Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 орта білім беретін мектебі
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Мендалиева Акнур Бакитовна
Баяндама тақырыбы:
СӨЙЛЕУ ТҮРЛЕРІНЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ
Шетел тіліне үйретудің ең маңызды тәсілі – ойындар. Ойын – мақсатты іс-әрекет. Ойын оқыту формасы және әдісі. Ойын өз алдына дидактикалық категория. Ойын – белгілі-бір білім, біліктілік, дағдыларды игеруге және оларды белгілі-бір мақсатта қолдана алуға үйретуге бағытталған. Ойын және оқытудың ойын түріндегі формасының мақсаттары әр түрлі.
Ойынның мақсаты – таза жарыс сипатында, яғни қандай да бір жарыс кезінде жеңу, мысалы, белгілі-бір балл жинау, команданың жеңуі.
Оқытудың ойын түріндегі формасының мақсаты – оқушыны іс-әрекетке тарту, білімді, біліктілік пен дағдыны және оларды қолдануға үйрету, сонымен қатар, бақылау және өзін-өзі бақылау.
Барлық оқу ойындарының үш негізгі сипаты бар:
- Тура дидактикалық әсер: мұғалім мен оқушы ойынға қатысушы командалардың бірінде болады;
- Мұғалім ойынға қатысады, ол жанкүйер немесе қадағалаушы;
- Аралас дидактиканың сипаты, мұғалім ойында жүргізуші ретінде қатысады, эксперт ...
Ойынның ең жай түрі оқудан басталады, ойынға үйретудің ойындық сипаты бар.
Оқуға үйретудің ойындық формасында екі дидактика жатыр. Ойнау үшін оқу керек, ал ойнау арқылы адам өзі үйренеді, өз бетімен тәжірибе жинайды.
Оқушыны «І Һаvе» структурасына үйрету негізінде ұйымдастырылған қос дидактикалық ойынды қарастырайық.
Оқыту процесі таза информативті, көрнекті түсіндіру сипатында мұғалім түсіндіреді, көзіне түрде көрсетеді, суреттейді, ережеге үйретеді және содан кейін мақсат қояды – материаллдық грамматикалық структурасын дұрыс игеру.
Алғашқы кезде оқушы барлық болып жатқан іс-әрекетке түсінбей қарайды; қателік жібереді. Ауызша көрсетілген дайындық оны іс-әрекетке үйретпейді, өз бетімен ойлануға, өз күшіне сенуге үйретпейді. Бұл жерде мұғалім теория мен практиканы ұштастыру керек: ол барлығын қайтадан түсіндіреді, көрсетеді, бірге орындауға тырысады, оқушыға осындай немесе басқа ситуацияда оның өзі қалай жауап беретіндігін көрсетеді. Оқушы мен оқытушының рөлдерін алмастырған жағдайда оқушы ойынды «шешуге болатын» проблемелар туындайды: ол сұрақ қоя бастайды, түсін беген жағдайда қайта сұрайды, яғни оқушының ойынға деген қызығушылығы ғана туып қойған жоқ, сонымен қатар, ол өз іс-әрекетін түсіне бастайды. Оқытушы мен оқушының бірге ойнауы ұйымдастыруды жоспарлайды және бірте-бірте проблемалық ситуацияны шешеді. Сонымен оқушы біліктілікті игереді, проблемалық ситуациялардың туатын кезін көре алады. Кейін оқу процесі жоғарырақ деңгейде өтуі мүмкін, яғни проблемалық ситуациялар көбейіп, олар өзінен-өзі шешіле бастайды, яғни оқушы проблеманы шешу жолдарын іздестіреді; бұл жаңа білім, жаңа проблемалар, тапсырмалар.
Ойынның қос дидактикасы мынадай жағдайда көрінеді, ойынның өзі проблемалық ситуацияларда «ең мықты император», өзі тапсырманы өзгертеді, өзі тапсырма тудырады, ал проблеманы көре білуге икемділігі, жеңіске жеткізеді.
Оқушы өз бетімен ойлауға икемдеседі, іс-әрекетке белсенді түрде қарап, мұғалімді түсініп, бірге жұмыс жасайды, ойындағы проблемалық ситуацияларды шешу мен жоспарлауда белсенділік танытады.
Орта мектеп дидактикасында оқуға үйретудің ойын формасының әр түрлі концепциялары қарастырылуда мұғалім ойын түрлерін білу керек, ойын әдісін меңгерген болу керек, ойынды оқушылардың жас ерекшелігін басшылыққа ала отырып таңдай білу керек.
