:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттері немесе оларды дамытудағы жүргізілетін әдіс- тәсілдер.

Атырау облысы Құрманғазы ауданы

Б.Бегалиев атындағы орта мектеп

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.

Гүлсім Тоғаева Жетпісқызы

 

 Баяндама :Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша  оқушылардың шығармашылық қабілеттері немесе оларды дамытудағы жүргізілетін әдіс- тәсілдер.

 

         Қасиетті ұстаз мамандығын таңдап, ұстаздық қызметте жүргеніме 35 жыл өтіпті. Мыңдаған шәкірт, мыңдаған азаматтың өмірден өз орнын табуға менің де септігін тиіпті. Қызу өмірдің ортасында жүрген ұстаздар қауымы өздерін бақыттымыз деп біледі. Мен де сондай бақытты жанның бірімін. Ұстаздық қызметтен бақыт тапқан.

          Қазақтың әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұл мен қыз, біздің де балаларымыз. Мектепте ұстаз шәкіртінің анасы саналады.Қатаңдық пен қамқорлық аясында әр шәкіртіне мейіріммен білім дәнін себеді. Әсіресе , мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің орны ерекше. Еркін еліміздің жаны сұлу,батыр рухты,ұлтжанды азаматын тәрбиелеу  басы-біздің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бастау алады.

Әр толқын шәкірттерімізді өмір айдынына аттандыра ,біз де есейіп,өз ұстаздық қызметіміздің алтын қоржынын толтыра алдық .Мұғалім қызметі де мәңгі ізденіс жолы деп те бекер айтылмаған.Іздене,біле,зерттей жүріп,ұстаздық өз түйінімде түйілгендей.

         Біз ұстаздық қызметтің алғашқы баспалдағын аттаған кездегі оқытумен қазіргі оқыту әдістері, жаңа инновациялық технология арасында айырмашылық ерекше. Білім көшінен артта қалмау үшін білімімізді жиі жетілдіріп, жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеміз. Өзімізге ең қажетін таңдаймыз. Өз ұстанымымызды қалыптастырамыз.

          Менің ұстаздық қызметтегі мақсатым: жаңа инновациялық  оқыту технологияларын  тиімді пайдалана отырып, бәсекеге  бейім, дарынды, дара тұлғаны тану. Осы мақсаттағы жұмысымды мен де бір жүйеге түсіріп, өз бағытымды айқындадым.

           Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінде оқушылармен жұмыс жасаудың нәтижелі бес бағыты бар. Олар: үздік жыр жаттау, жас ғалым, қазақ тілінің білгірлері, сахна шеберлері, жас ақындар мектебі. Бес бағытқа бейім даралық иелерін біз бастауыш сынып партасында отырған оқушы арасынан іздейміз. Менің дарынды оқушыларымның бірі- Мұстахимов Ерқанат.

        Ол оқушының ерекшелігін мен 4- сыныпта оқып жүрген кезінде зерделедім. Мектеп әкімшілігінен маған Жеңістің 65 - жылдығына арналған аудандық байқауға сахналық қойылым дайындау тапсырылды.

 

       Мұхтар Мағауиннің  "Бір атаның балалары" шығармасын қойылым сценарий дайындап,кейіпкер образдарын сомдар жас әртістерді іздеген кезде,менің таңдауым Ерқанатқа түскен.Дауысының тазалығы, келбеті,образға түсу шеберлігі көрермен көңілінен шығып, 4 - сыныптан бастап оқушыны шығармашылыққа баули бастадым. Мектептегі берілер бар білімнің биік шыңы - қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

         Өйткені шәкірт рухани жан дүниесіне қажетті тазалықты тіл мен әдебиет сабақтарынан алады, бойына жинайды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзінің Қазақстан - халқына жолдауында:

         "Оқушыларды  қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан  дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет.Бүгіннен бастап,ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық,тектілік,білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек"-деген болатын Елбасымыздың сөзі - бағытты, жүйелі, сапалы, жұмысының жоспарын айқындатты.

    Өз пәнім бойынша ең алдымен оқушылардың білімді,сауатты болуына аса назар аударамын.Бастауыштан 5 - сыныпқа келген кезде оқушылардың сауаттылығы, көркем жазу деңгейлері кей жағдайда сын көтермей жатады.

5 - сыныпты қабылдап алған күннен бастап. қазақ тілі пәнінен жұмыс дәптерлеріне қоса "Сауаттылық"дәптерін бастатамын.

Мақсатым:

1.Оқушыны сауатты жазуға үйрету

2. Көркем жазуға дағдыландыру

3.Дұрыс сөйлеу,өз ойын еркін,сауатты жеткізуге бағыттау

Мысалы: 5 - сыныпта оқыған кездегі Жасинова Түрсынай атты оқушының "Сауаттылық хаты"      Күні:29.Х.2005 ж    Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Омоним              

          Баяндаушы:

    Жасинова Тұрсынай

      Сарапшы:

    Шапхатова                

        Бибінұр

Мұғалім:Тоғаева                                       

       Гүлсім

1

Жазғанда дұрыс жазамын,сөйлегенде бәріне да деп айтып қала беремін

Көптік жалғауды дұрыс қолданбайды

Сөйлегенде асықпа,өзіңді еркін ұстауға дағдылан,әйтпесе ойың шашыраңқы болады

2

Өйткені,яғни деген сөздерді көп айтамын,ол сөздерді айтпауға тырысамын да,айтар сөзімді ұмытамын

Бір сөзді қайталап көп айтады,ойы түсініксіз

Сөздерді орнымен қолданып,сөйлемді әдемі құрастырып үйрен

3

Өз сөзімді қыстырма сөздерді азайтып,айна алдында дұрыс сөйлеуге дайындалып жүрмін

Сөйлегенде қолын көп сілтейді

 

 

         Бұл әдісті 5 сыныптан бастап қолданған дұрыс.Бастауыш сыныптан келген оқушы өз ойын еркін айтуға және пікір айтуға қымсынбайды, бұл әдет жоғарылаған сайын дағдыға айналады. Әр сабақ соңында "Сауаттылық"дәптеріндегі жазбалар хабарланады,кемшіліктер түсіндіріледі де,хат баяндаушы оқушыға беріледі. Баяндаушы оқушы қиындық келтіретін жағдайларды жазады,дәптерге жазылған ескертулерден қорытынды жасауға ұмтылады.

         Бұл әдісті күнделікті сабақтарда қолдана беруге болады. "Сауаттылық"дәптері арқылы мұғалім оқушы арасында үлкен сенімділік орнайды.Оқушылар бірін-бірі тыңдау, пікір айту әдебіне машықтанады.Оқушылар өз ойын көркем  жеткізуге ұмтылады . Қазақ тіліне бейім оқушыларды іздендіруге ең қажетті әдістерімнің бірі "Жеті дәлел"деп аталады. Әдебиет сабағынан оқушылар әдеби теориялық ұғымдарды меңгеруде көптеген қиындық  көреді,жаттауға,есте сақтауға енжарлық танытады. "Жеті дәлел"әдісі оқушыларды қызықтырады,өйткені дәптердің атауының өзі де оқушыны зерттеу жұмысына ұмтылдырады.5- сыныпта дәптерді бастау туралы тапсырма  берілгенде -ақ оқушыға дәптер ерекшелігі түсіндіріледі. "Жеті дәлел" дәптері -қалың әрі түсінің сары болуы талап етіледі."Сары түс"-терең ақыл нышаны екендігі айтылады. 5- сынып оқушысы Сабырғалиева Жансаяның қолжазбасындағы мысалы:

         Кейіптеу дегеніміз-жансыз жанды жанды етіп суреттеу.Мысалы:Абай атамыздың "Қыс"өлеңіндегі "Қыс"мезгілін жанды адам-кәрі құдаң деп бейнелеген. Құда -жанды адам.Қыс мезгілінде ысқырған боран болса да жаны жоқ,бірақ қыстың қаталдығын менің көз алдыма ашулы,жанды құда бейнесімен елестетті.

         Бұл жоба - Абайдың "Қыс" өлеңі өткеннен кеін түскен.Шапхатова Дана атты оқушы өз жазбасын өлең жолдарымен берген.

Тым сұсты, тым ашулы

Уілдеп ән салады

Алаңсыз жүрген баланың

Бетін түстеп алады,-деп "қыс" мезгіліне өз туындысын шығарған. Көркем шығарманы талдағанда оқушылар әдеби теориялық ұмытып, шатастырып жатады.Бұл қиындықтан шығу үшін 5 - сыныптан бастап әдеби теориялық дәптер бастап,теориялық ұғымға мысалдар келтіре жазсақ,оқушының есінде сақталады әрі шығармашылығының шыңдары анықталады.

    Оқушының ой өрісін кеңейтуге,тілдік қорын дамытуға "Даналық" дәптерінің де алар орыны ерекше."Асыл сөз"дәптерінде 5 - сыныптан бастатқан дұрыс.Бұл мақал - мәтелдер,қанаттар сөздер жазылып,мағынасы ашылады.Нұрланова Жаннаның дәптеріндегі жазбалардан:

 

Мақал-мәтел қанатты сөз

Мағынасы

Өз ойым

1

Айдағаным бес ешкі,ысқырығы жер жарды

Бітірер ісі жоқ,аз ісін міндет қылатын адам

Өмірде кездеседі,қолынан ешнәрсе келмесе де,ақыл айтуға дайын тұрады

         "Асыл сөз"дәптері оқушыларды аз сөз бен алтын ой мағынасын түсінуге үйретеді. Оқушының ойы, қиялы дамиды. Ең бастысы - өздері еңбектенген соң өзіндік ізденісте жауапкершіліктері артады.

       Тартыншақтай беретін әдеттерінен арылады, халық даналығына ешкімнің жетектеуінсіз  - ақ барып, ана тілінің кереметіне үңіле бастайды.

        Оқушы білімінің негізгі айнасы - ҰБТ, пәндік олимпиадалар.

  Үлкен сынға оқушыларды ерте бастан бастап дайындасақ, нәтижесі де зор болады. Мен өз жұмысымды 40 мысал әдісімді тиімді жүргізіп отырамын.

40 санының өзі де қазақ халқының ұғымында қасиетті білдіреді. 40-тың бірі қыдыр деп айтамыз, Ұлы ақын, ұлы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың

" 40 мысал"  атты еңбегі де бар. " 40 сөзінің"астарындағы сиқырлы сыры оқушыны қызықтыра ,пәнге үңілдіре түседі.Мұнда оқушылар қазақ тіл білімінің фонетика,лексика , грамматика салалары бойынша 40 мысалдан жазып отырады. 

         Оқушылар фонетика тарауын өткен мезгілде өз қиялдарына ерік беріп,сөз саны 40 санына жеткенше талғампаз жаза береді.Мұғалім тексерістен кейінгі сынып алдында еңбектерін қорғау барысында өз кемшіліктерін байқап, талғамсыз жазылған сөздерін түзеп жатады .Әр тарауды өткен сайын шәкірттерімнің білуге деген қызығушылықтарының артқанына қуанып ,жетістіктерін қолдап отырдым.Іздене ,талдай түзей жазған жинақтары оқушылар үшін құнды дүние көзіне айналды. 5-сынып оқушысы Мусаева Шакизат 40мысал жазбасынан мысал:

Жуан буынды

Жіңішке буынды

Аралас буын

Ашық буынды сөз

Тұйық буынды сөз

Бітеу буынды сөз

Бала Ата Шаңырақ

Жаңалық

Жақсылық

Жас

Қарт

Ақ қара

Сөз

Іш

Тіс

Әже

әке

Сезімтал

атбегі

Фонетика

жазушы

Ұлт

Айт

Ат

Ет

Ес

Ер

Гүл

Жыр

бұл

         Әр тараудан кейінгі сынақ сайын мен оқушыларымның ізденіс еңбектерінің өздеріне керек дүние екенін түсініп, жауапкершіліктері мен талғампаздықтарының артқанына қуандым.

         Оқушылардың бұл ізденіс еңбектерінің аты "Қырық мысал" болғанымен, барлық тақырыпқа 40 мысал жазу шарт емес, оны балаларымен келісіп, бірауыздан қабылдаған шешіммен былай жүйелеп алдық.

 Қырық мысал - терең білім негізі.

 

Фонетика

лексика

морфология

синтаксис

1

Жуан буынды сөз- 40

Ауыспалы мағыналы сөз- 40

Түбір сөз- 40

Сөз тіркесі- 40

2

Жіңішке буынды сөз-40

Көп мағыналы сөз- 20

Түбірлес сөз-20

Күрделі сөз-20

3

Аралас буынды сөз-25

Омоним-20

Біріккен сөз-20

Қиысу-20

4

Ашық буынды сөз-25

Синонимдік қатар -20

Қос сөз-20

Матасу-20

5

Тұйық буынды сөз-20

Антоним-40

Тіркескен сөз- 20

Меңгеру-20

6

Бітеу буынды сөз-20

Табу сөздер-20

Қысқарған сөз-20

Қабысу-20

7

Тасымалданбайтын-15

Эвфемизм -20 Дисфемизм -20

Зат есім-20

Жанасу-20

8

Ілгерінді ықпал-20

Еркін тіркес - 20

Сан есім-20

Хабарлы сөйлем-20

9

Кейінді ықпал-20

Тұрақты тіркес-20

Есімдік-20

Сұраулы сөйлем-20

10

Тоғыспалы ықпал-15

Мақал-мәтел-40

Етістік-20

Лепті сөйлем-20

11

 

Көнерген сөз-20

Үстеу

 

12

 

Жаңа сөз-20

Шылау-20

 

13

 

Кірме сөз-20

Еліктеу-20 сөздер-20

Жай сөйлем-20

14

 

Кәсіби сөз

Одағай-20

Салалас-құрмалас-20

15

 

Термин-20

 

Салалас-құрмалас-20

16

 

Диалект-20

 

Аралас-құрмалас-20

 

          Пункция тарауынан да тыныс белгілердің қолдану ерекшіліктері мен орнына қарай 5 мысалдан жазу тапсырылды.Бұл ізденіс жұмыстары балалардың жаңаны жан-жақты қабылдауына,керекті дүниені қайта қарап шығуларына,сондай - ақ болашақ ҰБТ тәрізді сынақтар ерте кезден дайындалуына да маңызды ықпал етеді.

   Оқушыларды теориялық біліммен қаруландырып алған соң,шығармашылық қабілеттерін шыңдауға қадам бастым.Өлең сөз бен қара сөзге бейімділерді анықтап алу үшін затқа қарап ұйқас құрату,бір сөздің он ұйқасын тапқызу т.б тапсырмаларымен бірге сөздік өлең жазғызудан бастадым.Сабақтың қорытынды бөлімінде,тіл ұстарту,қайталау,қорытынды сабақтарында сыныптан тыс арнайы немесе еркін тақырыптарда шығарма жазу және сынып алдында оқу талдау балаларға ұнайды.

          Оқушылар әр сабақтың соңында қортындысын ойтолғау түрінде жазады.Мысалы:6-сыныпта А.Байтұрсыновтың "Қара бұлт" өлеңнен кейін Тағанқожа Алтынбек атты оқушым өз ойын былай түйіндеген:

          ..... Қайырымдылық - адам бойындағы асыл қасиет.Қайрымдылықты қайырымдылыққа зәру адамға жасау керек.Сонда ол нағыз мейірімділік ұшқыны болмақ.Қара бұлт сияқты жақсылықты кімге жасау керектігін білмейтін адамдар бар.Олар өз істеген жұмысына мақтанады ғой.

         Исмайлова Динараның ой толғауында:Қара бұлт -мейірімсіз адам.Ондай жандардан қорқу керек .Менің достарым ондай мінезден аулақ.Әр әдебиет сабағында оқушы жүрегіне сәуле құйған шығармаларды аяқсыз қалдырмау үшін тағы бір қалың дәптер бастатып,оқушылардың қалауымен ізденіс еңбектерін "Сыр сандық"деп атадық.

         Сонымен "Жеті дәлел"," 40 мысал" , "Сыр сандық""5асыл сөз"қолжазба жинақтары бір жылдық  емес, сатылай жүретін үдеріс. 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру