СТО технологиясының математика пәніне тиімділігі
“Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз “. Ә.Назарбаев.
Елбасы Н.Назарбаев: “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” деген болатын.
ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының еркінде. Сол сықылды балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден. Бала қалай тәрбиеленсе, соған көне береді»- деген болатын.Сол үшін біз оқушыларға қазіргі заман оқыту үлгісімен оқытуымыз керек.Жаңа формация мұғалімі бола алуымыз керек.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Осындай ұлағат атқа ие болу үшін мен қазіргі заманға сай жаңа технологияларды үйреніп әр сабағымда қолданып жүрмін.
Мен әрбір сабағымды қазіргі заман технологиясымен өтуге, оқушылар үшін бір жаңалық етуге тырысамын. Өзім сабақ беретін 6 «ә», 6 «д», 10 «в» сыныптарыма СТО технологиясымен сабақ өтіп жүрмін және осы технологияның оқушы үшін ең тиімді стратегияларын қолданамын. Маған және оқушыларыма СТО технологиясының «ғаламды шарлау», «түртіп алу – INSERT кестесі», «араласып кеткен оқиғалар», «аквариум» стратегиялары өте ұнайды. Оқушылар да әрбір стратегияларды үйреніп алған. Топпен отырып орындаған тапсырмалары және өздерін өздері бағалағанда әрбір оқушының өз жетістіктерін өздері баяндап бергендегі көздеріндегі қуанышты айтып жеткізе алу мүмкін емес.Мұғалім үшін өз сабағының жетістіктерін оқушы аузынан есіту бір бақыт деп ойлаймын.
Осы жаңа технологияларды пайдаланып жүріп мен әрбір оқытқан сыныбымды зерттеп олардың мониторингін жасап жүремін.
Мұндағы зерттеу мақсатым: Математика сабақтарында СТО технологиясының элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың бойында шығармашылық дамытуды қалыптастыру,өз ойын толық жеткізе білуге,ұжымдық жұмыс жасауға жағдай жасау;
Зерттеу объектісі: Мектептегі математика пәні, 6 «ә» және 6 «д», 10 «в»сыныптарының оқушылар жұмысы және мұғалім.
Зерттеудегі міндеттерім:СТО технологиясының қыр – сырын сабақ барысында қолдану жолдарын қарастыру, тиімді жолдарын іздеу ;
Оқушылардың өз қабілеттерін дұрыс пайдалана білуіне мүмкіндік жасау;
Оқушылардың өзіне деген сенімін көтеру ;
Зерттеу әдістемесі: Педагогикадағы СТО технологиясының оқыту мәселесінің ғылыми негіздерін пайдаланып, оқушыларды оқыту деңгейінің мониторингілерін, үлгерім мен сапа көрсеткіштерін, тоқсандық,жылдық көрсеткіштерін жасау.
Зерттеу тәсілдерім:
Оқушылардың өзіндік іс - әрекетін талап ету, өз бетімен білім алудағы белсенділігін арттыру ;
Оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы проблемалардың шешілуіне жағдай жасау ;
Оқушылар топпен жұмыс жасап жасай отырып үлгерімі төмен оқушыларға көмек көрсету;
Әр оқушы пән бойынша үлгеруіне мүмкіндік туғызу ;
Оқушы білімін бағалаудағы әділетсіздік пробемасын шешу .
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
СТО технологиясын сабақтарда қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық іс -әрекеттерінің дамуына бағыт – бағдар береді .
Оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада пайдалана білу дағдысын қалыптастыру, ақыл – ой еңбегін жетілдіру талабын қою.
Зерттеу нәтижесінің дәлдігі мен негізділігі:
• Оқушылар қарапайым деңгейден формальды – логика деңгейіне өтіп , өтілген материалдарды игеруі шығармашылық деңгейіне бағытталады ;
• Оқушылардың білім деңгейін бақылау ;
• Өзін - өзі бағалауға үйрету ;
• Оқу материалын ұсына алу ;
• Оқушылардың қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын дамыту .
Зерттеу нәтижесінің дәлдігі мен негізділігі:
Оқушылар қарапайым деңгейден формальды – логика деңгейіне өтіп , өтілген материалдарды игеруі шығармашылық деңгейіне бағытталады ;
Оқушылардың білім деңгейін бақылау ;
Өзін - өзі бағалауға үйрету ;
Оқу материалын ұсына алу ;
Оқушылардың қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын дамыту .
2013-2014 оқу жылының І жарты жылдық бойынша
6 «ә», 6 «д», 10 «в» сыныптарының алгебра пәнінен сапалық көрсеткішінің мониторингі:


Зерттеудің базасы:
(Мысал ретінде осы жылы 11 қаңтар күні 10 «в» сыныбына өткізілген ашық сабағым)
Эксперименттік жұмыс 10 ”В” сынып алгебра сабағынан өткізілді.
Математика бірлестігінің «Болашақ білім деңгейімен өлшенеді» атты онкүндігінде 10 «в» сыныбына алгебра пәнінен «Тригонометриялық функциялардың туындысы тақырыбына есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.Сабағымды СТО технологиясы бойынша өткіздім. СТО технологиясының «Топқа бөлу» стратегиясы маған өте тиімді. Өйткені, оқушылар топпен жұмыс жасай отырып топ намысын қорғау және тобындағы әрбір оқушыны есеп шығаруға тарта отырып оған көмектесуге тырысады. Осы сабағымда «Ғаламды шарлау» стратегиясын қолдана отырып өтілген тақырыптарды қайталадық. Және де бұл стратегияның оқушыларға тиімді жері біз топ басшысына сыныбымыздағы ең ұялшақ, оқушыларға араласа бермейтін және сөйлемейтін оқушыларды таңдадық. Олар өздерін шетке тарта беретін өз өзіне сенбейтін оқушылар болатын. Осы сабақта мен оларды тани алмай қалдым, және қуандым. Ал, «Аквариум әдісі» сабақтағы ең маңызды кезең десем асыра айтқан болмаспын. Өйткені, сабағымыздың ең қызықты кезеңі осы кезең болды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, тартысып осы тақырыпты өмірмен байланыстырып плакаттарға бейнелеп өз ойларын жасырмай айтты.
Сабақты «INSERT» кестесімен қорытындыладым, оқушылар осы өтілген сабақ жайлы, сабаққа қалай қатысып отырды өздері айтып, өздерін әділ бағалап сабақты аяқтадық.

Менің сабақта өз мақсатыма жетуімнің өзі бір жетістік деп білемін. Осы СТО технологиясын жетік меңгерген ұстаз болуға, әр сабағымда жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылар үшін әр сабағымды жаңалық етуге тырысамын. Осы өтілген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын:

- апта 2 – күн V – тарау №63 – сабақ
Сабақтың өтілу мерзімі: «11» – қаңтар, 2015 ж.
Сыныбы: 10 «В».
Пәні: Математика.
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару (§17.Тригонометриялық функциялардың туындысы тақырыбына есептер шығару)
Сілтеме: Жоспар (күнтізбелік жоспар)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың Тригонометриялық функциялардың туындысы тақырыбына есептер шығару іскерліктерін жетілдіру және есеп шығаруда туындыны табу тәсілін қолдана алуға дағдыландыру;
2. Оқушылардың өз бетімен ойлау қабілеттерін арттыру, әр оқушының білім деңгейлерін ескере отырып пәнге деген ынтасы мен қабілетін дамыту.
3. Жүйелі түрде жұмыс істеуге ықпал жасай отырып өз ойын тиянақты жеткізе білуге, алған білімдерін өмірлік практикада пайдалана білуге машықтау.
Оқыту нәтижесі:
Оқыту нәтижесінде өз бетінше Тригонометриялық функциялардың туындысы тақырыбына есептер шығара алатын, өз ойын тиянақты жеткізе білетін, алған білімдерін өмірлік практикада пайдалана алатын, өз деңгейін анықтай білетін, әділ бағалай алатын тұлға қалыптасады.
Құрал-жабдықтар, көрнекілік:
Оқулық, бағалау парағы, стенд, үлестірмелер, слайдтар, проектр, , дұрыс жауаптар үлгісі, постерлер мен маркерлер, түрлі-түсті борлар мен қаламдар, т.с.с.
Сабақ типі: Практикалық сабақ.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.
Іс әрекет түрлері Сұрақ – жауап, ізденіс, талдау, жинақтау, топтық, жекелей, жұптық жұмыстар.
Негізгі идея, сабақта қолданылатын модуль түрі Диалогтік оқыту әдісін пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын оята отырып, өтілген тақырыпты меңгергенін тексеру; білімдегі олқылықтарды жоя отырып, есептеу дағдыларын дамыта түсу;
Ақпарат көздері Оқулық, проектр, стенд, постер, слайд.
Сабақтың барысы:
І-Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің іс-әрекеттері Оқушылардың іс-әрекеттері
Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысуын тексеру, сынып бөлмесінің және оқушылардың сабаққа дайындық деңгейіне көңіл бөлу, оқушылардың назарын сабаққа аударып алу. Сұрақтар қою арқылы оқушыларды топтастыру. Сәлемдесу. Кезекші немесе сынып төрағасы сыныптағы оқушылар туралы мәлімет береді.Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады. Сұрақтарға жауап бере отырып жауаптары бойынша топтасады.
ІІ-Дайындық кезеңі:
Жаңа материалдың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қояды. Оқушылар оқулықтың сәйкес бетін ашып, күн реті мен сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазып алады.
ІІІ-Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үй тапсырмасын дұрыс немесе бұрыс орындаған оқушыларды байқап, байқалған кемшіліктерді туындау себептерін анықтап алып, оқушыға өз қатесін мойындатып, өз жұмысына түзетулер енгізуге мүмкіндік беру. Өзгенің жауабымен келіспеген немесе өз жауабын дұрыс деп таныған оқушылардың әрқайсысы өз жұмысына талдау жасап, жауабының дұрыстығын дәлелдеу барысында ортақ шешімге келеді, ал қалған оқушылар қате жұмысқа түзетулерді өз беттерінше енгізеді.
Үй тапсырмасының дұрыс үлгісі:
№224
а) f(x)=sin x-cos x f`(x)=cos x+sin x г) f(x)=4,5x-7cosx
f`(x)=4,5+7 sin⁡x
ә) f(x)=4x-sin⁡〖x 〗 f`(x)=4-cos⁡x
б) f(x)=6 cos⁡〖x+1,2x 〗 f`(x)=-6 sin⁡〖x+1,2〗
в) f(x)=5 sin⁡〖x-cos⁡〖x f`(x)=5 cos⁡〖x+sin⁡x 〗 〗 〗
VІ-Өтілген материалды қайталау кезеңі:
Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру үшін «Ғаламды шарлау» стратегиясын қолданады. «Аквариум» әдісін қолданып оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімдерін тексереді.
Оқушылардың сұрақтарды топта талқылаудағы белсенділіктерін, қызығушылықтарын, қай оқушы қатыспай отырғанын байқап, әр топқа формативті бағалау жасайды. Оқушылар топ басшысын қалдырып, топ мүшелерімен ауысады. Топ басшысы өтілген тақырыптарды түсіндіріп береді, әрқайсысы келіп өз топ басшысына баяндап түсіндіріп береді.
Кейін «Аквариум» әдісімен ойларын ортаға салады.Жауаптарын негіздейді.
V-Өтілген материал б-ша оқушылар білімін тексеру кезеңі: Есептер шығару
№227–231 есептерді шығару.
үлестірмелі қиманың есептері:

