Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тез оқуға дағдыландыру
Тілдің негізгі элементі – сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз – тілдің құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы.
Тілдің негізгі сөздік қоры – тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі. Сөздік қор тілдегісөздерді ғасырлар бойы сақтай отырып, тілдегі жаңа туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады. Сөздердің негізгі сөздік қорда кең қолданылуы мен ұзақ сақталуы олардың сөз жасау қабілетін дамыта түседі. Сөздік қордың тіл бірлігін сақтап, көне дәуір әдеби ескерткіштерін ұғынуға, тануға мүмкіндік тудырады.
Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл. Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру – ең маңызды жұмыстардың бірі. Бұл әрине бастауыш сыныптан бастап оқушылармен үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асады.
Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы өмірді танып, білуге басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:
- сөздің оқушылардың күнделікті өмірмен байланыстылығын ескеру;
- үйретілген сөздің жеңілділігін;
- бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;
- сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу;
- сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;
- сөздердің тәрбиелік, ізгілік ұғымына сәйкестілігін есепке алу және т. б.
Сөйлеуге байланысты мынадай талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, дәл сөйлеу, жүйелі сөйлеу және мәнерлі сөйлеу.
Сөздік қорының ең маңызды міндеті оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер қорын толықтыратын сөздерді белсенді ету. Жаңа сөздерді есте сақтаудың тәсілдері мен жаттығулары:
1. Тақтаға сөз жазып, оны буынға бөліп оқыту;
2. Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар (жазу жұмыстары);
3. Жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар (эссе, мазмұндама, шығарма т. б.) жүгізу;
4. Жаңа сөзді кірістіре отырып сөйлем құрастырып, мағынасын ашу;
5. Орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздерді енгізу:
6. Сөздік жасату (түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық сөздер, оқушы сөздігі т. б.);
Оқушылардың тілін дамыту мақсатын шешуде біріншіден, оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін; екіншіден, оқушыда сөз байлығының, сөз қорының аз болуының себебін, өзіндік ерекшелігін; үшіншіден, тілін байыту мен дамытуда тиімді әдіс-тәсілдерін алдын ала анықтап белгілеу керек.
Балалар сөздігін мынадай жолмен байытуға болады:
- қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғатпен, адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру);
- үлкендермен қарым-қатынас әңгіме өткізу, кездесу ұйымдастыру;
- арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу;
- сыныпта және сыныптан тыс оқу (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында т. б. Жағдайларда.
Тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру - оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Олай болса тіл дамыту дегеніміздің өзі – оқушылардың сөз байлығын арттырап, әр сөзді орынды қолдануы, сөйтіп, ойын жүйелі түрде білдіре алуы.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Бастауыш мектеп сыныптан тыс оқу – оқушыларды саналы түрде түсініп және мәнерлеп оқуға үйретудің бір жолы. Мектепте ана тілі сабағы баланы саналы түрде оқуға, жазуға және сөйлеуге үйретеді. Бастауыш сыныпта ана тілі бағдарламасы 3 құрамды бөліктен тұрады: сауат ашу, тіл дамыту, оқу дағдысын қалыптастыру.
Дұрыс, саналы және мәнерлеп оқу дегендердің үшеуі де бір-бірімен өте тығыз байланысты. Срндықтан оқушыны жаттықтыру үшін әр сабақта үшеуін де іске асырып отыру керек.
Мәтінді бөлікке бөлу және әр бөлікке ат қою 1-сыныптан басталады. Бұл тапсырма ең оңай, қарапайым түрде жүргізіледі. Ал қалған сыныптарда күрделене түсіп, ол жоспар құрумен ұштасады. Мәтінді оқып шығып, оның мазмұнын толық айтқызу, қысқартып айтқызу жұмыстары жүргізіледі. Мәтінді оқығанда оқушының әрбір сөзді дұрыс айтуын, дұрыс оқуын мұғалім қадағалап отыру керек. Біріншіден. Оқушының оқып тұрғанда сөз ішінен әріпті, жеке буынды, не жеке бір сөзді қалдырып кетпей оқуы. Екіншіден, кейбір буынды не жеке бір сөзді қайталамай оқуы. Үшіншіден, кейбір дбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай, сөзді бұзбай оқуы. Төртіншіден, қате жібермей оқуы. Бесіншіден, мәтіндегі сөздердің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқуы. Осы талаптардың бірі орындалмаса, мәтіннің сөзін дұрыс қабылдай алмайды. Оқушы мәтінді оқып жатқанда мұғалім оқушының жалпы оқу сарынына құлақ тігіп, әр сөзді, әр дыбысты дұрыс оқуына зер салып отыру керек. Сөз аралығында жиі кездесетін да, де, та, те, мен, бен, пен сияқты шылау сөздердің оқылуында қате жіберіледі. Шылаулардың күшейткіш мағынасын беретін дауыс ырғағымен оқуға мән беру керек. 1-сыныптарда «ы мен і», «а мен ә», «ү мен ө», «ұ мен ү» шатастырады. Әріптердің таңбасын танып, дыбысты әбден ажыратып, одан буын құрап оқи алмай жатқан кезде жіберілетін қате. Әліппе кезеңінде баланың әріпті көріп, дыбысты естіп және жазып жаттықтыру керек. Үйренуде естудің, көрудің және тілдің атқаратын қызметтері зор. Сөйлем соңындағы тыныс белгіге қарап дауыс ырғағымен ажырата оқуға үйретіп, жаттықтыру керек (хабарлы, сұраулы, лепті). Қате жіберген жағдайда қайталап оқытып, дұрыс оқуға дағдыландыру. Оқушы бір сөзді қайталап оқи беретін кездер жиі кездеседі. Сондықтан мұғалім қадағалап қарап, қайталанған жағдайда «кітабыңа қарашы» немесе «оқыған сөзің кітабыңда неше рет жазылған екен, байқап көрші» деген ескертулер жасап отыру керек. Сонда оқушы қайталамауға тырысады. Мәнерлеп оқу – қандай мәтінді болмасын дұрыс, сөздерді бұзбай, сөз қалдырмай, сөз аяғын жеп қоймай, әрбір сөзді дұрыс, анық оқу. Мәнерлеп оқуды үйретуде паузалардың орындалуына мән беру керек. Мысалы: тыныс белгілеріне байланысты және тыныс белгісіне байланыссыз паузалар да болады. Мәнерлеп оқуға үйретудегі тағы бір нәрсе – оқу қарқынының бір қалыпты болуы. Егер тез, жылдам оқыса, түсініксіз, әрі құлаққа жағымсыз естіледі.
Көркем шығарманың негізгі ой тірегін анықтап болмайынша, мәнерлепоқу мүмкін емес. 2-3-сыныптарда оқушылардың бірінің қатесін екіншісіне тапқызу тәсілі тиімді. Таспаға жазылап алынған көркем сөзді тыңдату, кейде жақсы мәнерлеп оқылған мен нашар оқылған мәтінді қатар жазып алып салыстырудың пайдасы бар. Әңгіме, ертегі, мысалдарды рөлге бөліп оқытқанда балалар қызығып оқиды. Сыныптан тыс оқудың түрі мен әдісі әр түрлі. Бірде кітапты талдау, бірде бірігіп кітап оқу, өздері ұнаған үзінділеріноқыту, бірде ойын, бірде инсценировка – ертеңгілік түрінде болып келеді.
Шапшаң оқу
Балалар өте жай оқыса, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді өзара байланыстыра алмай, ақырында мітіннің тұтас мазмұнын түсінбей қалады. Оқу-жазуға үйретудің бірінші кезеңінде, балалар әлі әріптерді нашар айыратын және оларды бір-бірімен қосып оқуы қиын кезде ғана жай оқыттыру керек. Бірақ барған сайын балалардың оқу шапшаңдығы арта түсіп, бірте-бірте сауатты оқуға жақындау керек. Дегенмен, балаларды шапшаң оқуға дағдыландыра отырып, белгілі шамадан тыс кетпеу керек. Ушинский мәтіннің мағынасын түсінбей, құр сыдыртып оқуға қарсы болған. Ол бұл жөнінде: «Оқу шапшаңдығы түсіну шапшаңдығымен қатар дамуы керек». «Егер баланың түсінуінен гөрі оқуы шапшаңдау болса, ол баланың түсінбей оқығаны. Баланың түсінуі арта түссе, ол өзінен өзі-ақ шапшаң оқи бастайды, сондықтан оқытудың алғашқы кезінде шапшаң оқудың қажеті жоқ, тіпті ол зиян келтіреді».
Шапшаң оқу дауыс ырғағын келтіріп оқумен тікелей байланысты. Дауыс ырғағын келтірмей шапшаң оқитын болса, керек емес жерге пауза жасап, пауза жасайтын жерді қосып жіберіп, бала мәтінді өзі де, тыңдаушы да түсінбейтін етіп оқитын болады. Шапшаң оқу үшін тым асығып оқыған бала дауыс ырғағын келтіріп оқи алмайды. Шапшаң оқуға машықтандырудың ең сенімді жолы – мәтінді қайра-қайра оқыту, бірақ балалар мәтіннің мазмұнын ұғынып, оны қайра қызығып оқытатын болуы шарт. Бұрын оқыған мәтінді қайта оқытқызу үшін сол мәтінге байланысты басқа бір тапсырма берілген болу керек немесе балалардың өздері қайта оқуға қалап алған мәтін болу керек. Бір мәтінді қайта оқытқанда балалар ол оқуды құр бекер оқу деп санамай, белгілі бір тапсырмаға қатысы бар оқу деп қарайтыны болу керек. Шапшаң оқуға машықтандыру үшін қайра оқыттырнуға ертегілердің мәтіндері өте қолайлы, өйткені ертегілерде бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын жерлер көп болады.
Жылдам оқуға үйрету мүмкіндіктері
Оқушы үлгерімінің негізгі факторы – жылдам оқу. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу – үлкен еңбектің жемісі. Психологтардың пікірі бойынша оқушы үлгеріміне 200-ден артық әртүрлі жағдайлар әсер етеді. Ал осы жағдайлардың ішінде ең күшті орын алатыны балалардың оқу жылдамдығы болып шыққан.Егер оқушы нашар оқыса, мысалы оқу үлгерімі нашар 3-сынып оқушысы минутына 37 сөз оқыса, орта есеппен үй тапсырмасы сол күнгі дайындалатын барлық пән бойынша 4 бет, яғни 3000 сөз болады екен. Сонда 3000-ды 37-ге бөлсек 80 минут мәтінді оқу керек. Ал бір рет оқығанда бала ұға қоймайды. Ол осы мәтінді 3 рет оқыса, оған 4 сағат уақыт керек. Әрине, бұдан кейін баланың оқуға ынтасы өзінен-өзі төмендейді. Әдетте, кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, еске сақтау қабілет де, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Олай болса, жылдам оқи білуге үйрету жолдарын, оның мүмкіндіктерін қарастыра жүргізген жұмыстардың негізінде мынадай ұсыныстар жасаймыз. Бұл ұсыныстарды кез келген мектептің жағдайында пайдаланып жұмыс істеуге болады. Оқуға жаттығу жұмыстары бірден ұзақ жүргізілгеннен гөрі жиі жүргізілгені тиімді.
1. 5 минуттық оқу.
Ата-ана мәтінді бірнеше бөлікке бөліп,баласын 5 минуттан оқытса, әлдеқайда тиімді. Алдымен бала мәтіннің бір бөлігін оқып, мазмұнын айтады. Содан кейін үзіліс жасайды. Біраз тыныққаннан кейін мәтінді ары қарай жалғастырады. Себебі, адамның есі күнделікті көз алдында көріп жүрген нәрседен гөрі сирек те жылдам көріп қалған нәрсені көріп қалған нәрсені есте жақсы сақтап қалуға бейімделген. Ата-анаға осыны түсіндіріп, үйде баласының оқу жылдамдығынқалай арттыру керектігі жөнінде мұғалім әдістемелік көмек беру керек.
2. Егер баланың оқу темпі нашар болса, оқығысы келмесе не істеу керек?
Мұндай жағдайда үзіп-үзіп оқу тиімді. Бала суретті кітапшалардан 1-2 жол оқып, суретін көреді де дем алады.
3. Сондай-ақ,ұйқы алдындағы оқу өте тиімді. Оның мәні мынада екен: адам ұйықтар алдынад оқиғаның, жағдайдың әсерімен ұйықтайды. 8 сағат ұйқы бойы ол әсер адамның миынан кетпейді, адамның ағзасы бұған үйреніп қалыптасқан.
Мұғалім оқушыларды топқа бөліп оқытып, олардың оқу дағдыларын жан-жақты бағалап отырса, әр топтың оқушылары бір-бірінен асып түсуге тырысады. Осы орайда ескеретін жағдай бір топтағы оқушылардың оқу жылдамдығы деңгейлес болу тиіс. Мұғалім оқушыларын сыныптан тыс оқуға дұрыс жаттықтырса, оқушылардың оқу жылдамдығы жақсы болары сөзсіз. Себебі, сыныптан тыс оқу әдістемесінің алдына қойылып отырған мақсаты – жалпы білім беру жүйесінде оқушының өздігінен оқу дағдысын қалыптастыру. Сыныптан тыс оқу сабағында негізгі құрал – балалар әдебиеті.
Оқу техникасының төмен болу себебінің бірі – баланың есте сақтау қабілетінің нашар болуынан. Айталық, бала 6-8 сөзден тұратын сөйлемді оқыса, аяғына келгенде басындағы 2-3 сөзді ұмытып қалады да сөйлемнің мазмұнын түсінбейді. Осы орайда баланың еске сақтау қабілетін нығайтуға, сауатты жазуға және бірнеше әріптен тұратын сөздерді тез оқуға, әрі жаттауға жаттықтыратын көру диктантын жаздырудың пайдасы зор.
- садуова
- 19 января 2015
- 4534
- 0



