Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 орта білім беретін мектебі
химия- биология пәнінің мұғалімі
Өтебалы Кәмшат Садыққызы
Баяндама тақырыбы: Оқушының пәнге қызығушылығын қалай арттыруға болады?
Әрбір сабақтың мазмұнына оқушының ынтасын, қызығуын қалыпттастырып, дамытып отыру мұғалімнің міндеті. Оқушылардың пәнге қызығуын қалай арттыруға болады?
Озат мұғалімдер мен өз іс-тәжірибеміз оқушылардың пәнге қызығуын қалыптастыру және дамыту үшін мынадай талаптарды қажет ететінін көрсетті.
1. Оқушылардың бұрынғы қалыпттасқан білімдеріне қозғау салып, ғылыми-көпшілік әдебиеттерден оқу материалдарына байланысты жаңалықтарды пайдалану.
2. Оқушылардың пәнаралық білімін тиімді, әрі жүйелі пайдалану.
3. Демонстрациялық тәжірибелер жасау.
4. Оқу филімдерін көрсету.
5. Табиғаттқа немесе танымжорықтар жасату.
6. Оқушыларды үйірме жұмыстарына тарту.
Айтылған тәсілдерді сыңаржақты пайдалану оқушының қызығуын дамытуда тимімді нәтеже бермейді. Бұл тәсілдерді тимді пайдаланғанда ғана мақсатқа жетеміз.Мысалы 8-сыныпта биология пәнінен «Зәрдің түзілуі және шығарылуы»тақырыбын өткенде зәрдің құрамында химиялық заттар құрамын терең оқытуды көздедім және химия пәнімен байланыстырдым. Бүйрек арқылы ағзадан су, тұздар, зат алмаасудың кейбір қалдық өнімдері, бөгде заттар шығарылады.Өкпе – ағзадан көмірқышқыл газы, су, кейбір ұшқыш заттардың (эфир, хлороформның булары) шығарылуына қатысады. Ал ішектердің (тоқ ішек) сілемейлі қабықшасы арқылы қаннан өт пигметтері, ауыр металдардың тұздары (каьций) шығарылады. Адам зәрінің шамамен 96%-ы су, 1,5% –ы бейағзалық, 25%- ы ағзалық заттар болады. Сонымен бірге зәрде көп мөлшерде (хлорлы натрий), аз мөлшерде(сульфаттар, фосфаттар, калий, кальций, магний карбонаттары) кездесетіндігін түсіндірдім.
Биология сабағында тәхірибелік жұмысттар көрсетуге де болады. « Жүрек – қантамырлар жүйесін бақылау» зертханалық жұмысын дене шынықтыру сабағымен байланыстыра отырып әр түрлі қимылдар жасағандағы тамыр соғу жиілігінің өзгеруін көруге болады.
|
Ағзаның әр түрлі қалыпы |
Тамыр соғуындағы өзгерістер |
|
Тыныштықта 1-минутта соғуы |
80-90 |
|
10 рет тез- тез отырып тұрғанда |
100-110 |
|
10 рет тынбай секіргенде |
90-100 |
|
1 минут демалмай жүкіргенде |
120-130 |
Тәжірибеге қарап адам дене еңбегімен шұғылданғанда жүрекке күш түсетіндіктен, тамырдың соғуы жиелейді, бұлшықеттер қанмен қамтамасыз етіледі. Қан бұлшық еттерді оттегімен және қоректік заттармен байытады. Шыныққан адамның жүрегі қандай жұмыс істесе де көпке дейін шаршамайды. Денесі де ширақ, көңілді көтеріңкі болатындығын түсіндірдім.
«Адам денсаулығы және қоршаған орта» тақырыбындағы темекінің адам ағзасына зиян екеніне тәжірибе арқылы да көз жеткізуге болады.
Тәжірибе: темекіні тұтатып, пластикалық ыдысқа салып, қолмен сығындаймыз. Темекі түтіні ыдыстың ішіне толады, 1 дана темекі таушылғанша ыдыс іші көк түтінге толып тұрады. Мұнда резина түтік, резина тығын ауа кірмейтіндей тығыз жабылауы керек. Түтін сейілген соң ыдыс түбіндегі мақтаның сап-сары улы өкпеге де солай сіңетінін көрсетеді. Ыдыстың қабырғасын мақтамен сүрткенде смола тұрғаны байқалады. Темекі түтінімен өкпеде пайда болған туберкулез ауруын кестелі суретмен тәжірибені қорытындыладым.
«Асқорыту мүшелеріү астың мүшелерде қорытылуы» тақырыбын химия тәнімен байланыстыруға болады. Адам ағзасының бүкіл жасушалары мен ұлпалары оларға үздіксіз кенеулі заттардың келіп тұруына байланысты қалыпты қызымет атқаратын, дененің толысып өсетіні, соның арқасында адамның денсаулығы мықты, еңбектің қай түріне болса да қабілетті болатыны айтыла келіп, кенеулі заттарға көмірсу, ақуыз, майлар және минералды заттар мен дәрумендер жататыны, олардың адам ағзасына өсімдік және жануар текті азық-түліктерден әзірленген тағамдар арқылы түсіп, асқорыту жолында сілекейдің, қарын сөлінің, ішек сөлі мен олардың құрамындағы ферменттер мен гормондардыың әсерінен химиялық өзгерістерге ұшырал, майлардың- глицерин мен май қышқылына, көмірсулардың - глюкозаға, ақуыздың - амин қышқылына дейін ыдырап, құрлысы қарапайым заттарға айналып, қанға сіңірілуіне дейін асқорыту мүшелері мен тістің қызыметі арқылы жүретінін баяндадым.
«Дәрумендер» тақырыбын өткенде төмендегі кестені пайдаландым.
|
Дәрумен түрлері |
Азықтарда кездесуі |
Жетіспегенде пайда болатын аурулар |
1 тәуліктегі мөлшері |
|
С |
Жемістер,итмұрын, қарақат, тұздалған орамжапырақта |
Құрқұлақ |
60-100мг |
|
В1 |
Жармаларда, сүт өнімдерде, жұмыртқада,жемістерде |
Бери- бери |
2,3 мг |
|
В2 |
Етте, сүтте, көкөністерде, ашытқыда, жармаларда |
Дерматит, құрысқақ |
3-4мг |
|
В12 |
Бауырда,бүйректе,балықта, жұмыртқада |
Анемия(қаназдық) |
2-3мг |
|
К |
Бауыр, тамат, көкөністерде |
Қан ұйытпау |
0,2-0,3мг |
|
Е |
Көкөністерде, астық дәнінде, өсімдік майында,жұмыртқада |
Бедеулік |
10-20 мг |
|
Д |
Балық майында.бауырда, уылдырықта |
Мешел |
2,5мг |
|
А |
Бауырда, сүтте,жұмыртқа сарысында,сәбізде,өрікте, қызанақта,асқабақта |
Ақшамсоқырлық |
2,5-10,5мг |
Осындай кестені пайдаланып, оқушылардың биологиялық және химиялық білімін тереңдетуге болады. Егер оқушы оқу материалына ынталы, оны білуге құштар болса, онда уақыт тез өткендей болады. Ал, сабақ тартымсыз болса, оқушының сабақты қабылдауы нашарлап, уақыт созыла түскендей болады. Демек, оқушының оқу материалын тез қабылдауы,қызығуы оқу әрекетінің көрсеткіші бола алады. Оқушы оқу материалының мазмұнына, берілген сұрақтарға толық жауап бере алатын болса, онда оқу әрекетінің жоғары болғаны.
Пәнаралық байланысты жүйелі әрі тиімді пайдалану оқушылардың қызығуын арттыруға көмектеседі. Олай болса, оқушының пәнге қызығуын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіріп, дамытып отыру – оқыту үрдісінің тиімділігін артыратын тәсілдерінің бірі болмақ.