Ойын – баланың дамуына жан-жақты әсер етеді. Ойын арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады: жалқау – еңбекқор, білмейтінді – білдіреді, қолынан келмейтінге үйретеді. Сиқырлы таяқ сияқты ол балардың ойынға деген көзқарасын өзгертеді. Ол коллективті жұмылдырады, белсенділікті артырады, көп сөйлемейтін, ұяң балаларды да іс-әрекетке итермелейді. Ойында оқушылардың саналылығы артады, ережені сақтауға үйретеді, іс-әрекетін бақылауға үйретеді, басқалардың іс-әрекеттерін дұрыс, шын бағалауға үйретеді.
Ойын арқылы адам өзін көрсете алады, өз күшін бақылайды. Ойынды өткізу кезінде адамның мінез-құлқын, әдетін, ұйымдастыру қабілетін, шығармашылық мүмкіндігін білуге болады, бұл мұғалімнің балалармен жұмысына көмектеседі.
Ойындар әр түрлі болып келеді, сюжетті, қимыл, еліктеу, ән және танып білу. Ойындардың барлық түрі керек, әр балаға өзінше пайдалы.
Ойын – эмоциалды сипатта болады. Ойнау белсенді ойлау жұмысын талап етеді, көңіл бөлуге және басқа адамдарды бақылауға үйретеді. Сонымен қатар, таланттарын, жақсы көңілді дамытады, баланы алда болуға, талпынуға, сыпайы, шыдамды, басқа адамдарды тыңдай білуге үйретеді.
Жаңа материалмен және оны бекіту, жаттықтыру кезінде ситуациялар саны көп болуы мүмкін, оқушылардыңң ойланып іздеу қабілетін жандандырады. «Барлығы араласып кетті» ойынында оқушылар топ-топқа бөлінеді. Қораптың ішінде аңдар, жиһаз, оқу құралдары және т.б. болады. Барлығы бір-біріне барып керек заттарын іздеп табулары керек, өз қораптарына салып, кім бірінші болып жинаса, қораптағы заттарын ағылшыншы атап, содан кейін бұл топ жеңімпаз болады.
Жаңа материалды енгізудің көп формасы бар. Олар әр түрлі болу керек. Материалды бекіту кезінде ойын формасын қолданған дұрыс.
Талқылап жатқан тақырып / проблема бойынша ештеңе айта алмау. Тілдік және сөздік құралдардың жетіспеуі.
Бұл проблеманы шешу үшін жеткілікті көлемде тілдік және сөздік жоспар жасау керек.
- Сөйлеу іскерліктерін дамытуға арналған сабақтар бұған дейін қалыптастырылған лексикалық және грамматикалық іскерліктерге сүйену керек.
- Лексикалық бірліктер мен грамматикалық структуралардан басқа оқушылар сөз тіркестерінің формаларын, жалғаулықтар, жауап қайтару репликаларын, т.б. білу және қолдана алуы қажет.
- Оқуға және тыңдап түсінуге арналған мәтіндерді дұрыс таңдап алу тілдік және сөздік іскерліктерді дамытуда үлкен рөл атқарады.
- Жаттығулардың мазмұндылығы және тілдік маңыздылығының үлкен тигізер септігі бар.
- Пән аралық байланыстарды ескеру шетел тілінде қарым-қатынас жасау кезінде практикалық тапсырмаларды орындауды жеңілдетеді.
- Вербальды және аербальды емес сүйеніш көрнекілігін қолданудың үлкен көмегі бар;вербальды (схема, таблица, конспекты және т.б.), вербальды емес (сурет, музыка және т.б.).
Оқушылар сөздік тапсырманы түсінбеген жағдайда оқытушы:
- Соңында монолог пен диалогтардың түрлері болатынын дұрыс түсіндіру керек;
- Сәйкес келетін сөздік ситуациялар құру шарттарын еске түсіру керек;
- Сөздік тапсырманы алдын-ала ойластыру;
- Өзіңді сынып оқушыларының орнына қою керек;
- Қажет болған жағдайда қосымша (сүйеніш) көрнекіліктерді дайындау (сурет, карточкалар, схема, жазылған оқушыға берілген рөлдер);
- Сынып оқушыларын рөлдерге, парталарға, топтарға шамаларына қарай бөлу керек және т.б.;
- Бір-біріне көмектесу мүмкіндіктерін естен шығармау.
Біреу сөйлейді, қалғандары үндемейді. Сабақта барлық оқушылардың шетел тіліне қарым-қатынас жасауға мүмкіндіктері болу үшін:
- Сабақта топпен және екеуара жұмыс түрлерін жиі қолдану;
- Сабақта ойындық ситуацияларды жасау бір адам ғана сөйлеп тұрған жағдайда да, қалған оқушыларды сабақтан тыс қалдырмау, олар басқа жұмыстар жасайды: тыңдайды, жазып отырады, көшіріп жазады, есептейді, сурет салады және т.б.;
Сабақта монологтық сөйлеу басым болған жағдайларда топтың басқа оқушылары үшін тапсырманы ұмытпау. Бұндай жағдайда мынадай ереже бар: «Әр оқушы сыныпта сабақ кезінде өзіне берілген тапсырманы білу керек, жұмыссыз, яғни тапсырмасыз отырмау керек»...[18]
Сөйлеуге үйретуді неден бастау керек? Сөйлеуге әдетте түптен басталады, дыбыстап айту іскерліктерін қалыптастыру, лексикалық, грамматикалық, тыңдап-түсіну іскерліктерін қалыптастыру. Оқытудың бастапқы сатысында бұл іскерліктерді қалыптастыру процесін бөліп-жару мүмкін емес. Оқытушы жаңа структурамен таныстырады: жаңа дыбыс, сөздер. Бұл структура бойынша оқушылар тыңдайды, оқытушы, диктордан кейін қайталайды, оқытушы және жолдастары арасындағы кішкене диалогтарда қолданады. Оқу ситуацияларында бұндай структуралар жеткілікті болған жағдайда, үлкен монолгтар мен диалогтарға ұластырады. Бұл оқытудың бастапқы сатыларындағы оқу материалдарында кездеседі. Сабақтағы сөйлеу шын мәніндегі сөйлеу болса, сөйлеуге, қарым-қатынас жасауға қатынасу үшін мотив (түрткі) керек. Сабақта
мұндай түрткі болу үшін сөздік ситуацияны құру керек. Сөздік ситуациялар реалды, шартты және проблемалыболып келеді. Сөйлеуге үйретудің алғашқы сатысында бұл өте қажет.
Тапсырма. Ағылшын тілін бірінші жыл оқып жатқан бастауыш мектептің оқушылары «Менің жанұям» тақырыбы бойынша мынадай сөздерді жаттап алған: әке, шеше, тәте, аға, әже, ата және т.б. Сонымен қатар, олар мынадай сұраулы сөйлемдер жасай алады: Сенің атаң бар ма? Оның жанұясы үлкен бе? Ол қай жерде тұрады? Бұл бала немес қыз ба? Жауаптарында олар құптау немес жоққа шығару түрлерін қолдана алады. Сөйлеуге үйрету іскерліктерін дамытудың алғашқы сатысындағы мына екі тапсырманы салыстырып,
қайсысы –
- сізге ұнайды және неге;
- тәрбиелік және танымдық мәні бар;
- реалды сөздік ситуация көбірек модельдейді;
- оқушылардың қызығушылығын туғызады;
- монологтың сөйлеуге де, диалогтың сөйлеуге де үйретуді дамытылған.
Жаттығу 1. Бір-біріңнен жанұяларың туралы сұраңдар.
Жаттығу 2. Ертегі кейіпкерлерін олардың жанұялары жайлы, қай жерде туғанын, тұратынын сұрау арқылы табу керек немесе ертегі кейіпкерін айтпай тұрып кейіпкердің жанұясы, туған елі туралы айту арқылы, оқушылар кейіпкердің атын атау керек.
Ауызша қарым-қатынастың монологтың, диалогтың формалары бар. Ауызша сөйлеуге үйретудің бұл түрлерін толығырақ тоқталайық.
Монологқа үйрету түрлері. Алдымен реалды қарым-қатынас кезіндегі монолог түрлерін анықтайық:
o амандасу;
o мақтау;
o лекция;
o әңгіме;
o мінездеме;
o суреттеу;
o айыптау немесе ақтау және т.б.
Мынадай ситуацияны қарастырайық: сыныпта сабақ тақырыптарының бірі «Менің қалам» оқытылып жатыр. Сөзбен жұмыс жасалған, грамматика түсіндірілген, мәтіндермен жұмыс жасалып, жаттығулар жасалған үй тапсырмасы ретінде оқытушы оқушыдан өзінің қаласы туралы айтып беруін өтінеді. Егер де оқытушы мынадай тапсырма берместен бұрын монолог түрлерін еске салып, ішінен сәйкес келетін бірнешеуін таңдап алса ...
Тапсырма. Бұл жағдайда монологтың қай түрін таңдап алушы едіңіз? Бұл тілдік тапсырманы қалайша анықтар едіңіз?
Келесі күні оқушылар орындалған үй тапсырмасымен келеді, ал сізге оны тыңдап бағалау қажет. Бұл үшін оқытушы монологтық сөйлеудің басқалардан қандай айырмашылықтары бар екенін білуі керек, сипатын анықтау керек.
Монологтың сипаты:
- тілдік (сөздік) тапсырмаға сәйкес келуі / мақсаттылығы;
- логикалық дұрыстығы;
- ойының аяқталуы;
- мәнерлілігі;
- өзіндік ерекшелігі.
Шынымен де, реалды (шын) өмірде монолог түрінде сөйлеу адам өзінің неге осылай айтатынын біледі, тек қана бұрын қажет болған жағдайда ғана, айтқысы келгенде ғана сөйлейді. Монологтың мақсаты тілдік ситуация арқылы анықталады: өтетін жері, уақыты, қатысатын адамдары және белгілі бір тілдік тапсырма. Сабақта барлығы кішкене басқаша болады. Ситуация құру керек, әйтпесе ең маңызды, ең бірінші монологтың сипаты, мақсаттылығы жоғалып кетеді, бұл белгілі бір мөлшерде басқаларын да анықтайды. Көзімізді жеткізейік. Бірнеше мысалдар келтіру арқылы, белгілі бір мақсаттың болуы мен болмауы, монологтың негізі сипаттарының жүзеге асуына әсерін тигізеді.
Мысал 1. Оқушылар мәтінді оқып түсінігін айтып беру керек. Монологтық сөйлеудің қай түріне жатқызар едіңіз? Неге? Бұндай монологтың мақсаты бар деп айтуға бола ма? Егер де жоқ болса, неге? Мақсаты бар – жақсы баға алу. Бұндай монологтық сөйлеудің негізгі сипаттамасына формальды түрде сәйкес келеді. Бұны шын мәніндегі сөйлеу деп айтуға болмайды, бұл шығарманың шын мәніндегі авторы тексттің авторы болып қала береді. Сөйлеу логикасын анықтау, мәнерлілігін таңдау автордікі болып табылады. Бұл жерде өзіндік ерекшелік танытатын, не және қалай айту керектігін, өзінің ойын дәлелдейтін автор. Бұл шетел тілі сабағында мәтіннің мазмұнын айтуға болмайды деген сөз емес. Бірақ мәтіннің мазмұнын айту лексикалық, грамматикалық іскерліктерді қалыптастыруға, оқып түсіну іскерліктерін қалыптастыруда тиімді. Егер де сөйлеу продуктивті сөз әрекетіне жатса, онда оны репродуктивті жаттығулар арқылы қалыптастыру дұрыс емес болар еді.
Мысал 2. Оқушылар мәтін оқып, қалауынша бірнеше тапсырма алды:
- мәтіннің мазмұнын кейіпкерлердің бірінің атынан айтып беру;
- мәтін кейіпкерлерінің біріне мінездеме беру;
- мәтін кейіпкерлерінің қылықтары мен көзқарастарын ақтау / айыптау;
- ойланып, әңгімедегі іс-әрекет қалай өзгеруге болушы еді, егер де ...;
- мәтіннің аннотациясын немесе қысқаша мазмұнын жазу;
- кейіпкерлердің іс-әрекеттерін салыстырып жазу, олардың қылықтарына баға беру және т.б.
Бұл жағдайда монологтың мүмкін түрлерін анықтауға болады. Жоғарыда ұсынылған тапсырмалар мәтінінің негізін қалай өзгертеді?
Оқушы қандай тапсырма алса да, бұл оқушы тарапынан жаттап алу емес, өзіндік ойын жеткізу, себебі ұсынылған монолог түрлері автордың мақсатын қайталамайды. Мақсаттылық – монологтың сипатын анықтау, логикасын, ойдың аяқталғандығын, өзіндік ерекшелігі мен мәнерлілігін анықтау. Оқушы өзінің тілдік шығармасын өзіне ғана тән қайталанбайтын шығармасын мәтіннің материалына сүйене отырып жасайды (жобасын жасайды, өнім шығарады), фактілер, сөздер мен іс-әрекеттерді басқаша түсіндіреді және т.б. Қажетті мәтіндердің тілдік және сөздік трансформациясын жасайды
Монологқа үйрету жолдары. Отандық методикада сөйлеуге үйрету іскерліктерін қалыптастырудың екі жолы көрсетіледі:
1) жоғарыдан төменге
2) төменнен жоғарыға
Бірінші жолы – оқылған мәтін бойынша монологтың сөйлеу іскерліктерін дамыту.
Екінші жолы – аталған іскерліктерді мәтінге сүйенбей дамыту. Әр қайсысын жеке-жеке қарастырайық.
«Жоғарыдан төменге» мәтінмен жұмыс істеудің түрлі деңгейлері бойынша монологтық сөйлеуге үйрету іскерліктерін қалыптастырудың жақсы жақтары бар:
Біріншіден, мәтінде тілдік ситуация жеткілікті көлемде беріледі, мұғалім сабақта ситуация ойлап жатпайды. Бұл жерде мәселе мәтінге сүйене отырып өз ситуацияларын құруы, берілген жаттығулар мен тапсырмалар арқылы аз ғана өзгеріс енгіізіп, өз ситуацияларында қолдана алуы. Мәтінге дейін оқушылар мини-монологтар жазады, мәтіннің мазмұны туралы айта келе тақырыбына тоқталады. Мәтінді оқып болғаннан кейін тапсырмалар әрі қарай жалғасады. Бұл жерде:
- оқылған мәтіннің мазмұнын түсінгендігін тексеретін сұрақтарға жауап беру;
- құптау немесе жоққа шығару;
- автор өзінің адамдарға, болып жатқан оқиғаларға, табиғатқа және т.б. ойын, қарым-қатынасын білдіретін етістіктер, сын есімдер, идиомалық сөз тіркестерін таңдау;
- дәлелдеу;
- мәтіннің бастапқы идеясын анықтау;
- сипаттау;
- мәтіннің қысқаша мазмұнын жазу, мәтінге аннотация құру, мәтінге сын-пікір жазу;
- мәтінді кейіпкердің атынан (зұлымның, бақылаушының, өсекшінің, журналистің және т.б) айтып беру;
- соңын басқаша аяқтау және т.б.
Екіншіден, сауатты түрде таңдалған мәтіннен көп мағлұматтар, жаңалықтар алуға болады.
Үшіншіден, түрлі жанрдағы аутенттік мәтіндерді тілдік және сөздік сүйеніш ретінде (опора) қолдануға болады, оқушылар өз сөйлемдерінде, ситуацияларында үлгі ретінде қолданады.
«Төменнен жоғарыға» монолог белгілі бір мәтінге сүйенбей жасалады. Оқытушы қандай жағдайда бұл жолды таңдайды.
1) оқытудың алғашқы кезінде, оқушылар әлі оқи алмайтын кезде;
2) оқытудың орта және жоғары деңгейлерінде, талқылап жатқан тақырып және проблама бойынша тілдік және мазмұндық деңгей жоғары болған жағдайда. Бұл жағдайда монолог белігілі бір мәтіннің материалына сүйенбей жасалады, ана тілінде немесе шетел тілінде оқылған немесе тыңдалған мәтіндер негізінде жасалады. Ереже бойынша, бұл жағдайда пәнаралық байланыстар сұрақты жалпы түсіну, жеке өзіндік қорытынды қолданылады. Қажетті монологтық сөйлеу деңгейі болу үшін оқушы төмендегі жағдайды ескеруц керек:
- берілген тақырып бойынша оқушыларда жеткілікті информациялық қор болу керек (пәнаралық қатынастарды қоса есептегенде);
- шетел тілінде берілген тақырыпта сөйлеуге тілдің деңгейі жеткілікті (лексикалық және грамматикалық);
- оқушылардың сөздік репертуарында (қажетті) кейбір сөздік функцияларды жүзеге асыратын қажетті қор бар (келісу, келіспеу, информация сұрау, беру және т.б.);
- оқушыларда тілдік іскерліктері бар (дискуссивті тәсілдер, сөз композициясы, әр түрлі сөйлемдерді байланыстыру тәсілдері);