VІ-Сабақты бекіту және бағалау кезеңі: «Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясын пайдаланып, формулаларды қайталау;
VІІІ-Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқау беру кезеңі:
Оқушыларға үй тапсырмасын хабарлайды, оны орындау методикасын түсіндіреді. Оқушылардың қойған сауалдарына жауап береді. Үйге тапсырма №232-233§17 қайталау. Топ басшысы сабақ барысында бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалау парағын толтырады.
Қорытындылау: «INSERT» кестесін пайдалану.


Сабақ қорытындысын шығарады, оқушылар қандай жаңа нәрсені үйренгендерін, алдағы жоспарлар туралы хабарлайды. Сонымен қатар сынып қалай жұмыс істегені жайында өз ойын жеткізіп, ерекше тырысқан оқушыларды мадақтап, алғысын білдіреді. Үй тапсырмасы бойыша сұрақтарын қоя отырып, оны орындалу әдісін түсініп алады.
.
Сабақ қорытындысын шығарады, оқушылар қандай жаңа нәрсені үйренгендерін, алдағы жоспарлар туралы хабарлайды. Сонымен қатар сынып қалай жұмыс істегені жайында өз ойын жеткізіп, ерекше тырысқан оқушыларды мадақтап, алғысын білдіреді. Өтілген сабаққа деген ой-пікірлерін, кемшіліктер мен ұсыныстарын стикерлерге жазып, смайликтер бейнеленген тақтаға іледі.
Пән мұғалімі: __________ Н. Жиемуратова ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ С. Г. ДОСУМБЕКОВА

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ С. Г. ДОСУМБЕКОВА

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ С. Г. ДОСУМБЕКОВА №1 қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі, Ақсу қ....
Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар

Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар

Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар №21жалпы білім беретін орта мектебінің коммуналды мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі...
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІК,АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІК,АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып...
Шығармашылық жұмыс – ізденімпаздықтың кілті

Шығармашылық жұмыс – ізденімпаздықтың кілті

Шығармашылық жұмыс – ізденімпаздықтың кілті...
математикадан ОМЖ, 6-класс

математикадан ОМЖ, 6-класс

Класс: 6ә класс Пәні: Математика Пән мұғалімі: Балжанова Арайлым Мырзалыкызы 5-кластағы математика курсын қайталау Тараудың тақырыбы: «5-кластағы...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру