Прозалық шығармаларды оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану

      XXI ғасыр қатаң бәсеке ғасыры. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Тәуелсіздік туы-білімді ұрпақ қолында"-деп, дамыған елдермен теңестіріп,өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден-бір құдірет -білім ,білімді ұрпақ -деген болатын.     ХХІ ғасыр тәуелсіз қазақ елі үшін аса маңыды оқиғалар мен мазмұнды істермен толы болмақ.

   Қaзақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 28 қаңтар 2012 жылғы «Әлеуметтік -экономикалық жаңғырту - Қaзақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа арнаған жолдауында еліміздің болашағы табиғи ресурстармен анықталмай, интелектуалды аһуалмен, жоғары технология, ғылымның жоғары дәрежеде дамуымен айқындалатындығы баса айтылған.              Білім беру саласындағы жаңашыл ұстаным болып отырған білім стандартының негізгі ерекшелігі-негізінен оқу нәтижелерін сипаттауға бағытталған. Бұл бағытта жұмыс жүргізу үшін  сабақтың дәстүрлі әдістерінен бас тартып,оқушылардың шығармашылық ойын тереңдетіп, білім  мен ой өрісін дамытуға,іс-әрекет дағдысын қалыптастыруға әсерін тигізетін сабақтарды көбірек өткізу керек. Жаңа нәрсені оқыту мен жаңа ұғым туралы ақпарат беру үшін  бұған дейінгі  санада қалыптасқан ойды жаңғыртып қайталап отыру,  қызығушылықтарын оятып,олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту қажет.

      Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық жұмысы.Сондықтан әр сабақты  оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған абзал.Оқушылардың өз пәніме яғни қазақ тілі мен әдеиетіне деген қызығушылығын арттыру,өз-өзіне деген сенімін күшейтіп,танымдық қабілеттерін дамыуда жаңа инновациялық технологияның маңызы зор.

   Әрбір әдістің өзіндік ерекшелігі бар.Оны мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне,қабылдау деңгейіне қарай іріктеп ,сұрыптап алады.Өйткені нәтижелі білімнің қайнар көзі-дұрыс таңдап қолданылған әдіс-тәсілдер деп білемін.Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский "Сабақ жасөспірімдердің нтеллектуалды  өміріне құр ғана сабақ болып  қоймас үшін ол қызықты болуы шарт.Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөпірідер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына,мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады"деп айтқан еді.

      Сабақ барысындағы оқыу әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің   басты мәселесі болып отыр.

      Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар мыналар:

    1.Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардің танымдық                                  ерекшеліктеріне сай қолдану;

     2.Мектептің материалдық-техникалық негізін ескеру;

     3.Мектептің орналасқан жерін ескеру;                                                              

4.Мұғалімнің шығармашылығы мен шеберлігі;

Айтып кететін маңызды жәйт,әдіс пен тәсіл бір нәрсе  емес,олардың өзіндік ерекшелігі бар.Әдіске ортақтық,жалпылық  қасиет тән де ,ал тәсілге жекелік  қасиет тән.Оқыту әдістері дегеніміз -барлық пәндерге ортақ оқу мен оқытудың жолдары.Ал тәсілдер дегеніміз -белгілі бір пәннің немесе тақырыпты терең игерту үшін қолданылатын амалдар. Әдіс пен тәсіл осындай белгілері арқылы ерекшеленеді.

   "Әдіс"  грек.-шындыққа жетудің жолы деген мағынаны білдіреді.Оқыту әдістері қызығушылық туғызып,оқушының ақыл-ойын  дамытады,ізденуге ,жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.Және де оқушыларға өздері қызығушылықпен,белсенділікпен қатысқан сабағы қашан да түсінікті болады.

     Ал енді тақырыбыма оралсам.Әдебиет сабағында,соның ішінде прозалық шығармаларды өткенде түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы өз мақсатыма жететініме көзім жетті.Мысалы,қай автордың шығармаларының атауын қаншалықты деңгейде меңгергендігін білу үшін"Өрмекші торы"әдісін қолданған тиімді.Мұнда мұғалім қолына тоқыма жіп алып,сұраққа жауап берген оқушының қолына орайды.Белгіленген мерзімнен кейін әр оқушының қолындағы жіп орауын санау арқылы ол оқушының тақырыпты калай меңгергендігін білеміз.  

      Джиксо-ұжымдық оқыту әдісі.Бұл әдістің мақсаты-тақырыпты алдымен жұпта,сосын ұжымда талқылау.5-сыныпқа С.Жүнісовтің "Ақырғы бәйге"шығармасын өткенде "джиксо"әдісі бойынша оқушыларға жұмыс жасаттым.Тақырыптың әр бөлігін 4топқа бөліп бердім. Оқушылар өздері талдап,пікірлерін айтты.

        РАФТ стратегиясы әдісі.Мұнда оқушы бір нысанды алып,ролге еніп,өз ойын жазады.Мысалы,5-сынып оқушыларына  "Бала Шоқан"әңгімесін оқытуда РАФТ әдісі бойынша жұмыс жасаттым.Бұл әдіспен жұмыс жасау барысында оқушы ролге ене білуге тырысады.Өзінің түсінген,сезінген жайын хат,монолог,эссе түрінде жолдайды немесе білдіреді.Оқушы I жақта өзін Шоқан ретінде сезіне отырып,Мысыққа хат жазды.

           Р(рөл)-Шоқан

           А(аудитория)-қыстаудағы үй іші

            Ф(форма)-хат

            Т(тақырып)-Мысық  

      Ал осы 5-сыныпта С.Жүнісовтің "Ақырғы бәйге"шығармасын өткенде де аталған әдісті қолдану арқылы оқушылардың жаңаа қырларының ашылғанын байқадым.Мұнда оқушылар Құлагердің рөліне ене отырып,"Жазығым не?"тақырыбында шығармадағы жағымсыз кейіпкердің бірі-Батырашты "Аудитория"етіп алып,керемет монолог жазды.

       "Бестармақ"әдісінің халықаралық атауы "Синквин"стратегиясы-оқушының берілген тақырыпты қазақ тілі сабағымен байланыстыра отырып,бес жолды өлең құрастыруы.Бұл әдісті  әр мұғалім өтілетін тақырыпқа сай етіп,сыныптың деңгейін ескере отырып тиімді қолдана алады.Мысалы:

          Кім? Ана-Зат есім

          Қандай?Мейірімді,ақылды-Сын есім

          Не істеді?Бағады,тәрбиелейді,аялайды-Етістік

          Түйін. Ағайын- алтау,ана-біреу.                          

           Синоним.Ардақты жан. 

  Тағы үй тапсырмасын сұрауда"Ыстық орындық","Қарлы кесек","Еркін жазу"стратегиясын қолдануға болады.Жалпы ,әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану-оқушылардың еңбегін ғылыми,тиімді түрде ұйымдастырудың маңызды саласы.Бұндай сабақтардан оқушы жалықпайды әрі пәнге деген қызығушылығы артады.

      Тіл мен ортаны кеңейтудегі ұл мен қызды тәрбиелеудің басты көзі-әдебиет десек,әдебиетті оқытудағы әрбір дұрыс әдіс-тәсіл -нәтиже белгісі.Әдебиет сабағы-терең білім беретін,тіліңді дамытатын,сөздік қорыңды байытатын ,өз ойыңды еркін айтатын пән.Егер оқушылардың көркем шығамаларды оқуға деген қызығушылығын оятып,оларды кітап оқуға,ойын көркем тілмен жеткізуге жетелей алсақ,онда оқушы жүрегіне жол тапқанымыз және бұл мұғалімге шексіз бақыт сыйлайды.Ендеше өз ұлтының көркем тілінің кәусарынан қанып ішкен ұл мен қыз шын мәніндегі елінің тілі мен ортасын кеңейтуге ат салысатын азамат болады деп сенемін.

             Пайдаланылған әдебиеттер:

   1.А.Ажибекова "Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері арқылы табысты оқытуға қол жеткізу" Шымкент,2014 жыл

    2."Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы №5,6,10 2013,2014 жыл          

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру