Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы.
№4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі
Өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі
Назымова Айгүл Болатқызы
Эссе тақырыбы:
Менің мамандығым - «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі
«Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы бол»
Әл-Фараби
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын жоғары морльды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек» деп айтқан екен. Осы айтылған сөзі өзін - өзі тану пәнінің негізгі мақсатымен ұштасып келіп отыр. Біз қарабалас заманда өмір сүріп келеміз, кей кезде танитын адамдармен амандасуға, жылы сөздерді айтуға, қиынсынамыз, ауыр сөздер айтып жақындарымызды ренжітіп аламыз. Сонда мындай сұрақ туындайды? Осы сұрақтың жауабын ұлы данышпан Абай атамыз «адам қандай болуы керек» деген сұраққа» қара сөздерінде жауап береді.
«Адам ата- андан туғанда есті болмайды, естіп көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болды» деген. Абай атамыз айтақандай, оқу процесі кезінде рухани – адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақыта күні бүгінге дейін басты орында. Сондықтан да біздің елімізде адами жақсы құндылықтарды бастыға алып жетелейті пән - «өзін - өзі тану» пәні екені айтсақ артық етпес. «Өзін - өзі тану »пәнінің басты бағдары балалардың және жеткіншектің бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту.
Бүгінгі таңда балалардың әусеқойлығы кітап емес, ғаламтор, әр түрлі ойындар, заманауи телефондар болып отыр. Осылардың бәрі балаларға кері әсерін тигізіп келеді. Компьютер ойындары балалардың мінез -құлқын өзгертіп, ұрыс- керіске, ұрлыққа,зорлық- зомбылыққа үйретіп отыр. Ал өзін -өз тану пәні ата - салтымыздан қалған қанатты сөздер, ойындар арқылы балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді. Бала деген – қаймағы бұзылмаған сүт, мөлдір лайланбаған су, тап- таза ақ парақ, жып- жылтыр айна демекші, өзін - өзі тану пәні осы тазалықты баланың бойында сақтап қалуға көмектеседі. Осы жақсы қасиеттерді баланың бойына дарытатын адам ол - ұстаз. Ұстаз адамгершілік пен руханилықтың нұрын төгетін, адамдардың өмірге көзқарсын, бір- біріне деген сый- құрмет сезімін қалыптастыратын адам.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін- ол ойға алған араманның орындалуы, келесі біреулер үшін жаңалыққа талпыныс, сол сияқты менің негізгі мамандығым - биология пәнінің мұғалімі. Бірақ 2010 жылдан бастап өзін - өзі тану пәнінен сабақ беріп келем.
Өзін - өзі тану пәні әлемінің ең басты құндылығы- адам. Адам өмір сүру үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралған. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек деп ойлаймын.
. 2011 жылдың мамыр айында мені мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсына жіберді. Курстың жетекшісі Кабдуалиева Гүлнәр Балтабайқызы болды. ол кісі бізге өзін- өзі тану пәнінің қыр- сырысын түсіндіріп, көптеген ақпарат берді. Осы куртан өткеннен кейін барша өзін - өзі тану пәні мұғалімдерінің жүгі ортақ әрі ауыр екенін түсндім. Өзін - өзі тану пәнінің алдына қойған бағдары - балаларға рухани- адамгершілік тәрбие беру екенін түсіндім.
«Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» демекші, менің де ұстазым, үлгі тұтар адамым - Кабдуалиева Гүлнәр Балтабайқызы. Өзін - өзі тану пәні туралы айтқан көп ой -толғаныстары менің өз пәніме деген сүйіспеншілігімді арттыра түсті. Рухани- адамгершілік білім беру жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаевамен кездесу туралы әңгімелеп берді. Курс жетекшісі осы кездесуден алған әсерлерімен бөлісті, өзінің бойындағы өзгерстер туралы айтып берді.
Сол сияқты мен де өзімнің бойымдағы өзгерістерді . Әр уақытта сабырлы болуға, шыдамдылыққа, балаларды еркін ұстауға үйрендім. Қазіргі уақытта менің қөзқарасым өзгерді, күнделікті тақырыпта мен балалармен бірге ойланып, өзіме тың жаңалықтарды ашып, дауларды шешіп, жағдаяттарды оқып, дәйексөздердің мәнін ашуға үйрендім.
Біздің мектепте өзін- өзі тану сабағы жабдықталған жайлы кабинетте өтеді, қоңырау үнімен, күлкімен, күлімдеп келген оқушыларды көрген сәтте мен өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі болғаныма мақтанамын. Сабақ барысында оқушылар маған бар армандарымен, сырларымен мақсаттарымен бөліседі. Басқа мұғалімдерге қарағанда балаларға бір қадам жақын екенімді сеземін. Сабақта оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылмай айта алады, тіл байлығы артып келеді.
Сабақта «Таным тағылымы» атты аңыз -әңгімедегі данышпаның шәкірттеріне айтқаны: «Көп затты танып білу үшін қиындықтарды жеңе білу керек, шыңға өрлеп, биік асудан өтіп үйрену қажет» демекші балаларға алдарында болатын қиындықтарды жеңе білуге, еш мұңаймауға, өмір тек қана ақтан ғана емес, қара жолақтардан тұратынын оқушыға шынайы мысалдар арқылы жеткізу- өзін-өзі тану пәнінің мақсаты деп есептеймін.
Қорыта айтсақ, менің диплом бойынша мамандығым «өзін - өзі тану» болмаса,да, бар білгенімді, оқығанымды, үйренгенімді ортаға салып, балаларға тек қана жүрегіне жақсылық шамын жағуға септігімді тигізіп жүргеніме ризамын.. Эмиль Золяның «Қабілет болмаса, өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең, қабілетің түкке де жарамайды»деген сөзі мені қанаттандырды. Өзін - өзі тану пәнінің қыр -сырын байқап, әдіс тәсілдерін әлі де меңгеріп, үйреніп жүрімін. Әлемді өзгерте алмаймын , бірақ титтей болсаида балалардың бойына жақсылық нәрін тамызғым келеді. Жас ұрпақтың қабілеттерін жан - жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын арттырып, нағыз елін сүйген адам тәрбиелеймін деп үміттенемін...
- Айгуль
- 12 мая 2015
- 3495
- 0

