адам өміріне сабақ болатын және кейіпкерлер жануарлар,құстар, өсімдріктер түрінде көрсетіліп берілетін шығарма», ал Жәнібек болса «мысал өлеңінде адам бойындағы мінез – құлықтарды жануарларға, өсімдіктерге, құстарға теңеп беріледі». Масал өлеңінің авторы Ахмет Байтұрсынұлының портреті интертақтадан слайд арқылы көрсетілді және балалар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармалары бұрынғы өткен сабақтарында еске түсіріп, қайталады. Мысал өлеңді меңгерту мақсатында ең бірінші балаларға оқытып алдым. Мысал өлеңді қарапайым қара сөзбен оқушылар түсіндіріп берді. Мысал өлеңнің мазмұнын түсіну үшін «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін басшылыққа ала отырып диалогтік оқыту әдісін пайдаландым. (Мерсер 1995) 1-тапсырма. А.Байтұрсынұлы туралы не білесің? Сұрағына жауап берген оқушы Мейір.
Бұл жерде «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінің топтастыру стратегиясы қолданды.
2-тапсырма. Мысал өлеңді оқу. Бұл тапсырма бойынша мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында орындалды. Мысал өлеңді оқыған Светлана.
3-тапсырма. Мысалда айтылған қортынды ойды анықта. Осы тапсырмада оқушылар мысал өлеңнің негізгі идеясын мақал – мәтел арқылы тапты. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгео болса, төбедегі келеді», «Ынтымақсыз – іс оңбас», «Бірлік түбі - тірлік», «Ырыс алды ынтымақ».
4-тапсырма. Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды? Оқушылар бұл тапсырманы өз ойларымен пікірлесті.
5-тапсырма.Постер жасау, оны қорғау. Бұл тапсырмада оқушылар өз ойларынан сурет салып, мысал өлеңінің негізгі идеясын ашатын мақал – мәтелдер, өлеңдер қолдана отырып өз ойлары мен жеткізіп берді.
Бұл жерде «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінде жүргіздім оқушылар сұрақтарға ойлана жауап берді және ертегіге сәйкес мақалдардың мән- мағынасын ашуда сыни тұрғыдан ойланды.
Сабақта бағалаудың бірнеше түрлері болды. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша оқушылар өзін- өздері бағалап қорытынды жасап отырды. Балалар бірін – бірі жетон арқылы бағалады. (Алехандер, 2001) Формативті және жиынтық бағалау түрлерін пайдаландым.
«Оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулін басшылыққа ала отырдым, жаңа сабаққа байланысты слайд жасалып оқушыларға көрсетіліп нақты тапсырмалар беріліп орындалды.
«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі бойынша мақал- мәтелдерді тауып мағынасын ашып айтқанға байланысты дарынды және талантты балаларды анықтап алдым. Олар: Елдос, Светлана, Мәншүк, Гауһар, Мөлдір, Динара, Нұрым, Диас. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Ынтымақсыз – іс оңбас», «Бірлік түбі - тірлік», «Ырыс алды ынтымақ» т.б мақалдарды ойлап тапты.
«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулі бойынша сабақта тапсырмаларды орындау барысында жоғары деңгейде орындап шыққан оқушылар болды. Олар, Елдос, Мөлдір, Диас, Жәнібек, Медия, Динара, Нұрым, Светлана, Аэлита. Орташа деігейде орындағандар Мағрипа, Амангүл. Төмен деңгейде орындағандар Айғаным, Ботагөз, Ғазиза, Гүлден, Ақмаржан.
«Оқудағы басқару және көшбасшылық» модулі «Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулімен тығыз байланысты. Осы тұрғыда оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін анықтадым. Әр топтан оқушылардың арасында көшбасшылық қабілеті бар оқушылар Гаухар, Елдос, Мөлдір, Мәншүк, Светлана, Аэлита, Диас, Нұрым, Динара.
Мен осылай бір сабағым бойынша жоғарыда аталған бағдарламаның жетекші жеті модулін пайдаландым, осы модулдердің пайдасы бар екендігін екінші сабақты өткізу барысында білдім. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру