Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы және басты міндеті.
Педагогикалық технологиялардың басты міндеті оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі.Оқытудың жаңа педагогикалық технолгияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену – кемел келешектің маңызды сатысы. Ғылыми-инновацияның өркендеуіне кең өріс ашылмайынша, толыққанды дамуға қол жеткізу мүмкін емес.
Қазақстан Президенті өзінің Жолдауында инновациялық дамуды стратегиялық міндет ретінде белгілеп, оған осы заманғы ғылым мен техниканың барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, елдегі әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуді осыған негіздеді. Ал мұның бәрі азаматтың белсендігін, іскерлігін арттырады.
Жаңа заман маманы қазіргі кездегі озық идеаларды игерген, сауатты, шығармашыл, сонымен қатар онда адами қабілеттері дамыған болуы тиіс. Оқыту технологияларын пайдалану мынадай мүмкіндіктерге жол ашады:
- есте сақтауға негізделіп, меңгерілген білімді пайдалана отырып, ақыл-ойды
дамытатын оқуға көшу;
- білімнің статикалық үлгісінен, ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым
жүйесіне көшу;
- оқушыға орташа білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту
бағдарламасына өту;
Педагогикалық үрдісті технологияландыру – бұл бүгінгі күннің қажеттілігі. Педагогикалық технологияның түрлері де көп. Бірақ оларды пайдаланып, нәтижесін көрмеген мұғалімдерге оларға көшу қиындық туғызып жүргендігін жасыруға болмайды. Бұл ретте оқыту технологиясының:
- оқушылардың оқуға деген ынтасын тудыратын;
- оқудағы танымдық іс-әрекетті оңтайлы ұйымдастыруға көмектесетін;
- мұғалімнің шығармашылығына жол ашатын;
- мұғалім жұмысының нәтижелі әрі жинақы болуына көмектесетін;
- оқыту мен тәрбиенің тиіміділігін қамтамасыз ететін оқыту үрдісінің негізгі
компоненті екендігін әрбір маманның білгені абзал.
Оқыту технологияларын пайдалануда мына жағдайлар еске алынуы қажет. Олар:
- қоғамның түлекке қойып отырған талабы;
- таңдалынып отырған технологияларды іске асыруға мектептің мүмкіндігі мен
- нақты жағдайға сәйкестігі;
- жұмыстың жүйелілігі;
- бұл үрдістің тиімділігі.
Жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі - тұлғаның сол кезге дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани потенциалын пайдалана отырып, өзін-өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттілігі болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің тиімділігінің басты көрсеткіші білім сапасы .Мұғалім балаға білім- білік дағдыларын беріп қана қоймай, әр оқушының сабақ кезінде өз білімін дамытып, жаңа тақырыпты өзі игеріп, талдап, өз ойын ортаға салып, сол тақырып көлеміндегі материалды біліп, әрі қарай дамуына жағдай жасауы керек . Дәстүрлі сабақта негізгі сөйлеуші, үйретуші мұғалім болса, жаңа техналогиялық оқу процесінде мұғалімнің міндеті оқушының пәнге қызығушылығын арттыру арқылы, өз бетінше игеруге сенім білдіру, өз білімін әрі қарай дамытуына жағдай тудыру, оқи алуға үйрету, шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік жасау. Психологиялық әдебиеттерде бұл «Дамыта оқыту» деп аталады . Дамыта оқыту деп неміс педагогы А.Дистерверг «баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды» айтқан.
Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдың теориясына сүйенсек, баланың дамуы оның «актуалды даму аймағынан» (I деңгей тапсырмалары) келесі «жақын арада даму аймақтарынан» (II, III, IV деңгейлер тапсырмалары) біртіндеп көшіп отыру арқылы жүзеге асады. Бірінші өнімсіз (репродуктивті) деңгей жаттап алуға және үлгі бойынша орындауға лайықты тапсырмалардан құралса, келесі деңгейдің тапсырмалары оқушылар өз бетімен, бірақ үлкендердің (мұғалімнің, ата-аналарының) көмегімен орындауға арналады. І,ІІ,ІІІ деңгейлер мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейін, ал ІҮ деңгей оның мүмкіндік деңгейін қамтиды.
2-ші алгоритмдік деңгейдің тапсырмаларын орындау барысында «түсіну және өзгертілген жағдайда қолдану» шарттары қойылса, 3 эвристикалық деңгейді орындаған оқушы «талдау», «жинақтау, тақырыпқа «баға беру» немесе «түйсіну» сияқты ой қорыту әрекеттерінің тәсілдерін игеріп, тақырыпты өз бетімен (мұғалімнің көмегі ІІІ деңгейде азаяды).Толық меңгеру дәрежесіне жетеді де, IV шығармашылық деңгейдің олимпиадалық тапсырмаларына шамасы келсе, оларды жоғарыда аталған Б.Блумның «тақырыпты толық меңгеруге» қажетті алты мақсаттар тізбегін (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, баға беру) өз бетімен (ешкімнің көмегінсіз) орындай алатын болады. Бұл деңгейге жету үшін баланың барлық потенциалдық мүмкіндіктерін пайдалану керек. Сондықтан оқушының есте сақтау, ойлау, талдау, қайта жинақтау қабілеттерін дамытып, алған білімін пайдалана отырып, қарапайымнан күрделіге жетуіне мүмкіндік туғызу үшін өзімнің сабақтарымда профессор Ж. А. Караевтың «Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын» және «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын ұштастырамын.
Биология пәнін оңай пән деп, оқулықтағы материалдарды жаттап алып, сол тақырып соңындағы сұрақтарға дайындалып келіп, немесе сыныпта мұғалімнің берген білімімен ғана шектелген оқушыларымыз жеткілікті болатын. Ал қосымша сұрақтарды, қосымша материалдарды үйге тапсырма түрінде беруге болады, бірақ іс жүзінде бұл тапсырманы барлық оқушылар орындамайды. Сондықтан оқушының білімге деген қызығушылығын ояту керек болды. Үй тапсырмасын тексеріп, жаңа сабақпен байланысты материалдарды пысықтап болғаннан кейін, жаңа сабаққа деген мотивация тудыру қажет, онсыз жасаған жұмыстарымыздың көп мөлшері зая кетеді. Бұл кезеңде де оқушы жұппен немесе топпен өз тарапынан білетіндерін ортаға салып «білемін » немесе «хабарсызбын» деген мәселелерге ақпараттар алу үшін ізденеді.
Сабақ басталмас бұрын оқушылар топтарға бөлінеді.Топпен жұмыс жасаған кезде ең алдымен тапсырма топтың ішінде талданып, ұжымға шығарылады. Топпен жұмыс істеген кезде оқушылар сыпайы сөйлеуге , өзгенің пікірін тыңдауға, өз тұжырымын дәлелдеуге ,пікір алмасу барысында өз білімін толықтыруға үйренеді.
СТО – технологиясын қолдану үшін жылдық күнтізбе жоспарына өзгерістер енгізілуі тиіс. Міндетті түрде әр тараудың, модулдің соңында өтетін бақылау жұмыстарының алдында 1-2 дайындық сабақтары өтілуі керек: біріншісі тақырып бойынша қорытынды, өздік жұмыс (ІІІ деңгейлік), екіншісі – қатемен жұмыс сабақтары, олардың тиімділігі бақылау жұмысының нәтижесінен айқын байқалады. Біз оқу мазмұнын модульдерге бөлдік. Модульдегі әр тақырып үш кезең арқылы меңгеріледі. Енді соларға кеңінен тоқталайық. 8-9 сыныптарда «Ішкі, сыртқы секреция бездері», «Гуморальды жолмен реттелу» тақырыптарын
- өткенде, сабақтың бірінші кезеңінде өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыратын сұрақтарды қайталау қажет.
- Ол сұрақтар үйге тапсырма ретінде беріледі.
- Ағзаның ішкі ортасы неліктен тұрақты болуы керек?
- Ағзаның ішкі ортасы деген не?
- Ұлпаларға тән ерекшеліктер.
- Мүшелер жүйесінің қызметі.
- Адам ағзасының біртұтастығы
- Оқушылар адам ағзасындағы жеке мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігіне
- тоқталып талдайды.
- 2-ші кезең (Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгертуді ұйымдастырып басқаруға арналады). Мына суреттер жайлы не білесіздер? – деп, мұғалім тақтаға кесте іледі. Бадырақ көз (базедов) аурымен ауырған, бойы кіші өспей қалған адамның, алып және ергежейлі адамның суреттері ілінеді.
Оқушылар өз білгендерін жазып, жазған мәтіндерін тақырып қояды.
Екінші тапсырма: осы жазғандарының келесі суретпен байланысы қандай? Деп, тақтаға «Ішкі секреция бездері және эндокриндік аппарат» кестесі ілінеді. Әр топ өз болжамын айтып, қорғайды. Осы жерде қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдар оқушының жеке тұлға ретінде, шығармашылық потенциалын дамыту, ойлаудың жоғары деңгейіне жетуі десек, ойлау, еске түсіру арқылы өз ойларын, білгендерін тұжырымдап немесе болжау арқылы жазады. Валеология сабақтарындағы және күнделікті өмірден алған білімдерін пайдаланады. Әр топ білгендерімен бөліседі.
Оқушының өзінің ойында «Дұрысы қалай екен?» деген сұрақтар туындап, осы сұрақтар әрі қарай ізденіске ұмтылдырады.
Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру немесе мағынаны тану кезеңінде түртіп оқу немесе инсерт стратегиясын пайдаланады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқулықпен жұмыс істеп, тақырыптан өзі білмеген мәліметтерді табады да, кестені толтырады.
Таныс ақпарат Жаңа ақпарат Мен үшін түсініксіз
Оқушылар жаңа тақырыпты оқып отырған кезде, мұғалім үй тапсырмасын тексеріп немесе жеке оқушымен жұмыс істей алады.
Әр топ кесетені толтырып сұрақтарын мұғалімге қояды. Келесі тапсырма – бес жолды өлең жазу:
Зат есімнен тұратын бір сөз: (тақырыптың ішіндегі ең маңыздысы). Гормон
Сын есімнен тұратын екі сөз: сұйық, белсенді.
Қозғалыс, қимылды білдіретін үй сөйлем: Ішкі секреция бездерінен бөлінеді. Қан
мен лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы мүшелерге жеткізіледі. Қан құрамының тұрақтылығы мен зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
Сезімді білдіретін сөйлем: (адам ағзасындағы жеке мүшелер жүйесі қызметінің
үйлесімділігі мен реттелуіндегі маңызы керемет зор).
Зат есімнің синонимі: Биологиялық белсенді зат.
3-ші кезең: кері байланыс кезеңі – оқушылар алған білімдерін үлгі бойынша қайталап
беру (І деңгей) және тереңдетіп тақырыпты «толық меңгеруге» арналған тапсырмаларды орындау барысында бағаланады.
Деңгейлік тапсырмалар. Әркім қабілетін қарай өздігінен орындап, алған білімдерін іс жүзінде қолданады. Оқушының әр тақырып бойынша жинаған ұпайын санап, оның жетістігін бағалауға мүмкіндік туады, ал мониторинг – тараудағы әр тақырыпты оқушының қаншалықты меңгергенін көрсетеді.
Бұл жағдайда бақылау «жазалау» емес, өз бетімен жұмыс істеуге, табысқа жетуге жетелейтін дамыта оқытуды жүзеге асыру тәсілі болып табылады. Ең төменгі деңгейдегі білім көрсеткіші үшін «есептелді» немесе «есептелмейді» деген баға алынады. Есептелмесе, оқушы тапсырманы қайталап орындайды. Төменгі І деңгейлік тапсырмаларды орындаған оқушы өз шығармасына қарай келесі деңгейдің нәтижесіне жетіп, жоғары баға ала алады. Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне еліктеп, қалыспауға тырысқанын көреміз. Барлығына бірдей қойылған талап – неге мен «үш» алдым, неге мен «төрт» алдым деген күдіктерді жояды.
І деңгейлік тапсырамалар (5 ұпай).
1. Неліктен ішкі секреция бездері деп аталады?
2. Қосалқы без қайда орналасқан?
3. Эпифиз қандай қызмет атқарады?
4. Қандай бездер мен гормондар қандағы қанттың мөлшерін реттейді?
5. Аралас бездерге............... жатады.
ІІ деңгейлік тапсырмалар (+10 ұпай).
1. Гормонның қызметін талдап беріңіз.
2. Адам қатты толқыған кезде қандай гормон бөлінеді?
3. Төмендегі сөйлемдерді аяқтаңыз..
Терінің сарғыш тартуы, әлсіздік, салмақтың кемуі............
Микседема ауруының белгілері..............
ІІІ деңгейлік тапсырмалар (+15 ұпай).
1. Адам ағзасының біртұтас құрылым екендігін дәлелдеңіз.
2. Жүйкелік гуморальды реттеуді мысалдармен келтіріңіз.
3. Мына кестені толтырыңыз.
Ішкі,сыртқы секреция бездерін –атаңызАдам денесінің қай мүшесінде орналасқанҚандай гормон бөледі?Қызметі қандай?Бұл тапсырмаларды оқушылар үлгенгенше сыныпта орындап тақтададағы арнайы
кесетеге оларды белгілеп, ұпайларын сабақтың соңында санайды және жеке мониторингтеріне белгілейді. Үлгермеген жағдайда үйге беріліп, келесі сабақта тексеріледі.
Екі технологияны интеграциялау барысында:
Бала өзін-өзі дамытуына білімнің жеткіліксіз екенін сезініп, білімнің қажеттілігіне
деген қызығушылығы артады.
Тақырыпты өз бетімен меңгеру кезінде, оқушы сол материалдардағы ұғымдарды,
Фактілерді есте сақтап, қайта айтып бере алады. Оқушының өз бетімен танымды қызмет жасауы оқу материалының қажетті минимум деңгейін меңгеруіне жағдай жасайды.
Түсіну деңгейінде кестені толтырып, өзінің алғашқы болжауы арқылы жазған
қорытындысымен салыстыра алады және нені үйренгенін, жіберген қатесін көреді, талдау жасайды. Түсінген оқушы мұғалімнің берген тапсырмаларын өз бетінше орындай алады.
Алған білімін рефлексиялауға, тұжырымдауға үйренеді. (бес жолды өлең жазу).,
Барлық оқушы өз деңгейінде жұмыс істейді, «Субъект-субъект» қатынасы
жағдайында өтіп, оқушы да белсенді қызмет жасайды.
Оқу процесінде оқушының денсаулығына зиян келмейді, оқушы жалықпайды,
«екі» аламын деп алаңдамайды, сыныпта орындай алған тапсырмасын үйде дайындала отырып орындауына мүмкіндігі бар. Жіберген қатесін өзі түзей алады. Оқушының өз бетімен жұмыс істеп, «Есепке алынбаған» деген бағаны қайта орындап, алдыға жылжуына мүмкіндік береді. Оқушының даму мониторингін құруға мүмкіндік береді және нәтижесін көре
аламыз.
Оқушы процесінің жарыс түрінде өткізілуі (Деңгейден деңгейге жету оқушылар үшін қызықты) бағалаудың жетелеушілігін арттырады.
Меңгерілмеген деңгейден өтіп отыру ынтаның, мотивацияның, белсенділіктің, білім мен білік дағдыларының өсуіне әкеледі.
Технологияларды пайдалану мұғалімнің де терең білімділігі мен біліктілігін, шеберлігін қажет етеді. Сондықтан бүгінгі мұғалім төзімді, шығармашылықпен жұмыс істеп, баланың дамуына жол ашатын тұлға болуы қажет.Қорыта келе айтарым: мұғалім жаңа технологияны тиімді меңгергенде өзінің интелектуалдық, кәсіби, адами, рухани дамуына көз жеткізеді, ал оқу үрдісінде жаңа технология элементтерін пайдалану – заман талабы. Мұғалім сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін пайдалана білуі оқыту процесін нәтижелі ұйымдастырылғандығын
сипаттайды.
Демек, әрбір ұстаз сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны
жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеп, педагогика саласындағы жаңалықтармен ұштастырса алға қойған
мақсатқа жетудің мағынасын көрсетіп тұрғандай. «Ешбір адамға білім алу мен жетілу беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы
тиіс.» деп Дистервег айтқан болатын.Сондықтан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл, жаңа педагогикалық ізденістер
мен идеялар қажет, педагог рөлін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрынғы педагог-информатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілуі
қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қисымова.Ә.Қ Педагогикалық технология 2007
2.Химия мектепте 2009№4,№6,2008 №6,2010 №2,№4
3.Биология және салауаттылық негізі 2007 №2,2010 №4,2005 №3
4.Мектеп 2010 № 1


