«ОҚЫТУДЫҢ ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы
№98 орта білім беретін мектебі
физика пәні мұғалімі

Рашова Роза Темирбековна

 

«ОҚЫТУДЫҢ  ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ»  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

 

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» , - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.

Білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңі – оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысатын өтпелі кезең. Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жетерліктей. Бұл – білім беруді жаңартудың негізгі қағидаларын білім берудің ізгілік парадигмасын іске асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру қағидаларын анықтайды.

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады. Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

           Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының талабы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру үрдісі үш кезеңнен немесе екі негізгі бөлімнен тұрады:

синектикалық

нәтижеге бағытталған

І кезең: мазмұнды меңгеруге дайындық кезеңі

ІІ кезең: Синектикалық кезең – оқушы білімді өз бетімен алуға дағдыланады

Ол үшін мұғалім тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, оқушылардың топтық жұмыстарының нәтижесінде олардың өз бетімен тақырыпты түсінуіне қолайлы жағдай туғызады. Соңында оқушылар өздері қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен бекітеді.

ІІІ кезең: Нәтижеге бағытталған бөлімінде бағалау құралы жаңа тақырыпты меңгеру үрдісі.

Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі технологиясының тиімділігі:

  •          Сынып оқушыларының жаппай жұмыс істеуіне әкеледі;
  •          Бос отырған оқушы болмайды;
  •          Ұйымшылдыққа тәрбиелейді;
  •          А, В деңгейіндегі есептер ғана шығарылмай, С деңгейіндегі есептерді шығаруға үйретеді.
  •          Үйреніп қана қоймай бірнеше тәсілмен шығаруға әрекет жасайды.

 

«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясын пайдаланып физикадан 7 сыныпта «Заттың тығыздығы» тақырыбында өткізген сабақ жоспарымды ұсынып отырмын:

 

Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға заттың тығыздығы туралы түсінік беру, білімді қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін өз бетімен танып, білуін жетілдіру, жеке тұлғаның жалпы қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды зейін қойып тыңдауға, теорияны практикамен ұштастыруға үйрету, еңбек тәрбиесін беру.

Сабақтың түрі:  аралас

Оқыту әдісі: өз бетімен жұмыс істеу

Оқыту формасы: сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту

Көрнекілігі: интерактивті тақта, формулалар

Сабақтың барысы:

І кезең

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй жұмысын тексеру (үйге берілген есеп тексеріліп, бағалау)

3. Өткенді пысықтау

  1. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?
  2. Мысалдар келтіріңдер.
  3. Масса дегеніміз не? Оның бірліктерін ата.
  4. Массаны қалай анықтаймыз?
  5. Есептердің шығарылуын тексеру.

 

4. Мақсат қою: Заттың тығыздығы деген не?

ІІ кезең

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі  массамына тең физикалық шаманы айтады.

       Зат тығыздығының бірлігі  үшін ХБЖ-да  кг/м3 алынады.

Дәптермен жұмыс

Тақтамен жұмыс

 

Сергіту сәті «Кім жылдам?» ойыны

ІІІ кезең

5. Деңгейлік тапсырмалар орындау

І деңгей

  1.       Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
  2.       Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?
  3.       Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?

ІІ дңгей

1.Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің массасын қалай есептейді?

2.Тығыздығы мен массасы бойынша дененің көлемін қалай есептейді?

3.Егер тығыздық г/см3-пен берілген болса,оны кг/м3-пен қалай өрнектеуге болады?

 

ІІІ деңгей

  1. Массасы 3 кг , ал көлемі 200см3 металдың тығыздығы қандай ?

2.Шойын шардың  125см3 көлемдегі массасы 800 кг. Бұл шар тұтас па әлде қуыс па?

3.Пішіні күрделі ыдыстың көлемін табу үшін оны өлшейді,сонан соң оны суға толтырып, қайта өлшейді. Сонда бос ыдыстың массасы 10 кг , суы бар ыдыстың массасы 20 кг болады. Судың тығыздығы 1000 кг/м3. Ыдыстың көлемін табыңдар

Сабақты қорыту

Бағалау. «Ашық журналдағы» балдарын есептеу, сынып журналына баға қою.

 Үйге тапсырма беру. :§32. 12-жаттығу. №4, №5, №6

Қорыта келгенде «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясының берер нәтижелері мынадай болады:

оқушыларда белсенділіктің, біліктіліктің жоғары деңгейі қалыптасады

оқу үрдісін басқарудың тиімділігі артады,

білім сапасы көтеріледі,

оқушыларға қолайлы жағдайлар жасалады,

дарынды оқушылар анықталады,

оқушы білімін бағалаудың әділдігі көрінеді

Пайдаланылған әдебиеттер:

 Ж.У.Кобдикова «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» нәтижеге бағытталған білім берудің тиімді механизмі.Алматы, 2009-11-03

2. «Физика және астрономия» 7-сынып оқулығы. Алматы «Атамұра», 2012

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру