Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
Қызылорда облысы Шиелі ауданы №149 «Қызылту» орта мектебінің
I деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Батаева Дина
Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
(рефлексивті есеп)
Басқаларды үйрете жүріп,
Біз өзіміз де үйренеміз.
Сенека Луций
«Көшбасшылық» ұғымы - қазіргі заманғы мектептерде күн өткен сайын маңызды бола түсуде. Мен мектепке тәжірибеге келген кезден бастап-ақ өзімнің көшбасшылық жұмысыма кіріскен болатынмын. Бірақ менде тек көшбасшылық туралы теориялық түсініктер ғана болатын.
«Мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер етуі үшін, көшбасшылық қасиетін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық . 65-бет)
Курста оқығанымнан түсінгенім көшбасшы демократиялық стильді ұстана отырып өзін дамытумен ғана емес, өз ұжымына да ықпал ету керек.Ол сырт¬қы ортаға да әсер етуді, жер¬гілікті қоғамдастықтармен де қарым-қатынаста болып, қол ас¬тындағыларды ашық болуға ша¬қыруы керек. Топтың әрбір мүшесінің өз та¬қырыптары, не проблемалар бойынша зерттеген мәселелерін ортаға салуға, ұжымның талқылауына мүмкіндік береді және оларды әрі қарай үнемі жетелеп көмектесіп отырады.
Оқу сияқты, көшбасшылық та адамның басты, бірақ аса күрделі әлеуеттерінің бірі болып табылады. Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес, әрине, өйткені оның барысында жұмыста әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы ықтимал. Мұғалім енгізу ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер берілмегендігін түсінеміз, тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, стратегиялық тұрғыдан ойлануды меңгере аламыз.(МАН. 69-бет)
Мұғалімнің көшбасшылығы оқытуға байланысты, әрі кәсіби дамудың қуатты тәсілі болып табылады. Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастық, кәсіптік оқу мүмкіндіктерін дамытып, мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер етеді. Сондай-ақ мұғалімдер мектепте кәсіби шешім қабылдауға қатыстырылған жағдайда көшбасшылықтың бұл түрі мектеп жүйесін жетілдіруге ықпал ете алатындығы туралы тұжырым жасауға болады.
Мұғалімнің көшбасшылығы жеке дамуға ғана бағытталмаған. Оның негізгі міндеті әріптестеріне жаңа идеяларды сынақтан өткізуге және өздеріне басшы рөлдерін алуға ынталандыруға көмектесуге негізделеді. Ынтымақтастық мұғалім көшбасшылығының «жүрегі» болып табылады, өйткені көшбасшылық ұжым болып енгізілетін өзгерістерге негізделеді. Мұғалімнің көшбасшылығы иерархиялық бақылаудан өзара бақылауға көшіп, мектеп ішіндегі билікті қайта бөлуге негізделеді.Мұғалімнің көшбасшылығы анағұрлым тиімді болу үшін оның барысында өзара сенімділік пен қолдау көрсету орын алуға тиіс.
Бірінші деңгей бағдарламасы өзінің мазмұнын сұрақтарды төмендегі ретпен қою арқылы құрылымдай отырып, басқа тәсілге негізделген: Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағытталып: біз бұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана – біз сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тартады. Бұл тәсіл білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылар тарапынан қолдау тауып отыр (МАН 64-бет).
Мұғалімнің құзыреттілігі оның көшбасшылығынан байқалады. Өзінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін белсенділігі, білімділігі, оқушыларын талапқа сай оқытуы оның кәсіби өсуі болып табылады. «Мен неге өзгеруім керек» деген сұрақты әрбір мұғалім қоғам талабы ретінде қарап, бағдарламаның тамаша идеяларын таратуға, үнемі өзін-өзі дамытып отыруға тиіс.
«Бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі функциясы – оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерінің дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 4-бет).
Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады деген пікір кеңінен тараған. Шетел әдебиетінен алынған деректер тиімді көшбасшылар мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, қатты ықпал ететіндігін дәлелдейді.
Енді мен осы алған теорияны практикамен ұштастыратын, нақты көшбасшылықты өз бойымда сезінетін кезге де келіп жеттім. Мектебімнің бастапқы жағдайын анықтап,оның проблемаларын тауып,нақты шешім қабылдаған соң, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында мектептің даму жоспарына өзгеріс енгізу керек деп шештім. Ендеше, өзгерісті неден, қалай бастау керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін көшбасшы мұғалімдер біріншіден, жұмыс стиліне өзгерістер мен жаңалықтар енгізуі керек.
Осы ойымды мектеп басшысымен бөлістім.Ол кісіге менің келтірген дәлелдемелеріммен келісуге тура келді, себебі жиналған дәйектер нақты мәліметтерден жасалған еді. Сондықтан да ол кісі маған бұл жұмыста қолдау білдіретінін білдірді. Ендігі жұмыс мектептің даму жоспарын бірлесе жасайтын топ құру. Ол үшін осы бағдарламаның ІІІ деңгейі бойынша бітірген 4 мұғалімді, ІІ деңгейі бойынша бітірген 1 мұғалімді және ынталы топтан 6 мұғалімді топқа тарттым.Бұл жерде маған мектеп директоры,оның орынбасарлары қол ұшын берді. Олар маған топты жинауға, топ мүшелерінің сабақтарын реттеуге, менің көшбасшылық жұмысыма қолайлы жағдай туғызды.
Командамен бірлесе отырып мектептің бастапқы ахуалын анықтау үшін алынған сауалнамалар нәтижелерін, мұғалімдермен өткізілген дөңгелек үстелдегі мұғалімдер пікірлерінен шығатын қорытындыны, оқушылармен, ата-аналармен жүргізілген сұхбат нәтижелерінің қорытындыларын талдадық.
Талдау нәтижиелеріне сүйене отырып, мектептің даму жоспарын жасадық. Мектептің даму жоспарының құрылымы қандай болу керек?- дегенде , «Мектептің даму жоспары, бірінші кезекте мектепте қолданылатын іс-құжат. Ол өнімділіктің қазіргі деңгейінің талдауы, қазіргі үдерістер мен болашақ факторлар мектептерге қаншалықты әсер ететіндігіне мектептің берген бағасының негізінде жасалады және алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықтайды» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 73-бет) деген теориялық негіздемеге сүйендік.
Жоспарда негізгі басымдық ретінде «Формативті бағалауды пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» мәселесін алдық. Себебі, мектептің бастапқы ахуалын анықтау мақсатында жүргізген зерттеу жұмысымда мектептің негізгі осал тұстарын байқауға, білім көрсеткіші мен білім сапасы арасының, жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушы арасындағы айырманың алшақтығы негіз болып отыр. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕН КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ

ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕН КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ

Атағараева Ұлданай Айткалиевна Құрық орта мектеп-гимназиясының Тарих пәнінің І (ілгері) деңгей мұғалімі ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМДЕР...
ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМ БІЛІКТІЛІГІН  АРТТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ РӨЛІ Солтанаева Ардак Сабырхановна «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ....
КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАЙДЫ

КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАЙДЫ

КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАЙДЫ Солтанаева Ардақ Сабырханқызы «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ. Қазақстан...
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ С. Г. ДОСУМБЕКОВА

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ С. Г. ДОСУМБЕКОВА

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ С. Г. ДОСУМБЕКОВА №1 қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі, Ақсу қ....
Кембридж бағдарламасы үсынған білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Кембридж бағдарламасы үсынған білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Бестерек орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Оспанов Ақылбек Ануарбекұлы Кембридж...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру